Зектілігі Негізгі идеялар Қыс


Бодандықтағы бала мен бостандықтағы бала



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата22.12.2022
өлшемі425,95 Kb.
#59134
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
sammerkhil bala trbieleuge tbegeyli kzaras kz 1527486878

Бодандықтағы бала мен бостандықтағы бала
Мамандардың айтуынша, балаға психологиялық зақым бес жасқа дейін жасалады. Мәселен, бала
дүниеге келгеннен кейін дәрігер сәбиді арнайы кестемен тамақтандыруға кеңес береді. Ал қарны
ашқан бала дәрігер көрсетіп берген сағатқа бағынбайды, амалсыз саусағын сора бастайды.
Дәрігер мұны да жаман әдет деп тауып, қолын таңып тастауға, не болмаса түрлі жағымсыз дәрі-
дәрмек жағуды жөн көреді. Осылайша баланың табиғи қажеттіліктері түрлі шарттардың
құрбанына айнала бастайды. Апыл-тапыл еңбектей бастағаннан-ақ «Жаман», «Болмайды»,
«Тиіспе» деген тәрізді түрлі шектеулердің астында қалады. 
Тәртіппен жүріп-тұратын, түрлі қысымға ұшыраған бала – бодан бала. Олар әлемнің кез келген
бұрышында тәрбиеленіп жатыр. Мұндай бала кез келген дүниеден басын ала қашуға бейім,
қандай қиыншылыққа болсын төзімсіз келеді. Дүниетанымға деген әу бастағы қызығушылығы
мен құштарлығы өтірік пен тыйымға тап болып отырған бала болмысында үрей тамыр жаяды. Ол
қорқыныш бірінші кезекте өзі мен айналадағыларды алдауға алып келеді. Өтірікке негізделген
қоғамда әр адам өзін сыртқа бақытты етіп көрсеткен сайын ішкі кемелдіктен жұрдай бола береді.
Тұлғалық дамудың жалпы заңдылықтары артта қалған адам ешқашан толық бақытты бола
алмайды. Бар бақытсыздықтың негізгі себебі – балалық шақтағы бодандық.
Сол сияқты адам баласында шексіз бостандықтың да болуы мүмкін емес. Қалай болғанда да ата-
ананың, мұғаліммен, қоғамның ықпалына түсуіміз табиғи заңдылық. Алайда осы салыстырмалы
ықпал шектеуші күшке айналып кетпеуі тиіс.
9


Өкінішке қарай, әлемде бостандықта күн кешетін балалар өте аз. Мен үшін олар қоғам болмысын
түбегейлі өзгертетін бар өркениеттің бастауы сынды. Адамға тумысынан жазылған бостандықтың
негізгі мәні барша жақсылыққа сенуде жатыр.
Баланы еркін өсіремін дейтін кей ата-ана өздері балаға тәуелді болып, бала отбасы жүйесінің
эпицентріне айналады. Бұл да жақсы жол емес. Ата-ана бала тәрбиесіндегі бірден-бір жауапты
тұлға болғандықтан бала мен әке-шеше рөлі тең болуы керек деп санаймын.
Балаға темірдей тәртіп болмаса бетімен кетеді, дамымайды деген жалған түсінік бар. Шын
мәнісінде тұлғаның дамуы адамзат баласының табиғи күйі. Сыртқы күштердің араласуы
салдарынан табиғи қабілеттен айырылып, қайтадан демеуші күштер қолдауы керек болып
жатады.
Ата-аналар орынды-орынсыз ашуын баладан алмауға зейін қоюлары тиіс. Ашу мен ыза, ұрыс-
керістің салдарынан қаншама бала бақытсыз күй кешіп жүр. Жалпы тумысынан тәртіпсіз, нашар
бала болмайды, олар тек қоғамның жағымсыз оқиғаларының жәбірленушісі ғана. Осы сынды
қарапайым шындық көптеген ересектердің санасын оятады деп сенемін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет