Заттар алмасуыныѕ реттелуі



Pdf көрінісі
бет97/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   99
7.
 
Дәрілік заттардың биотрансформациялық сиыспаушылығы. 
Ағзаға екі немесе одан да кӛп дәрілік препараттарды енгізгенде олардың 
әсері ӛзгеруі мүмкін. Бір жағдайда олардың фармакологиялық әсерлері 
артады(синергизм), ал екінші жағдайда тӛмендейді, тіпті жоғалып кетеді 


280 
(антагонизм). Мысалы, скополамин орталық жүйке жүйесіне әсер етіп 
тыныштандыратын зат наркозға берілетін эфирдің әсерін күрт жоғарылатады. 
Адреналин кокаинның жергілікті анестезиялық әсерін ұзартады. Барбитол 
амидопириннің белсенділігін арттырады.
Кейбір Д
З
басқа препараттардың ағзада толық пайдаланылуын тудырады. 
Инсулин глюкозаның сүйек бұлшық еттерінде жиналуын, ал В
1
витамині 
ферменттер құрамына кіру арқылы тіндер мен ағза жасушаларындағы тотығуды 
арттырып, аурудың энергетикалық мүмкіндігін арттырады.
Кӛптеген жағдайда дәрінің әсерін артыру реакцияға қатысатын бір 
синергистің екінші заттың метаболизмінің ферменттерінің активтілігін 
тӛмендетуде. Мысалы, Р витамині адреналиннің әсерін оны тотықтыратын 
ферменттерден қорғау арқылы арттырады.
Физостигмин мен прозерин ацетилхолинэстераза ферментінің әсерін тежеу 
арқылы ацетилхолиннің әсерін арттырады. 
Антагонизм – синергизмге қарсы құбылыс. Енгізілген заттардың 
кӛрсететін әсерінен түзілген ӛнім мүлдем басқаша әсер кӛрсетеді.
Алкалоидтар мен илеуге қатысты заттардың үйлесуі алкалоидтардың 
реакцияларын тежейді, себебі олар бір-бірімен ерімейтін заттарды түзеді, 
сондықтан асқазан –ішек жолдарында сіңірілмейді. 
Кейбір жағдайда бір дәрінің әсерінің тӛмендеуі екіншісінің сол дәріні 
ӛзгертетін ферменттерді активтендіруінен болады. 
8.
 
Дәрілік заттардың метаболизмына әсер етуші факторлар. 
Дәрілік заттардың метаболизмына әсер етуші факторларды үш топқа 
бӛлуге болады: 
-
генетикалық; 
-
физиологиялық; 
-
сыртқы ортаның әсері. 
Генетикалық – кейбір жағдайларда дәрілік заттардың метаболизмі дұрыс 
жүруі үшін керекті факторлар немесе олардың жетіспеушілігі байқалады. Бұл 
туа біткен ауруларда және жасушалардың генетикалық аппараттарының 
мутанттық ӛзгерістерінен болады. 
Физиологиялық – бұған жас мӛлшері, жыныс айырмашылығы, тамақтану 
жағдайы, жүктілік, гормонның жағдайы және әртүрлі аурулар жатады. Жас 
балаларда фермент жүйесі әлі жетіле қоймаған, ал кәрілерде әлсіреген. Еркек 
егеуқұйрықтарда ұрғашыларына қарағанда дәрілердің метаболизмі тез 
ӛзгеріске 
ұшырайды. 
Дәрілік 
заттардың 
метаболизмдерін 
тежеуші 
механизмдерге: бәсекелес тежеу, биологиялық тотығу мен тотығудан 
фосфорланудың ажырауы, жасуша мембранасынң ӛткізгіштігінің ӛзгерістері 
жатады. Қайталап пайдаланғандағы дәрілік заттардың метаболизмінің артуы 
жасушалардағы ферменттер жүйесіне жекелей әсер етуге үйренуінен болады.
Жүкті кезеңде және әртүрлі ауруларды гормондардың әсер ету тепе-теңдігі 
ӛзгереді,сондықтан ферменттердің құрамы, активтілігі және дәрілердің 
метаболизмдері ӛзгереді. 


281 
Сыртқы ортаның әсері – стресс, радиацияның және әртүрлі бӛтен 
химиялық қосылыстардың әсерлері жатады. 
Стресс жағдайында жүйке, гормон, дәрілік заттардың алмасуының кенет 
ӛзгерістерін туғызады.
Радиацияның иондары жасушалардың мембраналарына, генетикалық 
аппараттарына әсер етуі арқылы дәрілік заттардың енуіне және метаболизміне 
әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет