Балалардың әлеуметтік жеке тұлғалық дамуы мектептегі білім беру үрдісінің негізгі бағыты
саналады. Әдетте баланың қоғамды қабылдауы мен әлеуметтік жауапкершілік сезімі кемінде 18
жасқа дейін толық қалыптаспайды. Анатомиялық-физиологиялық жетілуі мен іс-әрекетінің
кемелденуі кезеңінде олардың қызығушылығы құбылмалы болып келеді.
Жеке адамның жан-жақты әрі толыққанды дамуын қамтамасыз ететін тәрбиенің негізгі
мақсатынан алшақтап кетпеуіміз қажет. Оқушылармен жұмыс істеген қырық жылдан астам
уақытта жалқау бала көрген жоқпын. Ерсектердің «жалқаулық» деп атайтын жағымсыз сипат
қызығушылықтың жоқтығанан, не болмаса денсаулықтағы кінәраттан туындайтын дүние.
Мысалы, баланың математика пәніне туа бітті қабілеті аз әрі құштарлығы болмайды. Аталған
пәнді мектеп бағдарламасы баршаға міндеттеп, оқуды талап етеді. Ал талапқа сай емес оқушыға
«жалқау» деген айдар тағып беруі ешқандай адамгершілік қағидасына тән емес.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, тәрбие міндеттерінің табысты болуы жеке адамның өз іс-әрекетін
саналы басқаруға мүмкіндік беретін психикалық даму деңгейімен сипатталады.
Ойын Саммерхил мектебінде ойын тәрбие берудегі ең маңызды әдістердің бірі. Балалар ойын
барысында өздерін неғұрлым еркін сезініп, шынайы өмірдегідей қуаныш пен ренішті бастан
кешіреді. Жас баланың өмірді тануы еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын
үстінде қалыптасады.
Баланың шуылдауына төзімсіздік танытып, еркін ойнауына қарсылық білдірмеген дұрыс.
Керісінше, баланың ойынға деген қызығушылығын үнемі қанаттандырып отыру керек. Ойын
үстінде бойындағы қабілеттерін көрсетуге, қарым-қатынаста өзін басқаруға, жеке пікірін білдіруге
үйренеді.
8
Ойнауды ұмытқан баланың психикалық дамуы тежеліп қалуы мүмкін. Біздің оқушылардың көбі
футболға, шоуға қызықпай жатады. Мұның барлығы кішкентай кезінде ойынға қанбағанның
салдарынан деп білемін.