76
пән бойынша білікті мамандарға деген қажеттілікті күшейте отырып, олардың
әдістемелік даярлықтарының тұтастай жоғары лингвистикалық білім беру
жүйесінде модернизациялауының қажеттілігімен шарттасады. Жоғары білімде
педагогтарды
модернизациялау
процестері
отандық
білім
берудің
модернизациясы жайлы жалпы тұжырымдарға, яғни құжаттарға негізделіп
сүйенеді.
Білім беру ісін модернизациялау идеясын жасау және оның бейнесі
заманауи ғылыми басылымдар мен нормативті құжаттарда оның жоғары білім
саласында жүзеге асуының жолдары мен бағыттарын, мәнін түсіну үшін база
құрайды.
Қазақстан
Республикасының
білімін
2025
жылға
дейін
модернизациялаудың
Концепциясында баяндалғандай, ол құжат әрі қарай
өзінің жалғасына «Қазақстандық білім-2020» стратегиясында және соңғы
жылдардағы білім жайлы нормативті құжаттарда ие болып дамыды. Білім
берудің модернизациясының мәні оның үнемі жаңарып отыруын қамтитын
даму механизмдерін игеру деп түсініледі. Білім беруді модернизациялау
мәселелеріне арналған жарияланымдарда модернизациялаудың мәнін ашатұғын
өзекті түсінік-ұғымдар заманауи білімдегі
проблемаларды шешуде жетекші
бағыт бола отырып, әрі мәнін ашады, олар-
сапа мен инновациялылық
ұғымдары [139] және т.б. Әрі зерттеушілер назарға білімнің әлеуметтік, жеке
тұлғалық, дамушы мағынасы тұрғысынан қарайды.
Педагогтардың әдістемелік даярлығының
мәденилілігі логикалық
тұрғыдан білім институтының өзімен шарттасады. Мәдениет пен білімнің
байланыс-қатынасы өте күрделі және көпжоспарлы сипатта болып келеді, әрі
түрлі аспектіден қарастырылады. Біздер тек қана педагогтардың ағылшын тілін
меңгеруге кәсіби әдістемелік даярлығы жүйесін концептуалды жүйелеуге
тікелей қатысты мәселелерді қарайтын боламыз.
Тарихи қалыптасқан көзқарастардың бірінің мәні мынада, білім өз алдына
мәдениеттің «қалпын, бейнесінің көшірмесі» және басты мақсаты қайта
жаңғыру болады. Мұндай көзқарас С.И. Гессеннің жұмыстарында өте айқын
берілген. «Мәденет каталогына» автор ғылым, өнер, адамгершілік, дін, заң,
мемлекеттілік, шаруашылық пен техниканы қосады. Олар мәдени қоғамның
өмір мақсаттары ретінде де алға шығады. Бұл мақсаттар, С.И. Гессеннің
айтуынша, яғни білімнің мақсаты мынада: «Білім мен мәдениет арасында нақты
сәйкестік бар. Білім ерекше
бір нәрсе, индивидтің мәдениеті секілді» [140].
Жеке
тұлғаның
мәдениетінің
қалыптасуы
белгілі
ғалымдар
көзқарастарына сай жаңа жүзжылдықта білім саласындағы бірден бір негізгі
міндеттің біріне айналып отыр; мәдениет осы кезде өзін-өзі ұйымдастыру мен
өзін-өзі дамыту шарты ретінде бой тартады (М. Каган және т.б.). Бұл контексте
заманауи білім беруде бірінші жоспарға жеке тұлғанң функционалды
мәдениетін қалыптастыру мәселесі шығады, әрі ол келесі жайтқа дәлел болады,
яғни «жеке тұлға үнемі белгілі бір фундаментальды мәдени білімдердің
жиынтығын меңгеріп қана қоймай, оларды кәсіби-еңбек, қоғамдық-саяси,
рухани аумақта, отбасында, сауықта, қарым-қатынаста және өзімен өзі жалғыз
қалғанда тиімді түрде оны жүзеге асырады» [141].
77
Жоғарыда айтылғандардың негізінде біздер келесі қорытындыға келеміз –
үздіксіз әдістемелік даярлық жүйесінің мәдиенеттілігі принципі негізінде келесі
ғылыми көзқарастарды қолданған заңды болады: білімнің мәдени контексте
дамуы жалпы, ал оның құрамдасы әдістемелік даярлық жеке ұғым-түсініктер,
педагогтардың лингвобілім алуы барысындағы кәсіби жеке тұлғасының дамуы
мен әдістемелік даярлығының қайнар көзі әлеуметтік мәдени даму екендігі
жайлы, әрі оның жеке тұлғасының құндылықты-мағыналық анықталуы
мәселелері.
Білім беруді әлеуметтік-мәдени тәжірибенің саласы деп, ал
оның
әдістемелік даярлығын педагогтардың тұтастай кәсіби лингвобілім алуы
жүйесіндегі күрделі жүйеасты екендігін білу әрі оның әлеуметтік ортамен
көптеген өзара әрекетте болуы аса маңызды диссертация мәселесіне ерекше
зейін қоюға алып келеді. Мұндай алғышарттардың қатарына аса маңызды деп
біздер келесілерді жатқызамыз:
Жаһандану процесі елдегі тіпті әлемдегі барлық әлеуметтік-мәдени
тәжірибеге ықпалын тигізе отырып, индивид өзін және білім жүйесі өзін
индентификациялайтын қауымдастықтардың кеңеюінде байқалады. Берілген
процестің мәні педагогикалық мәдениет пен білімдік процестердің жабықтығы
мен тұйықталуын жеңуге, диалог үшін мүмкіндіктердің кеңеюін, өзара әрекет
етуге ашық болып, өзара бірін бірі толықтыруға дайындығын білдіреді.
Педагогикалық ғылымда жалпы ал,
шетел тілдеріне, ағылшын тіліне оқыту
әдістемесі жекелеп әдіснамалық маңызды болып «вариативтілік» және
«көпқырлылық» түсініктері ие болады. Идентификациялық ортаның алуан
түрлі болып өсуіне орай және жаңа мүмкіндіктердің пайда болуы барысында
адам өзі алған білімдері, яғни құндылықтарға сүйенеді. Нәтижесінде жеке
алғанда шетел тілдерін оқып меңгеру нәтижесінде қалыптасатын мәдени
идентикалылықтың жиынтығы арқасында өзін көпжақты идентификациялай
алатын адамның даралығының жаңа мазмұны қалыптасады, оның ішінде –
кәсіптік білім де кіреді. Бұл жиынтықтың компоненттерінің едәуір бөлігін
әдістемелік даярлық алады.
Заманауи кезеңдегі қоғамның әлеуметтік-мәдени дамуының айрықша
ерекшелігі – ақпараттық өркенниетті дамуға ауысу.
Ақпараттық өркенниет
әрбір адамның шығармашылық бастауы едәуір артатын жағдайда ғана орын
алады. Бұл әлеуметтік қажеттілік жоғарыда аталған ағымдарды бейнелейтін
қазіргі таңдағы білімнің реформалануының ерекшеліктері мен міндеттерін
түсінгенде байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: