Зектілігі Негізгі идеялар Қыс



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата22.12.2022
өлшемі425,95 Kb.
#59134
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
sammerkhil bala trbieleuge tbegeyli kzaras kz 1527486878

Саммерхилдің болашағы
Жетпістен асқан шағымда балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту мәселелері бойынша жиып-
терген тәжірибемді көпшілікке ұсынуға бекіндім. 
4


Еркіндік пен махаббатқа негізделген саммерхил бастамасы педагогикалық қызмет пен
оқушылардың тұлғалық құрылымын арттыруда белгілі бір шамада ықпал етері сөзсіз. 
Әйтсе де, саммерхил әдісін бірыңғай жаппай қолдану тиімді болады деп айта алмаймын. Өзгелер
бұл нұсқаулықтан да үздік жолды табуы керек, сонда ғана дамудың даңғыл жолына түсе аламыз.
Саммерхилдегі жеке сабақтар
Мектептегі негізгі міндетім ретінде балаларға үнемі жеке сабақ өткізетінмін. Өйткені
оқушылардың дені психологиялық көмек пен кеңеске мұқтаж болатын. Одан бөлек өзге мектептен
ауысып келген балаларға олардың дербес психологиялық ерекшеліктерін анықтай отырып,
неғұрлым еркін болуға, тұйық мінезден арылуға бағыт-бағдар берілетін.
Оқушылардың психикалық денсаулығын қалыптандыру мақсатында жеке сабақ баламен тең
дәрежеде, барынша ашық әңгімелесе отырып жүргізіледі. Сабақ оқушыға ыңғайлы еркін форматта
өткізіледі. 
Әдетте «айнаға қарағанда өз түрің ұнай ма?» деген сұрақ қоюдан басталады. Өкінішке қарай, көбі
«жоқ» деп жауап беретін. Балалар іркіліп қалмай, ішіндегі сырын жайып салады. Осыдан соң
барып олардың бойындағы өзін қораш сезіну, көңілі толмау, өзгелерден кем санауы сынды
психоэмоциялық жағдайлар анықтала бастайды.
5
????


Оқушының сабаққа ынтасының жоқтығы, жалқаулығы, ашушаң болуы ата-анасына тікелей
байланысты. Үйдегі үлкендердің «Ағаң сияқты ақылды бол» дей беруі баланың жүйкесін шамадан
тыс қажап, ызақор, мазасыз болуына әкеліп соғады. 
Өзін-өзі басқару
Мектепте кез келген әлеуметтік мәселелерден бастап ұжымдық қарым-қатынас шиеленісі
оқушылардың жалпы жиналысында дауыс берумен шешіледі. Үлкендердің әлімжеттігі мен
үстемдігіне жол берілген емес. 
Қандай да бір мәселеде оқушылардың шешім қабылдауына басшылық тарапынан мен араласқан
емеспін. Тіпті көп жағдайда мен ұсынған талай дүние қолдау таппай қалатын. 
Мектеп тәртібі бойынша оқушылардың бір-біріне орынсыз мін тағуына, айыптауын болмайды.
Яғни, оқушылар өз ренішін айтар кезде өзге сыныптасының жеке басына тиіспейді. Мысалы, «Ол
менің затымды ұрлап алды, ұрлықшы, жаман бала» демейді, «Менің затымды ұрлап алғаны маған
ауыр тиді» деп сыпайылап жеткізеді. Мұндай уәждің кінәлі баланың ар-ұятына әсер етіп қана
қоймай, оның түзелуіне ықпалы бар екенін талай рет байқадық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет