Зейінді дамытуға арналған жаттығулар


Шарты: Шағын өлшемдегі әртүрлі фигурлар тақтаға салынып беті жабылып қойылады. Балалар дәптерлері мен қаламсаптарын дайындайды. Жүргізілуі



бет2/4
Дата28.03.2023
өлшемі24,89 Kb.
#77061
1   2   3   4
ШартыШағын өлшемдегі әртүрлі фигурлар тақтаға салынып беті жабылып қойылады. Балалар дәптерлері мен қаламсаптарын дайындайды.
Жүргізілуі: Мен қазір фигураларды тақтаға саламын. 1,2,3, деп санап мен сендерге тақтадағы фигураларды көрсетемін. Мен беске дейін санап бұл фигураларды қайта жауып қоямын. Сіздердің міндеттеріңіз – фигураларға зейін салып қарап есте сақтау.
2)Дыбыстық жаттығу
Мақсаты: Дыбыстық гимнастикамен таныстыру, рух пен дененің тынығуы.
Дыбыстық жаттығуды бастамас бұрын, өзімізді бірқалыпты, жайлы сезінеміз, тік тұрамыз, арқамызды тік ұстаймыз. Алдымен мұрнымызбен терең дем аламыз, ал дем шығарғанда дыбысты қатты, әрі қуатты етіп шығарамыз.
Келесі дыбыстарды «әндетіп» айтамыз:
«А» — барлық ағзаға жайлы әсер береді;
«Е» — қалқанша безге әсер етеді;
«И» — миға, көзге, мұрынға, құлаққа әсер етеді;
«О» — жүрекке өкпеге әсер етеді;
«У» — асқазан маңындағы ағзаларға әсер етеді;
«Я» — барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;
«М» — барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;
«Х» — көңіл-күйді көтеруге әсер етеді.
3)«Ауа, жер, су» жаттығуы
Нұсқау: жеткіншек қолындағы допты кез-келген қатысушыға лақтырып, «СУ,ЖЕР, АУА» стихияларының бірін айтады. Допты қағып алған қатысушы аталған стихияда тіршілік ететін жануарды атап, допты келесі қатысушыға басқа стихияны атап лақтырады.
Ескерту: жануарлар қайталанбауы тиіс.
4)«Корректуралық байқау»
Мақсаты: Жазылған әріптер мен сандарға талдау жасауға үйрету және ішінен керегін таба білуге үйрету арқылы зейіннің тұрақтылығын және концетрациясын дамыту.
Нұсқау: Қағаздағы әріптер мен сандардың жиынтығына мұқият назар аударайық. Сендердің тапсырмаларың-әріптер мен сандардың жиынтығын мұқият,әрі шапшаң қарап отырып оның ішінен «а» әріпі мен «2» санын сызып шығыңыздар
8 а б в г д 4 ж з е 2 а т у н о л 9 с т у ф ғ ы ю а т о 2 я 3 с 2 и о м 6 а б в г д 2 у м л и к а л 2 м р т 4 с н ж с т 2 а 5 и 6 м н 2 с э е т у о 2 л с у а х ғ ы я 0 л а 5 е п и а б 6 р ы 2 р о 8 л б а 7 г л п а 5 ж р 8 н г ы 2 з щ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет