Зейнолла Сұлтанов Қуаныш Тұяқбаев Қанат Шеңгелбаев Бақытжан «МӘдени мұРА» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес 4



Pdf көрінісі
бет25/99
Дата06.01.2022
өлшемі1,94 Mb.
#12226
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   99
12. ҚИССА-И ҚАРАБЕК

...Шаһар халқы келген соң,

Ол Кәдірхан көрген соң,

Көрген түсін айтады:

—Қайран жұртым, хан жұртым,

Мен бір жаман түс көрдім.

Ол түсімнің ішінде

Бір ғажайып іс көрдім.

Керегем менің кертулі,

Кертіліп отқа жағулы.

Турылығым менің тілулі,

Тіліп тоқым қылулы.

Кәдірхан деген ханыңыз

Екі қолы байлаулы,

Алдына салып айдаулы.

Артқы өкшемді бастырып,

Жиылып келген қалмақтан

Сөзім де менің қайтулы.

Езу тартып күле алмай,

Хан қасына келе алмай,

Елін сонда сынайды.

Түс жоруын біле алмай,

Мыңдай ғана кісі екен,

Ешбір адам айта алмай,

Қәдірханға бата алмай,

Тұрды сонда сандалып.

Есенгелді тақылдақ

Жүріп келді жақындап,

Ауыз-тісі сақылдап.

Ханның түсін көрген соң,

Жаманлықты білген соң,

Хан қасына келеді

Сөзін айтқалы қақылдап:

—Әй, хан ием, хан ием,

Алтын басты ордамыз, 

Сіз хан болып тұрғанда

Бағусыз еді малымыз.



222

223


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

Сіз хандықтан түскен соң,

Шығар біздің жанымыз.

Бүгін жаман түс көрсең—

Он мың қалмақ келеді,

Тілегін Алла береді.

Қайраты көп жұртың

Бір қыз үшін өледі.

Айтқаным менің ақыл-ды,

Ұжмаққа иман жақын-ды.

Ей, тақсыр хан, өлгенше,

Бұл пәлені көргенше,

Айтқанымды ұнатсаң,

Мен айтайын ақылды.

Мінген атың Қаракөк,

Жалғыз сенің ұлың бар,

Оның аты—Қарабек.

Соның өзі жас бала,

Ойынменен мас бала.

Күш-қайраты әшкара.

Сірә, бір саған айталық

Жиылып келген қалмақты

Қырып та жойып салады,

Сол жас бала масқара...



13. ҚАРАБЕК БАТЫР

(Жаңаберген Бітімбайұлы нұсқасы)

...Сүйтіп жатып, жігіттер,

Падиша ұйықтап қалыпты-ай.

Ұйықтап кетіп түс көрді-ай,

Сүйінгендей іс көрді-ай.

Көрген түсі патшаның

Бір еңсесі биік ақ орда-ай.

Ақ ордаға кіріпті-ай,

Төр алдында құрулы

Бір алтын тақ тұр екен,

Соған барып мініпті-ай.



224

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Отырған соң жайласып,

Бір жеті адам көлікті-ай

О да сырттан келіпті-ай.

Тұсап тастап аттарын,

Сәлем беріп патшаға,

О да ордаға еніпті-ай.

Сәлемдесіп кідірмей,

Қол алысып болғансын,

«Қондыр,—деп,—патша қолыңа,

Аң кетпес,—деп ,—алдыңнан»,

Бір қыран бүркіт беріпті-ай.

Қондырғансын қолына,

Өзіне қарап талпынып,

Падишаға елікті-ай.

«Жалғыз да, падиша,

Қосармыз оған серікті-ай»,—

Пәтиха беріп, соны айтып,

Ғайып болды жетеуі.

Кәдірхандай падиша 

Осындай түсті көріпті-ай.

Таң атқансын оянып,

«Ата жолдас өзімнің

Оянған соң ойлайды

Жеті пірім екен» деп.

«Әркімнен артық айбатты,

Өзімнен артық қайратты,

Береді перзент екен» деп,

Падиша бұған жорыпты-ай...

* * *

...Қасына барып баланың,



Ханым бір сонда сөйледі,

Қырмызы қызыл ішіктің

Шалғайын қолмен ашқаны-ай.

—Осынша түсің қашқандай,

Соншама қорқып сасқандай,

Жаның неден жасқанды-ай?




224

225


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

Ояндың ба, жалғызым,

Түсіңде көріп дұшпанды,

Кеуліңді басқанды-ай.

Сен бір жаман түс көрдің,

Не бейнелі іс көрдің,

Біліп тұрмын мен,—дейді.

Қарабек сонда айтады:

—Білдің, неше, түс көрдім,

Ер қорыққандай іс көрдім,

Түсімде көрдім лаңды-ай.

Жорытқанша, шешеке,

Не екенін біле алмай,

Кеуілім отыр тына алмай.

Сондай жаман түс көрдім

Түсі суық жыланды-ай.

Түсімді, шеше, айтайын:

—Аң аулаппын түсімде,

Киік пен атып құланды.

Жүргенімде аң аулап,

Құбыла жақтан қаптапты

Үстімнен ала тұманды-ай.

Сол тұманның ішінен

Лағыппын мен далаға-ай.

Жөнімді тауып жүре алмай,

Ағайын, халықты көре алмай,

Сүйтіп балаң тарықты-ай.

Жүргенімде тарығып,

Бір адам келіп жолықты-ай.

«Баралық,—деп,—бір жаққа»,

Еркі алдыма қоймады-ай.

Алып келіп бір жерге,

Мойындасып өзіммен

Құшақтасып ойнады-ай.

Ойын қылып шылбырмен,

Қолымды мықтап байлады-ай.

Олай-бұлай жұлқынып, 

Үзе алмай сорым қайнады-ай.

15-0185



226

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Отырғанда үзе алмай,

Келгенін қайдан білмедім.

Бір жолбарыс келді де,

Оң қарымды шайнады-ай,

Өлтіруге ойлады-ай.

Жатқанымда, шешеке,

Енді өлуге таянып,

Жаман қатты қысылып,

Қара терге боянып,

Кетіппін, шеше, оянып.

Қорыққаны осы ішімнің,

Енді, шеше, жори бер,

Ажары осы түсімнің.

Сонда ханым жылайды:

—О дариға, дүние-ай,

Өткізер болдым қайғымен

Мына да шолақ жалғанды-ай.

Көріп едім, жалғызым,

Сені өліп талғанда-ай.

Бір түн сүйіп құшақтап,

Жаңа мейірім қанған-ды.

Тағы түсті уайым,

Неден болдым сор маңдай?!

Білдім, балам, түсіңді,

Балалықтан, жалғызым,

Болып бір қалдың арманда-ай.

Өлтірмей неге жібердің

Атаңа нәлет Қабыланды-ай.

Тумай кеткір бейбақтың

Соған кеуілі толғанды-ай.

Сен ауылға қайтқасын

Соңынан айқай салған-ды,

Шақырып үйге келген-ді.

Екеуі жатып қалған-ды,

Кеуілі жатып жанған-ды.

Қолыңды ойнап байласа,

Сол бейбақтан болғанды-ай.



226

227


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

Атаңа нәлет қалмаққа

Тумай кеткір сол бейбақ

Ықылас кеулін бергенді-ай,

Сенен артық көргенді-ай.

Қолыңды байлап амалдап,

Сол екеуі қосылып,

Өлтіруге жүргенді-ай.

Тауға біткен андызым,

Төбедегі жұлдызым,

Маңдайдағы құндызым,

Не қылайын, шырағым,

Тіл алмадың, жалғызым!..

14. ТӨРЕХАН

...Ұйықтап жатқан ер Төре

Көтеріп басын алады,

Жан-жағына қарады.

—Қайда кеттің, хан шеше,

Айырдан туған нар шеше!

—Мен бір бүгін түс көрдім,

Әжептәуір іс көрдім.

Қанатыма қаз қонып,

Қайырылмастай күн көрдім.

Үстіме құлап асқар тау

Қабырғамды сындырды.

Мұртыма менің мұз қатып,

Тұра алмастай күн көрдім.

Азу алмас қос пері

Екі қарым түбінен

Қиып алып барады.

Ақсұңқар құстың баласы

Торға түсіп талпынды.

Бір көзінен жас ақты,

Бір көзінен қан ақты.



228

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Көкелеп жылаған дауысы

Құлағым жарып барады.

Шешесі сонда сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:

—Қанатыңа қаз қонып,

Қайырылмастай күн көрсең—

Халқыңның әнсат болғаны.

Үстіңе құлап асқар тау,

Қабырғаңды сындырса—

Халқымның ісі ауыр дейд,

Халқыңның патша қойғаны.

Мұртыңа сенің мұз қатып,

Тұра алмастай күн көрсең—

Мүскілттің әнсат болғаны.

Азуы алмас қос пері

Екі қарың түбінен

Қиып алып баратса—

Ат жігіттің қанаты,

Қараша атты алғаны.

Ақсұңқар құстың баласы

Торға түсіп талпынса,

Бір көзінен жас ақса,

Көкелеп жылаған дауысы

Құлағың жарып баратса—

Бибіжанды алғаны...

15. БӨГЕН БАТЫР

...—Айналайын, жеңеше,

Артықша көрем өзгеше.

Мен бір бүгін түс көрдім,

Түсімде ғажап іс көрдім.

Қанжығадан қан көрдім,

Ат сауырынан тер көрдім.

Бұл не болар, жеңеше?

Жирен деген көлдердің,



228

229


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

Күдірейген белдердің

Ақ иығы көрінді.

Бұл не болар, жеңеше?

Көк алалы көп жылқы,

Есепсіз бойдақ көп жылқы

Шашылыңқы көрінді.

Бұл не болар, жеңеше?

Алты қанат ақ орда

Жығылыңқы көрінді.

Бұл не болар, жеңеше?

Кешегі кеткен атекем

Қолындағы садағы

Жапырыңқы көрінді.

Бұл не болар, жеңеше?

Тостағандай толы көз

Жабылыңқы көрінді.

Бұл не болар, жеңеше?

Елге келді бір көрім,

Қиратып жүр қаланы,

Шулатып жүр баланы.

Бір түбектей қылып жүр

Жалпы жатқан қаланы.

Қақпаның аузын қандатып,

Шарбақтың аузын шаңдатып,

Есік ойран, төр талқан,

Бәрін бірдей қырып жүр.

Бұл не болар, жеңеше-ау?

Ал жеңгесі сөйлейді,

Сөйлегенде не дейді:

—Айналайын, бикешжан,

Мен жориын түсіңді,

Кешегі көрген ісіңді.

Жирен деген көлдердің,

Күдірейген белдердің

Ақ иығы көрінсе—

Көк алалы көп жылқы

Көлге толып жатқаны.




230

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Бағатұғын адам жоқ,

Бұрынғыдай заман жоқ.

Алты қанат ақ орда

Жығылыңқы көрінсе—

Жылжып қонып жатқаны.

Кешегі кеткен атекең

Кешегі бауырды атқаны.

Тостағандай толы көз

Жұмылыңқы көрінсе—

Кешегі бауырды өлтіріп,

Мақсатына жеткені.

Мен жорыдым түсіңді,

Кеше көрген ісіңді...

16. АБЫЛАЙ ХАН

...Үйінде жатыр екен Бұхар жырау,

Жасы асып, болғаннан соң жүзге таяу.

Ізбасты сәлем беріп кірген кезде,

Селк етіп көңіліне түсті қаяу.

—Ассалаумағалейкум, Бұхар жырау,

Бермеуші ең тірі жанға сөзден бұрау.

Жорып бер, бір түс көрдім өте жаман,

Боғы деп түс түлкінің бұрма шынды-ау!

Бар еді бір бәйтерек биік өскен,

Мәуелеп биіктігі көкке жеткен.

Миуалы бұтақтары түгел жеміс,

Саясын барлық елім көлеңке еткен.

Түсімде сол бәйтерек кетті құлап,

Тұрмастай қара жерде жатты сұлап.

Ей, Бұхар, жорып берші бұл түсімді,

Қарамай көңіліме мені сынап.



230

231


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

—Арғында Ізбасты едің атың шыққан,

Жаныңа жақын келген өнеге ұққан.

Айрылып Абылайдан қалғанбысың,

Қайғылы түсің жаман қабақ шытқан.

Абылай елге біткен бір бәйтерек,

Халқына асқар таудай болған тірек.

Ерлігі ел қорғаған—көлеңкесі,

Миуасы—дана ақылы болса керек...

17. АБЫЛАЙ ХАН

...Абылай хан жүріпті, 

Ақ атанға сәп салып. 

Бір күні түс көріпті 

Ерен-ғайып қарсы алып.

«О, Абылай, алдыңда 

Асқар-асқар белдер тұр. 

Тар жол, тайғақ қабырға 

Өзен толы сендер тұр.

Өтсең содан іркілмей

Көк құрақты көл жатыр. 

Көл бойында мерейлі 

Ырысты ырғын ел жатыр.

Ақбас атан үнемі 

Соған қарап жатады. 

Жануар ол киелі 

Боздасы елге батады.

Ақбас атан қараған

Жаққа жүрсең, жеңесің. 

Қайшы келсең сен оған, 

Бақты басқа тебесің.



232

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Қол бастасаң жорыққа 

Батырларға сеніп сен. 

Жүрсең сол бір бағытқа,

Ораласың жеңіспен.

Ақ атанды қорласаң—

Көретінің жеңіліс. 

Сабақ ал сен осыдан, 

Айтты деме Ібіліс.

Еренғайып мен болам, 

Мұқтаж жанға жәрдемші. 

Десең егер ер болам, 

Болма еліңе алдамшы.

Батырың бар пар болған, 

Ақылы мол бәрінің. 

Елің саған жар болған—

Тірегі қуат-әліңнің.

Өткен күні есіңнен 

Еш уақытта кетпесін. 

Өмір—арқан есілген, 

Тілін


*

 өзің теңшерсің»

Түрегелсе Абылай 

Көргені бір түс екен.

Депті ішінен: «Ә, Құдай, 

Атаным бақыт құсы екен!»

Шығып тысқа қараса,

Ақбас атан жатыпты, 

Көкпен жарық таласа 

Арайлап таң атыпты...

 Арқан үш жіптен есіледі, ортаңғысын «тілі» дейді




232

233


ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет