Зектілігі Негізгі идеялар Қыс


Саммерхилдік білім беру мен дәстүрлі оқытудың



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата22.12.2022
өлшемі425,95 Kb.
#59134
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
sammerkhil bala trbieleuge tbegeyli kzaras kz 1527486878

3


Саммерхилдік білім беру мен дәстүрлі оқытудың
айырмашылығы
Білім берудің негізгі мақсаты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жеке адам
мен қоғамның дамуы үшін жекелеген адамдардың танымы мен көзқарасын жетілдіруді көздейді.
Қарапайым тілмен айтсақ, өскелең ұрпақты өмір жолына дайындау. Бүгінгі күні көптеген білім
беру ордаларында оқушыларды өмірге дайындағаннан гөрі, пән аясындағы жаттанды тақырыптар
аясынан ұзай алмай жатады. 
Кез келген үйде балаға ақыл айта кететін бір данышпан міндетті түрде табылары сөзсіз. Қашан да
олардың қандай да бір көмекке тәуелді екенін, өзінен үлкендерге мүдделі болу керектігіне
сендіріп жүреміз. 
Кітап – білім беру үрдісінің ең маңызсыз бөлшегі әрі педагогиканың негізі емес, жанама
құралдары ғана. Теорияға негізделген іс-әрекет балаға білім алу мен өмір сүрудің қуанышын
сезіндірмейді. Кітаптағы ережелер мен түрлі формулалардың жиынтығына ғана негізделген
бірсарындылық баланың жүрегі мен миын бөліп тастайды. Ал сезімсіз өмірге дайын болу мүмкін
емес дүние. Бұл оқу-білімге қарсылық емес, керісінше бақытты балалық шақты төрт қабырғаның
ішіне қамап қоюға наразылық. 
Өз қорқынышын жеңуді баланың жетістігімен өлшейтін ата-аналар көп. Баланың кез келген
қателігін дер кезінде түбірімен жойып тастап отырғанды жөн көреді. Әйтпесе баланың ертеңгі
болашағына қатер төніп тұр деген орынсыз үрей баланың да, өзінің де тынышын кетіреді. «12
жасында сабақты жөнді оқи алмайтын баланың келешегі қалай болады?» деп сұрайды. Балаға
қолынан келер мүмкіндіктері негізінде өз бетінше дамуға мүмкіндік берген абзал.
Мұндай сәттерде, кей сыншылар «жүргізуші болып нәпақа табуды да жетістік деп санайсыз ба?»
деп мүдірткісі келеді. Жетістік деген нарықтағы бәсекеде жан-тәніңді құрбан етіп, ашық жарысқа
түсу емес, ұнамды жұмысын көңілді атқара жүріп, өмірді қуанышпен сүре білу. Дәл осы негізге
сүйенер болсақ, Саммерхил түлектерінің басым көпшілігі жетістікке жеткен дер едім.


Мектепке 5 жасында келген Том есімді оқушының сабаққа үлгерімі өте нашар еді. Оқуға
қызықпағаны былай тұрсын, екі сөздің басын құрай алмайтын. «Сабақ оқымасаң далада қаласың»,
деп біз оны қорқытқан жоқпыз, керісінше әліптің артын бағып, сабырмен күте білдік. 
Бір күні түнге қарай бөлмесіне кірсем атақты иллюзионист Дэвид Копперфильдтің кітабын ұстап
отыр екен. Тағы бір күні келіп есептің мәнін сұрады. Бірте-бірте фильм түсіруге қызығушылығы
артып, осы салаға ден қоя бастады. Кейін жолым түсіп Том жұмыс істейтін орынның жетекшісімен
кездесіп қалып, сөз арасында ол туралы да айтылып қалды. «Мұндай қызметкерді көрмедім.
Сенбі-жексенбі сайын студиядан шықпайды. Жұмысты шын ынтасымен істейді. Үнемі даму
үстінде» деп таң қала әңгімелеп берген болатын. Саммерхил мектебінде Том сияқты оқушылар өте
көп. Олар қайда жұмыс істесе де, ең бастысы бақытты сезіне біледі. 
Таяқтың екі ұшы бар дегендей, сәтсіз мысалдарды да айтқаным орынды болар. Барбел есімді қыз
мектепке 15 жасында қабылданып, бір жылдан кейін кетті. Үнемі үлкендердің нұсқауымен жүріп-
тұрып үйренген бала өз бетімен шешім қабылдай алмайтын. Біреудің өзіне бұйрық бергенін күтіп,
қандай да бір міндет жүктелгенін қалайтын. Байқауымызша, 10 жастан асқан баланың танымы
мен психологиялық дағдыларының түбегейлі оң өзгеруі қиынға соғады. 
Мектеп оқушылары ешуақытта жеңілдің үстімен, ауырдың астымен жүруге әдеттенген емес. Сол
себепті де өз мақсаттарына жету жолында әлдеқандай қиыншылық пен кедергілер кездесіп жатса
шешім іздеуден танбады. Өмірлік мақсаттарын өзге біреу емес өздерінің таңдап алуы оларды
табандылыққа, жауапкершілік пен талапшыл болуға жетеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет