Балаға ұрсып, қаталдық көрсету арқылы жазалау болашақ тұлғаның дамуына тек кері әсер етеді.
Саммерхил мектебі осы үддеден шығу мақсатында аянбай еңбек етті. Ересектер мен балалар
қарым-қатынасындағы көзқарас теңдігі әрдайым басты орында болуы тиіс. Олай дейтін себебім,
мектеп ұстанымында еркіндік пен көзқарас теңдігі кеңінен салтанат құрды. Бірде бес жасар Билли
өз туған күнінде маған «Мен сізді шақырған жоқпын, кетуіңізді сұраймын», деді. Еш қарсылық
танытпастан, айтқанын істедім. Мен оны өз кабинетімнен шығара алатынымдай, ол да мені өз
аумағынан шығаруға толық құқылы.
Бала психикасының дамуын негізгі және қосалқы әдістермен зерттей келе, тәрбие мен бала
еркіндігін сақтау арасындағы шектің арақатынасы туралы мәселе көпті толғандыратын жайт
екеніне көзім жетті. Баланың талап-тілегін орындап қана қоймай, тәрбиелік міндеттерді баланың
өзімен ынтымақтаса, жаңаша шешіп отырған абзал. Отбасындағы қарым-қатынаста балаға
бұйрықпен мәжбүрлі түрде тыңдату, бала қызығушылықтарына мән бермеу, оған қатысты
мәселеде бала шешіміне құлақ аспау тұлғалық дамудағы алғашқы сәтсіздіктердің бастамасы
болуы ықтимал.
Ал бала бойында ересектер алдындағы қорқыныштың болмауы оның әлеуметік жауапкершілік
дағдыларын қалыптастырады. Мысалы, терезені шағып алғанын ешкімнен қорықпастан ашық
айта алады әрі кінәлі екенін мойындайды. Жалпы, үлкендер тарапынан жасалатын тыйым мен
өздігінен шешім қабылдауға мүмкіндік бермеу баладағы еркін ойлау жүйесін шектей түседі.
Баланың қоршаған ортамен үйлесімді дамуы өзіне деген сенімі мен ой еркіндігіне тікелей
байланысты болмақ.
Ой еркіндігі мен жауапкершілік түсінігі
Достарыңызбен бөлісу: