Зейінді дамытуға арналған жаттығулар



бет3/4
Дата28.03.2023
өлшемі24,89 Kb.
#77061
1   2   3   4
5)«Алақан шапалақтау»
Мақсаты: Бала зейінін тез аударуға қабілеттілігін және тез бөлінгіштігін дамыту.
Нұсқау: «Мен қазір сіздерге әртүрлі сөздер оқимын, ал сіздер осылардың ішіндегі тірі табиғатты бейнелейтін сөздерді оқығанда алақандарыңды шапалақтап отыруларыңыз сұралады.» (топпен)
6)«Рұқсат етілмейтін түстер»
Нұсқау: «Алдымен мені мұқият тыңдыңыздар! Қазір мен сіздерге сұрақтар қоямын, ал сіздер жауаптарын баған бойына тез жазып отырасыздар, және де бұл ойынның барысында мына 2 ережені есте сақтауымыз керек:

  • Ойын барысында ақ және көгілдір түсті айтуға рұқсат етілмейді.

  • Бір түсті екінші рет қайталауға болмайды.

Сонымен ойын шартына түсінсек ойынымызды бастайық
1.Шөптің түсі қандай?
2.Аспанның түсі қандай?
3.Күнбағыстың түсі
4.Түймедақтың (ромашка)
5.Күзде жапырақтың
6.Құрбақаның түсі
7.Қардың түсі
8.Теңіздің түсі
9.Күннің түсі
7)«Рұқсат етілмейтін қимыл»
Мақсаты: Баланың зейінінің тұрақтылығын дамыту
Нұсқау: «Балалар,қане бәріміз түзу тұрып маған назар аударыңыздар. Қазір мен қолыммен түрлі қимылдар жасаймын. Ал сіздер осы қимылдарды мұқият қарап отырып,менің артымнан қайталап отырыңыздар. Бірақ мына шартты ұмытпаңыздар; қолыңызды төмен түсіруге болмайды. Мен қолымды төмен түсіргенде,сендер жоғары көтеріңіздер. Кім қателесіп менімен бірге қолын төмен түсіріп қойса,сол ойыннан шығады.» (топпен)
8)«Көзбен сана»
Мақсаты: Белсенді зейінді,оның шоғырлануын қалыптастыру
Нұсқау: «Алдарыңыздағы суретке мұқият, зейіндеріңізді салып қараңыздар.Бұл суретте дөңгелектер мен қосу таңбасының суреттері бейнеленген. Ал енді мұқият болыңыздар? Саусақтың немесе карандаштың көмегінсіз әр қатардағы қосу таңбасы мен дөңгелектің санын,содан соң қосу таңбасының санын есептеп шығып, жанына жаз»
++ 0 0 + 0 +++ 00 + 0 +
0 + + 000 + 0 + 00 ++
+ 0 + 0 ++ 0 + 00 + 00 + 0
+ + + 0 + 0000 + + 0 +
+ 0 + 00 ++ 0 + 00 + 0
+ 00 + + 00 + 00 + + +
000 + 0 + 0 + + 000
+ 0 + + 0 + + 0 + 00 ++


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет