Үздіксіз білім беруде педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге даярлығын зерттеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет19/58
Дата07.11.2022
өлшемі3,93 Mb.
#48276
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58
Байланысты:
Ағылшын әдістеме

Тренд: 4) заманауи білім беру технологияларының құндылықты әлеуеті, 
өзге тілді білім берудің жаңа бағыттары мен әдістерін таңдай отырып, келесі 
аспектілерді қосып алады: 
– бейне-лекция, электронды оқыту және т.б. ресурстарды қолдану 
арқылы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру; 
– біліктілікті арттыру курстарының балл-рейтингтік және жинақтау 


29 
жүйелері мен қашықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы күндізгі-
сырттай оқыту түрлерін жүзеге асыру;
– өзгетілді білім беру мен біліктілікті арттыру жүйесіне аралас оқыту 
технологиясын (blended learning) ендіру; 
– білім бағдараламаларын жүзеге асырудың желілік түрін қолдану [70].
Тренд: 5) ғылыми-практикалық іс-шараларды өткізу (конференциялар, 
семинарлар, вебинарлар), сонымен бірге халықаралық көлемде іс-шаралар, 
олардың барлығы дидактикалық-әдістемелік жұмыстарды апробациялауға, 
таратуға және өзара алмасуға септігін тиігізеді. Мұғалімдер мен жас 
зерттеушілерді 
өздерінің 
зерттеушілік 
жұмыстарының 
нәтижелерін 
(жарияланымдарын) ұсынуға тарту ісі олардың кәсіби өзін-өзі жетілдіруінің 
белгілі бір факторы болады.
Тренд: 6) шетел тілі педагогтар/мұғалімдерінің құндылықты сипатын 
өзін-өзі анықтауы. Өзге тілді білім мамандарын ғылыми-әдістемелік жағынан 
қолдауды жүзеге асыру мен шетел тілдері мұғалімдері/педагогтар кәсіби 
қауымдастығының іс-әрекетін қамтамасыз ету және олардың өзін-өзі оқытуға 
мотивация жағдайларын құру, тиімді кәсіби іс-әрекетті қалыптастыру мен 
дамыту. 
Ұсынылып отырған «7ші бағыт-тренд» яғни, қосымша білім беру 
жағдайында шетел тілдері мұғалімдерінің кәсіби жетілдіру міндеттерін шешуді 
ғана көрсетіп қоймай, біліктілік арттыру курстары ғана қойылған міндеттерді 
шешпейтіндігін де көрсетеді. Сол мақсатта қатысу арқылы педагогтардың 
кәсіби шеберліктің жаңа деңгейіне жетуге мүмкіндік беретін алуан түрлі 
ғылыми-әдістемелік іс-шаралар өткізіледі.
Көптеген 
зерттеулерде 
(А.В. 
Даринский, 
Т.А. 
Кузнецова, 
Ю.Н. Кулюткин, В.Г. Онушкин, Г.К. Ахметова, С.З. Қоқанбаев, К.С. Мусин 
[71], Н.Д. Хмель [72] және т.б.) ғалымдар үздіксіз білім беруді қазіргі әрекеттегі 
білім беру мекемелерінің жүйесі ретінде қарастыра отырып, ондағы білім 
берудің мазмұны мен технологияларының сабақтастығын қамтамасыз ету 
мәселесін алға қояды. Олардың пайымдауынша, үздіксіз білім беру – бұл 
қоғамдық қажеттіліктер мен жеке адамның талап-тілектерін ескере отырып, 
оларға 
жалпы 
білім 
беріп, 
кәсіби 
даярлаудың 
мүмкіндіктерін 
қамтамасыздандыратын мемлекеттік және қоғамдық мекемелердің шынайы 
әрекеттегі жүйесі, ал бүкіл жүйе мен оның бөлімдері ұйымдастыру мен 
басқарудың нысандары болып табылады. 
Бұл анықтамада үздіксіз білім беру жүйесі тұлғаның өмір бойы түрлі 
білім мекемелерінде оқу мүмкіндігін қамтамасыз ететін және оған білімін 
өздігімен тиімді ұштастыруға мүмкіндік беретін білім беру жүйесін құрудың 
аса маңызды әлеуметтік-педагогикалық ұстанымы ретінде көрініс табады. 
Демек, қазіргі кезеңдегі үздіксіз білім берудің басты идеясы – тұлғаның өз 
өмірінде әрекет субъектісі ретіндегі тұрақты дамуы болып табылады. 
Бүгінгі қоғамда қалыптасқан жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайлар, әлемдік 
қауымдастықтың даму процестері мен білім беру жүйесінің даму дискреттілігі 


30 
үздіксіз білім беру мен оны басқару жүйесіне қатысты жаңа көзқарас пен 
тұжырымдамаларды қажет етеді. 
Үздіксіз педагогикалық білім беру ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының 
екінші жартысында пайда болып, бүгінгі күнге дейін, негізінен тек экстенсивтік 
тұрғыда шешімін тауып келді. Әйтседе мұндай мәселені экстенсивтік негізде 
қарастыру мұғалімге өз әлеуеттік мүмкіндіктерін толығымен пайдалануға 
мүмкіндік бере бермейді. Қарастырылып отырған үздіксіз педагогикалық білім 
беру жүйесі алғашқыда үздіксіз білім берудің құрамдас бөлігі ретінде 
ересектердің білім алуының жаппай дамуына байланысты пайда болды. Бүгінгі 
күні ол үздіксіздік пен үзіктілік, сабақтастық пен дискреттілік жағдайында 
қызмет етіп, дамып отырған біртұтас педагогикалық жүйе. Үздіксіз 
педагогикалық білім беру жүйесі – дискретті, күрделі, қарама-қайшылықты 
жүйе. Біз оны өз зерттеуімізде үш деңгейде қарастырамыз: біріншіден, 
мегажүйенің бір бөлігі ретінде (үздіксіз педагогикалық білім берудің мәнін, 
даму заңдылықтарын қарастыра отырып, оның жалпы үздіксіз білім берудің 
дамуынан бөлектеуге болмайды); екіншіден, ұйымдық құрылым ретінде; 
үшіншіден, мазмұндық құрылым ретінде. 
Сонымен бірге бұл жүйені үш түрлі ішкі жүйеге бөлеміз: кәсіпке дейінгі 
даярлық; көпдеңгейлі кәсіби білім беру (орта және жоғары кәсіби білім беру); 
кәсіби біліктілікті жетілдіру (1-сурет). 
Сурет 1 – Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесі 
Әлемдік экономикалық және қоғамдық дамудың қазіргі заманауи тұсында 
ең маңызды жаһандық мәселенің бірі білім берудің үздіксіздігі мәселесі 
орынды болып саналып отыр. Оның қандай саласы қарастырылса да, келесі 
сұраққа жауап беруге тура келеді – барлық адамға және үнемі білім алып отыру 
керек па, әрі ол білім қоғамға қажет па, жеке адамға ма? Қандай формулаға 
сүйенген жөн: «білім барлық өмірге» ма немесе «бүкіл өмір арқылы білім алу» 
ма? 
Үздіксіз 
педагогикалық 
білім беру 
жүйесі 


31 
Санаулы онжылдықтарда адамзат баласы әлеуметтік-мәдени мұраның 
жаңа түріне бет бұрды, оның шеңберінде басты болып бұрынғы дайын 
рецептіні меңгеру емес, бұрын болмаған таным мазмұны мен оны меңгеру 
тәсілін игеруге дайындық ісі алға шықты. Бұл парадокс адамның басты жоғары 
құндылықтары ретіндегі рухани, тәндік және кәсіби жетілуі үздіксіздігінің 
қажеттілігі мен адамның басымдықтарын сезінетін шығармашылық ғылыми ой-
пікірлерінің жетістіктерімен тез арада келіспеушілік салдарын тудырды. Орын 
алған еңбек нарығындағы бәсекелестік аса дайын, құзіретті мамандарға зәру 
етеді де, ал дайындығы, тәжірибелік дағдылары мен тәжірибесі жоқ, бірақ 
оқығандығы жөнінде құжаттары бар адамдардың өздерін қажетсіз етеді. 
Құзіретті (бәсекеге қабілетті) жұмысшылар мен мамандар жоғары еңбекақы, 
тұрақтылық пен еңбек іс-әрекетіне жоғары мотивацияны қамтамасыз ететін 
мекемелер мен өндіріс орындарын таңдау мүмкіндіктеріне ие болады. 
