9)«Сурет сал» Мақсаты: Ырықты зейінді қалыптастыру
Нұсқау: «Алдымен балаға қағаз бен түрлі-түсті карандаштар береміз. 10 үшбұрыштың суретін бір қатарға салғызамыз да, балаға мынадай тапсырма береміз. Алдымен берілген тапсырманы мұқият тыңдап ал. Мына суреттегі 3-ші 6-шы және 9-шы үшбұрыштарды қызыл бояумен боя, 2-ші және 5-ші үшбұрыштарды жасыл түспен боя, ал 4-ші және 8-ші үшбұрышты көк түспен боя, ал енді осы айтылған бойынша үшбұрыштарды бояуға кірісейік»
10)«Іздеп тап» Мақсаты: Зейінділік пен байқампаздықты жаттықтыру
Нұсқау: «Үш үлестірме қағазда әртүрлі суреттер салынған. Суретте салынған заттардың саны бірдей болғанымен, басқа суретте кейбір заттар жоқ, ал бір заттар екі суретте де салынған. Ол қандай заттар? Міне, осы заттарды тап
11)ҒАЖАЙЫПТЫҢ СИҚЫРЛЫ ОРМАНЫ Мақсаты: Эмпатия сезімін дамыту.
Нұсқау: Қазір біз түрлі ғажайыптар болатын ғажайып орманға айналамыз, онда әрқашан да жақсы және жағымды. Ұстаным бойынша 2 топқа бөлінеміз:
«Орман» — «Бау» деген 2 қатарға тұрамыз. Біздің қолдарымыз бұтақтар, бұл бұтақтар орманнан өткен адамның басынан, қолынан, арқасынан сипап аялайды. Ал енді әрқайсысыңыз осы ғажайып орманнан өтіңіздер.
Талдау сұрақтары: 1.Орманнан өткенде қандай сезіндіңіз, топ қатысушылары сізге әсер етті ме?
2.Ағаш болған кездегі, сіздің сезіміңіз?
3.Жаттығуға дейінгі және кейінгі жағдайыңызды айтып беріңізші?