Заттар алмасуыныѕ реттелуі



Pdf көрінісі
бет74/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   99
Байланысты:
3- биохимия каз

6.
 
Сҥйек тінінің ферменттері. 
Ферменттер арнайы және арнайы емес болып бӛлінеді.
Арнайы емес ферменттер
кӛптеген тіндерде кездеседі, мысалы ҮҚЦ 
ферменттері, альфа-амилаза, альдолаза, ЛДГ және т.б. 
Сҥйек тінінің арнайы ферменттері 
сүйек тініне тән қызмтетрід жүзеге 
асырады.
Сілтілі фосфатаза (СФ) – оның активтілігі остеоциттерге қарағанда 
остеобласттарда жоғары. СФ сүйек тінінің органикалық матриксін 
фосфорландырады, яғни сүйектің кристаллизация орталығының түзілуіне 
қатысады. Сынған сүйектің қалпына келуі (бітуі) кезінде, рахитте, 
гиперпаратиреозде қанда СФ-ң активтілігі артады. 
Қышқылдық фосфатаза (ҚФ) – остеокласттарда кӛп. Ол сүйектің 
резорбциясына (ыдырауына) қатысады. Бұл фермент қышқылдық ортада 
активті. ҚФ фосфат иондарын босатып шығару арқылы фосфор қышқылының 
органикалық эфирлерінің ыдырауын катализдейді.
Пирофосфатаза. Коллаген талшықтарының ізбестенуі тек осы фермент 
болғанда ғана жүзеге асады. Пирофосфат минерализацияны бәсеңдетеді, ал
пирофосфатаза пирофосфатты ыдырату арқылы минерализацияны күшейтеді. 
Лизосомалық ферменттер сүйек тінінің резорбциясына қатысады. Оларға
9 гидролаза: аминопептидаза, бета-глюкуронидаза, галактозидаза, АТФ-аза, 
коллагеназа, фосфоамидаза, нуклеотидаза, ҚФ жатады. 
7.
 
Сҥйек тінінің минералдық қҧрамы. 
Сүйек тінінің минералдық бӛлігін гидроксилапатит кристаллдары –
Са
10
(РО
4
)
6
(ОН)

мен аморфты кальций фосфаты - Са
3
(РО
4
)
2
құрайды. 
Гидроксилапатит кристаллдарының пішіні пластина немесе таяқша тәрізді 
болады. Бұл қосылыстың структурасы ӛзін қоршаған тіндік сұйықтықтарға 
иондарды оңай беріп, оларды ӛзіне сіңіре алуға бейімделіп құрылған. Аморфты 
кальций фосфаты Са
2+
және фосфат иондарының лабильді қоры деп есептеледі. 
Аморфты кальций фосфатының мӛлшері нәрестелерде кӛп, ал жетілген сүйекте 
кристалдық гидроксилапатит басым болады.
Сүйек тінінде магний кӛп, ол сілтілі фосфатаза, пирофосфатаза сияқты 
ферменттердің активаторы болып табылады.
Сүйек тінінде 30-ға жуық остеотропты микроэлементтер: мыс, стронций
мырыш, барий, алюминий, бериллий, кремний, фтор және т.б. бар. 
Кальций, магний, мыс, ванадий минерализацияға ықпал етеді. Бұл 
заттардың тапшылығы кезінде сүйек сынғыш келеді. Барий, алюминий, 
бериллий, стронций және мырыш пен марганецтің кӛп мӛлшері сүйектің 
декальцийленуіне әкеледі. Д витаминімен емдеуге келмейтін алюминий, 
бериллий, марганец, стронцик рахиттері сипатталған. Егер сүйекте 
радиоактивті стронций жиналса, ісіктің пайда болуына әкеледі. Стронций 
аппатиттері Са
9
Sr(РО
4
)
6
(ОН)

сүйекті сынғыш етеді.
Егер фосфор қышқылының бір қалдығы бикарбонат анионына алмасса, 
онда бикарбонатты апатит Са
10
(РО
4
)
5
НСО
3
(ОН)
2
түзіледі. Бұл жағдайда 


259 
гидроксилапатиттің ерігіштігі артып, сүйектің деминерализациясы жүреді. Егер 
ОН тобы фторға алмасса, онда фторапатит Са
10
(РО
4
)
6
Ғ
2
түзіліп, сүйек ӛте берік 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет