279
Глюкуронидтік конъюгация – екі сатыдан тұрады:
1.
Глюкуронид-ферментті комплекстің түзілуі;
2.
Глюкурон қышқылын ерекше ферменттер-трасферазалар арқылы
комплекстен дәрілік заттарға тасымалдау.
Глюкуронидтердің түзілуі негізінен бауырда, аздаған мӛлшерде бүйректеі
асқазан-ішек жолдарында және теріде жүреді. Бірінші сатысы цитоплазмалық
ферменттермен, екінші сатысы микросомальдық трансглюкуронидазалармен
жылдамдатылады.
Глюкуронидтік конъюгацияға табиғи заттар – билирубин, стероидты
гормондар, Д витамині және ксенобиотиктер
дәрілер, улар
- фенол,
полифенолдар, стероидтар, ароматикалық аминдер ұшырайды.
Сульфаттық конъюгация – конъюгацияның бір түрі. Алдын ала
конъюгирленетін активті зат – фосфоаденозинфосфосульфат
ФАФС
немесе
аденозин-5
-фосфосульфат
АФС
түзіледі.
Бірінші сатысында конъюгат – ФАФС немесе конъюгат АФС түзіледі.
Екінші сатысында дәрілік заттардың эфирсульфаттары түзіледі.
Сульфаттық конъюгацияға белоктардың ішектегі шіруінен түзілген: фенол,
крезол, индол ,скатол және стероидтар, токоферолдар, нафтахинон қатысады.
Олар әуелі қанмен тасымалданып бауырға барады да сонда конъюгацияланады.
Ксенобиотиктер конъюгациялану үшін құрылыстары -ОН, -NН
2
топтары
бар циклді
карбоциклді немесе гетероциклді
болуы керек.
Кӛптеген заттар сульфаттық конъюгацияға ұшырау үшін олардың
арнайылық ферменттері болы керек, әйтпесе осындай құрылыстағы заттар
глюкурондық конъюгацияға қатарлас ұшырай береді.
Ацетильдік конъюгация – бұл реакциялардың бірінші сатысында ацетил-
КоА, ал екінші сатысында ацетилдің дәрілік заттарға берілуі жүреді. Ацетил-
К
О
А кӛмірсулардың, липидтердің, белоктардың ыдырауынан түзілетінін
білеміз. Ацетилденуге -NН
2
тобы бар табиғи заттар және ксенобиотиктер
қатысады. Ол негізінен бауырда, асқазан-ішек жолдарының шырышты
қабаттарында, кӛкбауырдың ретикоэн-дотелиалдық жасушаларында және
ӛкпеде жүреді. Ксенобиотиктердің ішінде ацетилденуге сулфанил-амидтер,
изоникотин қышқылының гидразидтері, анилиннің туындылары қатысады.
Пептидтік конъюгация – дәрілік заттардың белсенділіктерін жоюмен
сипатталады.
Амин
қышқылдарымен,
соның
ішінде
глицинмен
конъюгациялану ағза да ароматты және гетероциклді карбон қышқылдарының
метаболизмдерінде қолданылады. Глициндік конъюгат гиппур қышқылының
түзілуі деген атпен беріледі.
Глутатиондық конъюгация – глутатион кейбір ароматты және алифатты
дәрілік заттармен әрекеттесіп глутатиондық конъюгаттар және меркаптур
қышқылын түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: