Шумақтардың, түтікшелердің, интерстицийлік тіннің иммундық қабынуымен сипатталатын, біртіндеп нефросклероз бен бүйрек шамасыздығына әкеліп соқтыратын бүйректің диффузды созылмалы ауруы.
Бұл гломерунефриттің ең жиі кездесетін түрі, 10-20% жедел гломерулонефриттен кейін пайда болады, қалған жағдайларда байқаусыз басталып, біртіндеп өрістейді.
Созылмалы гломерулонефрит- нефротикалық, нефриттік, және зәр өзгерістері синндромы( гематурия, протейнурия) белгілерімен көрінетін созылмалы бүйректің қабыну ауруы. Артериялық қысымның жоғарлауымен, бүйрек қызметінің ( концентрациялау, фильтрация) нашарлауымен созылмалы бүйрек жетіспеушілігіне соқтыратын ауру.

Этиологиясы.
Созылмалы гломерулонефриттің дамуында соңғы кезде екі басты факторға көңіл бөлінген: біріншіден – организмде ұзақ сақталатын вирустарға, мәселен гепатиттің, герпестің вирустарына; екіншіден – дәрмектік және химиялық заттардың әсеріне.
Патогенезі.
Созылмалы гломерулонефриттің басты даму механизмі – бүйрек шумақтарында иммундық комплекстердің жиналуы. Морфологиялық зерттеуде иммундық комплекстердің мезангийде, базальдік мембрананың эпителийге қараған бетінде түйінделіп жиналуы анықталады. Аурудың патогенезі аллергиялық- бүйрек шумақтарының капиллярларына антиген-антидене комплексі жабысады. Бүйректің көлемі шамалы ғана зақымдалады. Шумақтардың ұлғаюы мен оның гиперемиясы анықталады. дамуының басты механизмі- бүйрек шумақтарында иммундық комплекстердің жиналуы.
Иммундық комплекстер сырттан келіп шөгеді немесе шумақтарда жергілікті түзіледі