Әлеуметтік-экономикалық жүйе сияқты үздіксіз кәсіби білім беру өз 
алдына мемлекет пен мамандарға сұраныс беруші, білім беру қызметін 
жасаушылар мен осы қызметті тұтынушылар арасындағы экономикалық өзара 
қарым-қатынас, байланыстардың бірыңғай, тұтастай процесі. Бұл процесс 
адамның бүкіл өмірі іс-әрекетінің білім берушілік, өндірістік траекториясын 
қамтамасыз ететін оқу-ғылыми деңгейлері мен сатылары қатарынан тұрады 
және адамның еңбек нарығында әрі тұтастай мемлекетте бәсекеге қабілеттілігін 
сақтап тұру мақсатында жекелік, шығармашылық қабілеттерін дамытуға 
барлық жағдайларды жасайды. 
Білім беру жүйесінің дамуы – бұл өндірістік инфрақұрылымның дамуы
әрі оның жүзеге асуының циклдық сипаты білім беру процесінің де 
циклдылығын тудыруы тиіс. Білім беру процесі мен өндірістің үздіксіздігі 
үздіксіз өндірістік-білім беру біртұтас жүйелі ұйымдасқан мамандарды 
даярлаудың процесіне өсуі тиіс. 
Әлеуметтанушылық зерттеулер мынаны көрсетеді, яғни жұмыс 
берушілер (кәсіпкер) еңбек нарығында тек қана жалпы білімі бар және кәсіби 
білімі бар мамандарды ғана қажет етіп қоймай, ең алдымен кәсіби іс-әрекеті 
саласында белгілі бір немесе бірнеше салада нақты шеберліктері мен 
дағдылары барларын қажет етеді.
Үздіксіз кәсіби білім беру тұжырымдамасын өзектендірудің өте маңызды 
алғышарты ретінде демографиялық ситуацияның берілген осы кезеңдегі даму 
ағымдары, тенденциялары бой тартады. Негізгі демографиялық фактор болып 
қарт адамдардың санының өсуі табылады, бұл жағдай өз кезегінде әсіресе кіші 
шағын қалаларда, білімдер мен кәсіби дағылардың ескіру қарқынының артуына 
алып келеді. Қазақстан Республикасының экономикалық жүйесінің өзгеруіне 
орай жеке тұлғаның жалпы жаңа әлеуметтік сипаты мен жекелеп алғанда жаңа 
кәсіби жеке тұлғасы қалыптасады, бұл жеке тұлғаның кәсіби мансабы жүзеге 
асуы мен қалыптасуы процесінде оны ұстап қолдап тұру үшін үздіксіз білім 
берудің тиімді жүйесі құрылу қажеттігімен өзара шарттасады. 
Әрбір адам үшін үздіксіз білім оның танымдық сұраныстары, рухани 
қажеттіліктерінің қанағаттануы, нышандары мен қабілеттерінің түрлі 


32 
мекемелерде алуан түрлі оқыту түрлері мен формалары көмегімен дамуы және 
өзін-өзі оқыту, өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын қалыптастыру процесі болады. 
Жеке тұлғаның қалыптасуы кезінде Я.А. Коменский атап көрсеткендей, оның 
әлеуметтік-психологиялық пісіп-жетілу, өсу мен тұрақтану кезіндегідей, 
ағзаның қартаюы кезеңінде де орын алады.
Үздіксіз кәсіби білім беру жүйесі педагогикада келесі түсініктер мен 
құбылыстарды ашуға, қалыптастыруға мүмкіндіктер береді, олар: 
– 
білім беру мекемелерінің көпдеңгейлілігі; 
– 
білім бағдарламаларының сабақтастығы мен маневрлылығы; 
– 
оқытудың ұйымдастырушылық формаларының икемділігі; 
– 
білім беру құрылымдарының интеграциясы; 
– 
кәсіби мамандарды қайта даярлау; 
– 
ересектерді формальды емес сипатта оқыту. 
Кеңестік дәуір тұсында елде білім беру жүйесінің бөлігі монодеңгейлі 
болып келді десе болады, әрі ол 90-шы жылдарға дейін үстемдік етіп келді. 
Оқып білім алушы білім мекемесіне оқуға түсіп, белгілі бір аралық кезеңінде 
өзінің оқуын аяқтай алмады, оқыту бейінін өзгерте алмады, жеке-дара оқыту 
траекториясын таңдай алмады. Мұндай жүйе мамандарды жаппай даярлауға 
бағдарланған болды. Жаңа әлеуметтік-экономикалық ситуация осы әрекет 
етуші жүйеге оның барлық кемшіліктерін анықтай отырып, соққы әрекет етеді.
Білім беруді модернизациялау Тұжырымдамасы оның құрылымдануын 
және 
институционалды 
қайта 
құрылуын, 
оның 
мекемелерінің 
оңтайландырылуы, бастауыш, орта мен кәсіби білім беру интеграциясының 
түрлі үлгілерін жасауды және оның көпдеңгейлілігін қамтамасыз етуді де
қарастырады.
Көпдеңгейлі жүйеде көпсатылы сияқты аз ғана дәрежеде болса да білім 
беру компоненті кәсібиге бағынышты болып қала береді; кәсіби даярлық 
барлық білім беру процесін тесіп өтеді. Білім беру жүйесінде білім берушілік 
пен кәсіби компоненттер арасында оңтайлы қатыстылық мәселесі аса маңызды 
болады. Оны шешу үшін осы компоненттерді ажырату керек, олардың мазмұны 
мен мақсатын анықтау керек; бұл білім берудің көпдеңгейлі моделін, үлгісін 
жасауға мүмкіндік береді. Көпдеңгейлі жүйеге ауысудың орындылығын 
анықтаудың өзге де себептері де бар: жоғары оқу орнының міндеттерінің бірі 
ғылыми-ізденістік іс-әрекетке қабілетті адамдарды қалыптастыру мен ғылымды 
дамыту болады. Тіпті студенттің өзі маман бағдарламасы бойынша 
практикалық жұмыстарға дайындала отырып, ізденістік жұмыстардың 
тәжірибесі арқылы өтуі керек, міне сонда ғана ол шығармашыл жеке тұлға бола 
алады. 
Үздіксіз кәсіби білім өз алдына тәжірибеге оқытудың жаңа бағыттарын 
анықтайтын білім беру жүйесінің маңызды секторы болады. Бірақ, соңғы 
онжылдықтың әлемдік тәжірибесі жетекші елдердің адами капиталының 
дамуында үздіксіз кәсіби білім берудің даму рөлінің өскендігін көрсетеді, 
олардың бәсекелесті артықшылықтары мен инновациялық жетістіктері сөз 
етіледі.


33 
Айнала әлемде ситуацияның жылдам ауысуы үздіксіз білімнің 
қажеттілігін тудырады, әрі бұл арада осы құбылыс білім беру мекемелерінің 
алуан түрлерінің бірыңғай жүйесі деп емес, адамның бүкіл саналы өмірінің өн 
бойында созылатын өзін-өзі оқыту, білім алу арқылы адамның өзін жүзеге 
асыруы деп түсіндіріледі. Осындай әлемде өмірге бейімделу үшін адам тек қана 
білімін үнемі толықтырып отыруға дайын болып қана қоймай, шеберліктерін 
жетілдіріп отыруға және жиі жағдайда қайта жаттауға дайын болуы тиіс. 
Адамдар тобы үшін мамандық таңдау дискретті ғана емес, әрі көпактілі процесс 
болып та отыр. Мамандықты да кең тұрғыдан түсіну керек – іс-әрекет аумағы 
ретінде, ал тар мағынада – нақты «жұмыс орны» сияқты. Шағын қалалардағы 
білім беру жүйесінің ерекшелігі мынада болады, яғни аймақтағы түрлі 
деңгейдегі білімдік және мәдени мекемелердің интеграциясы, әлеуметтік 
инфрақұрылыммен тығыз байланыс біртұтас білім беру кеңістігін құруға 
мүмкіндік береді, ондағы түрлі деңгейлік өзара әрекет түрлі жастағы білім 
алушылардың қызығушылықтары мен қабілеттері дамуын білдіреді.
Осылайша, үздіксіз кәсіби білім берудің қалыптасуы өзара байланысты 
екі ағымға негізделеді: өндірістің аймақтық жүйесінің базалық даярлыққа 
енуіне, және керісінше оқытудың аймақтағы өнідірістік процесіне енуіне. Білім 
беру процесінің түрлі кезеңдері арасында шекараны өшіру ісі жүзеге асады. 
Әсіресе базалық дайындық пен біліктілікті арттыру арасында шекараны 
анықтау қиын болады. 
Үздіксіз кәсіби білім беру білім беру жүйесін дамытудың кезекті кезеңі 
болмайтындығы белгілі, ол тек ғылым, білім мен өндірістің интеграциясы 
процесінің құрамдас қажетті бөлігі ғана болады. Үздіксіз кәсіби білім берудің 
бірінші кезеңі бейіндік білім беру болуы керек, кәсіби өзін-өзі анықтау жеке 
адамның өзін-өзі жүзеге асыруы контексінен шықса ғана оның органикалық 
компоненті болады. 
Үздікіз кәсіби білімнің нормативтік моделі білім беру стандарттарының 
сабақтастығын ашады [73].
Бітіруші түлектердің бәсекеге қабілеттілігін екі бағытта бағытталған 
даярлықты жүзеге асыратын бейіндік білім беру қамтамасыз етеді: кәсібиге 
дейінгі (бастауыш және орта кәсіби білім берудің жекелеген бағыттары) және 
фундаментальді теориялық (жоғары кәсіби білім берудің пропедевтикасы). 
Орта кәсіби білім беру ерекше әлеуметтік және экономикалық 
маңыздылыққа ие болады: орта кәсіби білім беру мекемелері айналасына өзге 
білім мекемелерін қосып алып, білім беру-әдістемелік және мәдени-
ағартушылық орталықтар функциясын атқарады, сөйтіп көпфункционалды 
білім беру мекемелері ретінде бой тартады, түрлі бағдарламаларды жүзеге 
асырып қана қоймай, қосымша білім берудің кең спектрін де ұсынады 
(біліктілікті арттыру, мамандарды кәсіби қайта даярлау, жұртшылықты 
қызметпен қамту органдарына көмек көрсету үшін жеке даярлық, курстар мен 
семинарлар ұйымдастыру түріндегі ықпал ету түрлері және т.б.), мектеп 
оқушыларының кәсіби бағдарлануын жүзеге асыратын ғылыми-әдістемелік


34 
ғылыми-ізденістік пен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жасау және 
мамандарды даярлау бейіні бойынша өндірістік іс-әрекет.
Бастауыш және орта кәсіби білімнің білім беру мекемелерінің аймақтық 
жүйеге ену процесі кезектес, мақсатты бағытталған саясатты тек қана 
мемлекеттік емес, аймақтық деңгейде жүргізуді талап етеді. Ол үшін ең 
алдымен түрлі деңгейдегі органдармен келісімшарттар, меморандумдар жасау 
жүйесін дамыту керек және де аймақтық басқару органдарына білім беру 
мекемелерінің іс-әрекетіне мамандарды даярлауға аймақтық сұраныс 
қалыптастыру жолымен, көпдеңгейлі кәсіби мамандар даярлауды жүзеге 
асыратын интеграцияланған білім мекемелерінің моделін ендіру арқылы кең 
мүмкіндіктер беру қажет. 
Елдер арасындағы экономикалық, саяси және мәдени байланыстардың 
нығайып дамуымен, ақпараттық процестер мен бұқаралық ақпарат 
шараларының жаһандануына орай шетел тілдері статусының артуы, шетел тілі 
педагогтарына қойылатын заманауи талаптар мен оларды даярлаудың 
модернизациясы қажеттілігін анықтайды.
Кәсіби жоғары білім берудің заманауи стандарттары шетел тілі 
педагогтарының даярлығы нәтижесіне бірқатар талаптар қатарын ұсынады, 
олар - өндірістік-тәжірибелік, ғылыми-әдістемелік, ғылыми-ізденістік және 
ұйымдастырушылық-басқарушы іс-әрекеттерді жүзеге асыруға қажетті 
жалпымәдени, жалпыкәсіптік және кәсіби құзіреттердің жиынтығын меңгеру 
болады. Жоғары оқу орны түлегінің құзіретті үлгісі бір жағынан оның еңбек 
нысандары мен заттарымен іс-әрекет жасауын байланыстыратын біліктілікті 
қамтиды, екінші жағынан – білім беру процесі нәтижелеріне пәнаралық 
талаптарды бейнелейді. Жоғары оқу орындары түлектерінің өзгетілді және 
әдістемелік даярлықтары нәтижелерінің кәсіби құзіреттер құрамына енуі 
оларды өзгетілді білім беруде заманауи ағымдарды ескере отырып, 
лингвоәдістемелік даярлық жұмыстарының теориялық және тәжірибелік 
мәселелерін өзекті ете түседі.
Жоғары кәсіби үздіксіз білім беруді модернизациялаудың заманауи 
мәселелеріне төмендегі авторлардың ғылыми жарияланым еңбектері дәлел 
бола отырып (В.И. Байденко, С.Я. Батышев, В.А. Болотов, Э.Ф. Зеер [74],
Я.И. Кузьминов, Г.В. Мухамедзянова, Н.Н. Нечаев, Ю.Г. Татур, А.В. Хуторской 
[75], В.Д. Шадриков [76] және т.б.), жоғары оқу орны түлектері сапасын 
бағалауда құзіреттерді қолдану жеке тұлғалық бағытталған оқытуға маңызды 
ойысуды және білімнің іс-әрекеттік және мәдени құрамдарын жүзеге асыруға 
бағыттай отырып, жоғары оқу орнының оқу процесінде интеграция мен 
дифференциация механизмдері әрекетінің мағыналы бірлігін қамтамасыз етеді. 
Жоғары оқу орнының оқу процесі барысында бакалавр да, магистр да 
ағылшын тілдерін оқытуға даярланады. Диссертацияда «педагог» түсінігін 
қолданамыз, әрі ол түсінік мағыналық мазмұнда түлектің лингвистикалық білім 
алуы- шетел тілдерінен білім беру, оқыту ретіндегі басты жұмыс бағытын 
бейнелейді.


35 
Үздіксіз білім беруде институционалды аспекті де (оқыту, білім берудің 
мазмұны мен оны ұйымдастырудың түрлі кезеңдер мен деңгейлердегі 
сабақтастығы) әрі оның жеке тұлғалық аспектісі де жүзеге асады (яғни, білім 
беру оқыту процесі барысында педагогтың кәсіби жеке тұлғасының үздіксіз 
дамуы). Шетел тілі педагогтарының үздіксіз дайындығын қамтамасыз ету оның 
іс-әрекетінің көпфункциялылығымен, өзге тілді білім беру саласындағы 
динамикалық өзгерістердің молдығымен, өзгетілді коммуникативті және 
әдістемелік құзіреттерді үздіксіз жетілдірудің қажеттілігімен байланысты 
болып туындап отыр.
Заманауи зерттеулерде кәсіби үздіксіз білім жаңаша кәсіби аса маңызды 
ақпаратты меңгеруге жағдайлар жасауға, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін 
қалыптастыруға және оқып-білім алушының өзіндік дамуы мен жалпы дамуына 
арналған, әрі студенттер санасында болашақ кәсіби іс-әрекетінің тұтас 
картинасын құруға бағытталған (М.Г. Андреева [77], Л.Н. Анцыферова [78], 
Е.П. Белозерцев, А.В. Гвоздева,
Б.С. Гершунский және т.б.) күрделі процесс деп 
қарастырылады.
Зерттеушілердің негіздемелі пікірлеріне орай өзге тілді коммуникативті 
құзіреттіліктің қалыптасуы білім беру ісі мен оқытушының «әдістемелік 
даярлығының өзегін құрайтын негізі» болып табылады (Н.Д. Гальскова, 
Н.И. Гез, И.А. Зимняя, Е.И. Пассов, Е.Н. Соловова және т.б.). Бұл тұжырым 
өзге тілді және әдістемелік даярлықтың интеграциясы үшін, оны «шетел тілі 
оқытушысының лингвоәдістемелік даярлығы» деген оның мағыналылығын 
мойындауда негіз болады. Тәжірибе келесіні көрсетіп отыр, яғни шетел тілінің 
коммуникативті функциясын студенттер, педагогтар кәсіби іс-әрекетті 
көпфункционалды феномен ретінде әдістемелік таразылап саралағанша 
табыстырақ сезініп әрі меңгеретін болады. Бұл едәуір дәрежеде кәсіби даярлық 
мазмұнының жалпы көлемінде лингвистикалық пәндердің басым болуымен 
байланысты болады, енді бір жағынан себеп болып шетел тілі оқытушысының 
лингвоәдістемелік даярлығында оқу пәндері интеграциясының кәсіби-
дамытушы әлеуетін жеткіліксіз қолданудан болады [34, с. 38; 79].
Жоғары білімнің деңгейлік жүйесін енгізу педагогтың лингвоәдістемелік 
даярлығын оның үздіксіздігі көзқарасы тұрғысынан, студенттерді шетел 
тілдеріне және оны оқыту әдістемесіне оқыту процестерімен өзара байланысы 
тұрғысынан, оқытушының кәсіби іс-әрекеті мен оның жоғары оқу орнына 
дайындығы барысындағы шетел тілдерін оқыту әдістемесінің жүйе құраушы 
рөлі жөнінде қарай отырып, осы мәселе бойынша зерттеуге жаңа күш береді.
Ғылыми жарияланымдар мен зерттеулерге жасалған талдау мынаны 
көрсетеді, яғни ғалымдардың назарын педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге 
даярлаудың түрлі аспектілері қызықтырады. Жалпы теориялық мәселелер, 
әдіснамалық құзіреттілікті қалыптастыру жайы, оқытушының әдіснамалық 
мәдениеті, оның әдістемелік ойлауы мен әдістемелік рефлексиясы келесі 
авторлар еңбектерінде қарастырылады (Т.Б. Алексеева, О.С. Анисимов, 
А.Г. Асмолов, Н.Е. Кузовлева, С.В. Кульневич, Ю.Н. Кулюткин [80], 
О.Е. Лебедев, Н.Ю. Посталюк, Г.С. Сухобская, және т.б.). Біздің жұмысымыз 


36 
үшін теориялық тұрғыдан маңызды болып педагогтардың кәсіби құзіреттілігі 
мен тілдік құзіреттілігі тұрғысынан дайындық мәселесі табылады 
(О.А. Абдуллина, И.А. Ильин [81], Н.В. Кузьмина [82], А.К. Маркова [83], 
Г.В. Мухаметзянова, В.Г. Онушкин, М.Н. Скаткин [84] және т.б.). 
Осы уақытқа дейін әдістемелік даярлық, әдістемелік шеберлік, 
әдістемелік құзіреттіліктерді анықтауға қатысты бірлік жоқ; оқытушының 
лингвоәдістемелік даярлығының заманауи әмбебап үлгісі де құрылмаған. Ал 
осы кезде зерттеуде ғылыми қайнаркөздерге жасалған теориялық талдау шетел 
тілі педагогтарының үздіксіз лингвоәдістемелік даярлығы мәселесі үшін 
жалпытеориялық базистің бар екендігін көрсетеді.
Педагог/оқытушының даярлығы саласында тілдік іс-әрекеттің алуан 
түрлеріне және тілдің аспектілеріне оқытудың әдістемелік құзіреттілігін 
қалыптастыру мәселелерін және өзге тілді білім беруде білім алушылардың 
жеке тұлғасын дамыту мәселелері бойынша едәуір көлемді ғылыми зерттеулер 
орындалған. Өзгетілді кәсіби даярлық мәселесін зерттеуге байланысты 
педагогтардың кәсіби құзіреттілік құрамына кіретін жалпы түсінік қалыптасты, 
әдістемелік құзіреттілік түсінігі мен мазмұны анықталды (К.Э. Безукладников, 
И.Л. Бим, Е.И. Василенко, Ю.В. Еремин, И.А. Зимняя, Т.Э. Кочарян, 
Г.В. Рогова, В.В. Сафонова, В.П. Фурманова, С.Ф. Шатилов, Н.В. Языкова, 
S. Andrews, E. Gatbonton және т.б.). Педагогтардың кәсіби іс-әрекетіндегі негізгі 
басты маңыздылық келесі түсінік-ұғымдарда өз бейнелерін тауып отыр, 
айталық 
«кәсіби-әдістемелік 
құзіреттілік» 
ұғымында 
(Е.Н. Соловова), 
«студенттердің әдістемелік даярлығы» (Н.А. Горлова), «әдістемелік шеберлік» 
(Е.И. Пассов, Н.В. Языкова), әрі бұл түсінік-ұғымдар біздің осы зерттеуіміздің 
басты 
түсініктік 
алаңына 
енеді. 
«Лингвоәдістемелік» 
және 
«лингводидактикалық» құзіреттілік түсініктерінің енгізілуі, әрі белсенді 
жасалуы лингвист-педагогтың жоғары білімі теориясы мен тәжірибесінде 
теориялық жағынан аса маңызды болып отыр (К.Э. Бнзукладников, 
Е.С. Глазырина, М.А. Мосина [85], О.А. Руделева,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет