ІV. ҚАЗАҚТЫҢ ЫРЫМДАРЫ
Қазақтың ырымдары мерзімдік баспасөздерде, әртүрлі
жинақтарда үздіксіз жарияланып келеді. «Наным-сенім-
дер ғұрпының фольклоры» (Құраст: Б.Әбілқасымов, 2004),
«Қазақы тыйымдар мен ырымдар» (Құраст: А.Құралұлы,
1998), «Қазақ ырымдары» (Құраст: А.Қайбарұлы, Б.Бопай-
ұлы. 1998) атты жинақтарда жарияланды. Томға осы жинақ-
тар негізінде әзірленді. Сондай-ақ 2009 жылы ҚХР-дағы «Іле»
халық баспасынан Гүлнәр Төкенқызының құрастыруымен
шыққан «Қазақтың мың бір ырымы» жинағы пайдаланылды.
Ең соңында келтірілген, 802-нөмірлі ырымдар Ә.Диваевтың ел
арасынан жинап, 1923 жылы Ташкентте жарық көрген «Тарту»
жинағынан алынды.
Әкімова Тоғжан
МӘТІНДЕРДЕ КЕЗДЕСЕТІН ТАРИХИ, ДІНИ
ЕСІМДЕР, ҰЛТ-ҰЛЫСТАР МЕН РУ-ТАЙПАЛАР
ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
Абдолла хан (ХVI ғ.)—Бұхар (Мауераннахр) билеушісі
(1541). Таққа Ұбайдолла хан (1534-40) өлген соң отырған. Шай-
бани әулетінен тараған.
Достарыңызбен бөлісу: |