Зейнолла Сұлтанов Қуаныш Тұяқбаев Қанат Шеңгелбаев Бақытжан «МӘдени мұРА» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес 4



Pdf көрінісі
бет23/99
Дата06.01.2022
өлшемі1,94 Mb.
#12226
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   99
6. ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

(Айса Байтабынұлы нұсқасы)

...Қыдырбай түсті көреді.

Құлтай құлға келеді,

Еңіреп қоя береді.

Қыдырбай сонда не деді:

—Әй, құрдасжан, құрдасжан,

Менің де көрген түсім бар,

Түсімде көрген ісім бар.

Ақмаңдайым келіп жүр,

Бір жолбарыс, бір сұңқар 

Емшегін Ақмаңдайдың еміп жүр.

Үйімнің оң жағына қарасам,

Ер қаруы—бес қару,

Босағама ілінді,

Құлаған жүгім жиылды.

Шаңырағымда төрт бүркіт көрінді,

Бұл не болар, құрдасжан?!

Сонда Құлтай сөйледі:

—Бұл түсіңді жориын,

Шамам келсе қориын.

Тілегің Құдай бергені,

Көзіңнің жасын көргені.

Ақсұңқар мен жолбарыс—

Ұл мен қыздың болғаны.

Төбеңдегі төрт бүркіт—

Тумай тұрып балаңның

Әруағының қонғаны...

* * *


...Қобыланның қарындасы Аққолаң

Жатыр еді ұйықтап,

Ұйықтап жатып түс көрді.

Түсінде әжептәуір іс көрді,

Көтеріп басын алады,

Кемпірге қарай толғады,

Толғаудың басын қозғады:



204

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

—Келмейді жаңғыз адам-ай,

Жаңғызым еске түскенде,

Күйемін де жанамын,

Байқадың ба, анам-ай.

Менің көрген түсімде,

Түсімде көрген ісімде,

Құбладан қара дауыл қаптады,

Бөтенді Құдай сақтады.

Ұзын арқан таққанмын,

Жуан қазық қаққанмын.

Арқаным қалды үзіліп,

Қазығым қалды омырылып,

Үлкен үй қалды жығылып.

Шаңырақ сынды үзіліп,

Саба қалды тілініп,

Керегеге ілініп.

Тоғайдан қашқан түлкіні

Қара төбет алып жүр,

Бұлқылдатып шалып жүр.

Сонда кемпір сөйледі,

Сөйлегенде не деді:

—Бұл түсіңді жориын,

Жақсылыққа қориын.

Құбладан қара қаптаса,

Көкеңнің үйге келгені,

Тілекті Құдай бергені.

Ауылдың үсті шаң болып,

Үлкен жиын той болып,

Қара дауыл дегенің—

Жұрттың бәрі қаптай шапқаны.

Қазық қақтым дегенің—

Жеңешеңді алғаны.

Ер қазығы әйел ғой,

Арқандалып қалғаны.

Арқан қалса үзіліп,

Қазық қалса омырылып,

Тентек неме есер,

Келіншек көргенде,




204

205


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

Кеткені ғой қызығып.

Тоғайдан қашқан түлкіні

Қара төбет алғаны,

Қызыл түлкі дегенің—

Аққұртқаның болғаны.

Қара төбет дегенің—

Қалашының итіндей

Көкең болғаны,

Жеңешеңді алғаны...



7. ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

(Ережеп Тілеумағамбетұлы нұсқасы)

...Қыдырбай сонда сөйлейді,

Сөйлегенде не дейді:

—Бүгін мен бір түс көрдім,

Түсімде қандай іс көрдім?

Бірі лашын, бір бүркіт,

Қолыма қонған құс көрдім.

Көлденең жатқан су Жайық,

Суға жүзген қу қайық,

Қамалап келіп қасыма,

Батасын берді қол жайып.

Айтпаймын сөздің қатасын,

Түзей ме деп ойлаймын

Қыдырбай шалдың сапасын.

Көрдім тағы түсімде

Биік ағаш шақасын.

Тауып алдым сол жерден

Оңқай майлы қошқардың

Қорғасын құйған сақасын.

Бірі лашын, бір бүркіт

Қолымда тұрып талпынды,

Талпынып тұрып жемседі.

Жер жүзіне көз салып,

Қанатты қағып шарқ ұрды.

Судағы жүзген суыр мен



206

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Киік пенен құландар,

Қасқыр, түлкі, жыландар—

Бәрі келіп жиылды.

Бес жыланды бір жеді,

Алты бөріні жайратып,

Аспанға қарап шарлады.

Кетіп едім сандалып,

Әуре болып тіл алмай.

Өзің ойлап білмесең,

Әуре болдым, кемпірім,

Тірідей жерге кіре алмай.

 Сонда кемпір сөйледі:

—Айналайын үй кісім,

Оңға айланған екен бұл түсің.

Үңіліп едім жолыма,

Бірі лашын, бір бүркіт—

Екеуі қонса қолыңа,

Түсің жақсы ұқсайды,

Бір нәрсе тап болмаса сорыңа.

Бірі лашын, бір бүркіт—

Екеуі қонса қолыңа,

Екі перзент көрерсің,

Көріп дәурен сүрерсің.

Балаң атқа мінгенсін,

Беліне қару ілгенсін,

Дұшпанға табан тірерсің.

Өртеніп күйіп жанарсың,

Қолыңда бүркіт не болар,

Абайлаймысың шамасын?

Қолыңда бүркіт желіксе,

Қанатын қағып желіксе,

Суда жүрген суыр менен

Тоғайда жүрген бұландар,

Қасқыр менен жыландар,

Бәрі келсе қасыңа—

Ол балаңның соңында

Жүрген жаман адамдар,

Бәрін де жеңіп тамамдар.




206

207


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

Алты бөріні бір жесе,

Алты шері қалмақтың

Қаласын шауып келтірер.

Бес жыланды бір жесе,

Бес ханменен қас болып,

Бәрін қоймай өлтірер...

* * *


...Сол күні Алшағырдың бәйбішесі Қобыланның қалаға 

келгенін біліп түс көреді екен. Алшағырдың алты баласы бар 

екен, соған көрген түсін шешесі айтып тұрған екен:

—Әй, балдарым, түс көрдім,

Түсімде жаман іс көрдім.

Күндізім болды қараңғы,

Көрмедім шыққан күнімді,

Түспенен шықтым түнімді,

Көзім таң мезгілінде ғана ілінді.

Ортасынан қасқайып,

Қақ маңдайым тілінді.

Есіктен кіріп келді де,

Кесіп алып жоқ етті

Сөйлеген қызыл тілімді,

Өшірді сөйтіп үнімді.

Және бір көрген түсіміз,

Бір қабағы қалың қара үлек,

Қаладан асып төбесі,

Бізге асып қарады.

Қорыққанынан жүрегім

Әлі лүпілдеп барады.

Бұл бір ақыл ой екен,

Қаланың іші қой екен,

Қойға бір көк жолбөрі кіріп жүр,

Бүліктіріп қырып жүр.

Қырық еркек қойым бар екен,

Бұған да тамам барып жүр,

Бұны өлтіріп салып жүр.

Алты бағлан қозым бар екен,



208

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Алты жерде жарып жүр.

Ай мүйізді ақ қошқарым бар еді,

Оған дағы барып жүр,

Тамағынан шалып жүр.

Жабағысыз көк саулық—

Бұл елеусіз қалып жүр.

Шешең түсті көріп жүр,

Бір жығылып тұрып жүр.

Бұл түсім шайтан болмаса,

Елімде дұшпан толып жүр.

Баласы сонда сөйледі,

Сөйлегенде не дейді:

—Әй, анамыз, анамыз,

Біз де сенің балаңыз,

Бұл сөзіме қараңыз.

Мен түсіңді білмеймін,

Аман болар қалаңыз,

Ашылмағай арамыз.

Аққұртқаны атам алар деп,

Ортаға төсек салар деп,

Күндестігі құрысын,

Қадірсіз басым болар деп.

Өтірік түсті көргенің,

Өтірік айтып жүргенің,

Осы ма сенің білгенің,

Жақсы емес пе өлгенің?!

Бұл түсіңе нанбаймын,

Сөзіңе құлақ салмаймын,

Сөзіңді қабыл алмаймын.

Сонда анасы сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:

—Жалған айтар мен емес,

Мені қылма келемеж.

Қобылан келсе үстіңе,

Сенен қорқар ер емес.

Бұл айтқаным болмасын,

Ісімді Құдай қолдасын.

Қабағы қалың қара үлек—




208

209


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

Қара қыпшақ Қобыланның

Әруағы болмасын.

Тас қараңғы күн болып,

Һәркім білмес жол басын.

Қаланың іші қой дегенім—

Көп аламан болмасын.

Қойға тиген көк бөрі,

Қобыланды батыр болмасын,

Бүліктіріп қырмасын.

Келе салып Қобыланды ер

Ақырзаман салмасын.

Қырық еркек қой дегенім—

Атаңыздың қасында

Қырық уәзір болмасын,

Қырық жерде қырмасын.

Алты бағлан қозы дегенім—

Алты балам болмасын,

Алты жерде жармасын.

Ай мүйізді ақ қошқар дегенім—

Тақта атаң болмасын,

Тақ үстінен тайратып,

Нар бурадай жайратып,

Кәллесін кесіп алмасын,

Бұл айтқаным болмасын,—деп,

Түсін айтып болады,

Тыңдалмай сөзі қалады...

8. АХМЕТБЕК-ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ

...Патша айтты:—Мынау менің көрген түсім, 

Әуелі мазмұнына өзің түсін, 

Түсімде алтын жиған сарайыма 

Барыппын жалғыз өзім болып ісім.

Толтыра бір табағын салып алып, 

Ұстадым нақ төбеме бір оңдысын. 

Көшені сол бойыммен араладым, 

Әлі жоқ қасыма ерген жалғыз кісім, 

14-0185



210

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Бір-екі жолбарысқа қарсы шықтым, 

Көрмеген өмірінде бұрын түсін. 

Өзіме екеуі де қарсы ұмтылды,

Ашумен шақырлатып қайрап тісін. 

Шыдамай айбатына қайта қаштым, 

Денеден көрген кезде кетіп күшім. 

Төгіліп ділдәм қалды топыраққа, 

Басымнан аспанға ұшты қара құсым. 

Дамылсыз сонан бері ізденемін, 

Білалмай осы түстің әдірісін. 



Жорығаны мынау болды: 

—Түсіңде жолбарыс боп көрінгендер, 

Басуға аяқтарын ерінгендер—

Үргеніш жұртында бар екі палуан

Қайраты бойға симай бүлінгендер.

Беклердің Жүсіп, Ахмет есімдері, 

Шын атын есіткенде сүрінгендер. 

Еліңе сол екеуі келеді екен, 

Зарарды патша саған берер екен, 

Бірнеше жан ашитын палуандарың 

Көшенің ортасында өледі екен. 

Сары алтын сарайында жиған малың—

Қара құс басыңдағы ұшқан бағың. 

Шашылып топыраққа жоқ боп қалған—

Еліңді сондай шашар, тақсыр ханым. ..



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет