Үздіксіз білім беруде педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге даярлығын зерттеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет20/58
Дата07.11.2022
өлшемі3,93 Mb.
#48276
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   58
Байланысты:
Ағылшын әдістеме

 
Н.Е. Синичкина,
 
Э.Г. Тен, 
М.Х. Шхапацева [86], О.А. Никитенко, [87] және т.б.). Ғылыми 
жарияланымдарда бұл түсініктерге берілген сипаттамалар ағылшын тілі 
педагогтарының кәсіби жеке тұлғасы бойында өзге тілді және әдістемелік 
даярлық 
нәтижелерінің 
интеграциясын 
мойындауға 
бағдарлайды. 
Педагогтардың кәсіби-әдістемелік даярлығы саласындағы зерттеулер оқытудың 
рефлексивті сипаты жөнінде, студенттердің субъектілі екендігі туралы және 
дидактикалық интеграция мен дифференциация жайлы ғылыми ұғымдардың 
дамуына септігін тигізді (Н.Д. Гальскова, А.В. Гвоздева, Е.Н. Соловова, 
Т.М. Фоменко және басқалар). Өзгетілді білім беруде заманауи көзқарастардың 
жүйеленуі орындалды (А.Н. Щукин) [88]; интеграцияның типтері сипатталды 
(O.A. Митусова), оның ішінде билингвиалды білім беру контексінде 
(Н.Д. Гальскова, Н.Ф. Коряковцева, H.H. Нечаев және т.б.).
Педагогтардың өзгетілді білім мен әдістемелік даярлығындағы 
дифференциацияны қарастыратын ғылыми еңбектерді талдау жұмысы оқыту, 
білім беру ісінің бейінділігі, деңгейлілігі, аспектілігі, кезеңділігі, вариативтілігі 


37 
мәселелерімен байланысты қарастырылады. Зерттеушілер интеграцияны оқу 
пәндеріне қатысты алауыздықты жою тәсілі ретінде, студенттердің бойында
кәсіби іс-әрекет туралы тұтастай ұғымды тудыруда қиындықтарды 
болдырмаудың және заманауи жағдайларда кәсіби-әдістемелік дайындықты 
оңтайландыру тәсілі ретінде қарастырады. Маңыздысы интеграциялық 
процесстер ғылыми білімнің бірігуі ағымына жауап береді де, білімнің 
дамуының ұзақ мерзімді болашағын анықтайды. Бұған дәлел – оқу пәні жайлы 
дәстүрлі ұғымды ауыстыратын, орнына келетін дидактикаға «білім саласы» 
деген түсініктің енуі болады және интеграцияға маңызды дидактикалық түсінік 
пен болашақ ағылшын тілі педагогтарының әдістемелік даярлығы сипаттамасы 
статусын береді.
Әрі осы кезеңде келесіні аса ескеру керек, яғни өзге тілді білім беруде 
интеграция проблемасы осы мәселеге арналған еңбектерде ұсынылғанға 
қарағанда аса қиынырақ және кеңірек, әрі тек қана интеграцияланған оқу 
курстарын жасауға әкеліп соқпайды. Әрине, интеграцияланған оқу курстары 
студенттердің білімдерінің жүйелілігі мен мықтылығына негіз құрайтын 
ағылшын тілі педагогтарының біліміндегі «пәнге бағытталушылықты» 
толығымен ауыстыра алмайды, ол өз кезегінде олардың кәсіби құзіреттілігінің 
негізі болады. Осыған орай, ағылшын тіліне оқытудың интеграциясы мен 
дифференциациясының динамикалық тепе-теңдігін құруға қадамдар жасалады, 
жекелеп алғанда берілген қарама-қайшылықтарды тұтас интегративті-
дифференциалды бағытта біріктіру арқылы (А.В. Гвоздева).
Лингвистикалық білімдегі интеграция мен дифференциацияның 
өнімділігін негіздейтін ғылыми еңбектерді зерттеу жұмысы келесі мәселені 
констатациялауға алып келді, яғни ағылшын тілі педагогтарының үздіксіз 
лингвоәдістемелік дайындығында интегралды-дифференциациялық бағыттың 
жағымды әлеуеті толығымен анықтала қоймаған, бұл өз кезегінде осы мәселені 
ары қарай ғылыми зерттеу үшін ашық әрі, қол жетімді етеді.
Қазіргі таңда түрлі лингвистикалық білімдік деңгейдегі шетел тілдері 
педагогтарын максималды тиімділікте даярлаудың жолдары белсенді түрде 
қарастырылуда (Н.Д. Гальскова, А.В. Гвоздева, К.С. Махмурян, Е.И. Пассов, 
Г.В. Рогова, Е.Н. Соловова, Н.В. Языкова [89], Е.А. Тарева [90], А.Н. Щукин 
және т.б.). Лингвистикалық білімнің үздіксіздігі проблемасына басты акцент 
жасай отырып, зерттеушілер білімге қарасты «бүкіл өмір бойына» деген білімге 
заманауи таңда мықты сүйенеді, кәсіби-әдістемелік шеберліктерді дамытуға 
бағытталған шетел тілдерін оқыту әдістемесі үшін көпдеңгейлі бағдарламалық 
және оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етудің нұсқаларын ұсынады.
Ресейдің 2003-ші жылы және Қазақстанның Болондық процеске және 
жоғары білім берудің Еуропалық кеңістігіне енуі жоғары оқу орындарының 
кәсіби даярлықтың сапасына жауапкершілігін күшейтуін талап ете отырып, 
шетел тілдері педагогтарын даярлау тәжірибесінде бұрынғы ескіріп қатып 
қалған таптаурынды көзқарас-бағыттарды қайта қарап, таразылаудың 
қажеттігін ескертеді, заманауи таңдағы шетел, ағылшын тілі педагогтарының 
үздіксіз кәсіби лингвоәдістемелік даярлығын жүзеге асырудың практикалық 


38 
жолдарын теориялық негіздеуден тұратын және жалпы әдіснамалық негіздеме 
құрайтын ғылыми тұжырымдаманың қажеттілігін өзекті ете түседі. Ағылшын 
тілі педагогтарын даярлаудың қалыптасқан тәжірибесінде қарама-қайшылықтар 
қалыптасты, олардың ішінегі ең негізгілері мыналар:
– педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге даярлаудың тиімді жүйесіндегі 
кәсіби лингвистикалық білім берудің қажеттілігі мен оны құрудың теориялық, 
әдіснамалық және технологиялық негіздерінің жеткіліксіз жасалуы арасында;
– дәстүрлі әдістемелік даярлық тәжірибесі мен құзіреттілік көзқарас 
ұғымында бейнеленген жекелеп алғанда «лингвоәдістмелік даярлық» ұғымдары 
арқылы бейнеленген педагогтардың кәсіби сапасына заманауи таңдағы 
талаптардың жиынтығы арасында»;
– 
ағылшын 
тілін 
меңгеруге 
педагогтардың 
түрліше 
кәсіби 
құзіреттіліктерін қалыптастыру саласындағы ғылыми мәліметтердің едәуір 
жиынтығы мен оларды үздіксіз даярлық тәжірибесінде қолданудың бірыңғай 
тұжырымдамасының жасалмауы арасында; 
– кәсіби лингвистикалық білім беру дифференциациясы мен 
интеграциясының жағымды әлеуеті жайлы ғылыми білімдердің базисі мен 
ағылшын тілі педагогтарының үздіксіз лингвоәдістемелік даярлығы жүйесінде 
жалпы әдістемелік, жеке ғылыми (дидактикалық) пен тәжірибелік (әдістемелік) 
принциптерінің тұтастай жүзеге асуының жеткіліксіз анық болмауы арасында;
– ағылшын тілін меңгеруге педагогтардың кәсіби даярлығы тәжірибесінде 
орын алған «пәнге бағытталғандық» пен тілді үздіксіз меңгеру даярлығы 
мазмұнында интегративті-дифференциалды көзқарасты жүзеге асырудың 
педагогикалық механизмдерінің жеткіліксіз жасалуы арасында. 
Көрсетілген қарама-қайшылықтар зерттеу проблемасының келесі 
мазмұндағы тың өзектілігін анықтайды, ол: педагогтың ағылшын тілін меңгеруі 
мен даярлығы жүйесін көпдеңгейлі кәсіби лингвистикалық білім беруде 
құрудың ғылыми-теориялық негіздері қандай?
Үздіксіз білім беру жүйесінде педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге 
даярлығының тұжырымдама мәселесінің өзектелуі төмендегілерді білдіреді:
– заманауи педагогтардың даярлығының жоғары сапасын анықтайтын 
факторлар мен жағдайларды талдау, анықтау және ескеру; 
– үздіксіз білім жүйесінде педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге 
даярлығының ұйымдастырушылық-институционалды және жеке тұлғалық 
аспектілерінің мәнін анықтау; 
– педагогтың кәсіби жеке тұлғасын қалыптастыру мен дамытуға септігін 
тигізетін 
жүйе 
ретіндегі 
үздіксіз 
интегративті-дифференциалды 
лингвоәдістемелік 
даярлықтың 
деңгейлерін, 
ұйымдастырушылық-
дидактикалық жағдайларын, технологиялары мен әдістерін зерттеу [91]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет