Протеинурия – зәрдегі белок саны 1-10 г/л-ге дейін, кейде 20 г/л-ге жетеді
Гематурия – жіті гломеруланефриттің негізгі симптомы, 13-15 жоғары болмайды.(«ет жуындысы» )
Цилиндурия – 75% гиалинді цилиндр, кейде эпителиалды цилиндр кездеседі. Лейкоциттердің саны көру аймағында 20-30, зәр тығыздығы 10,04-тен төмендейді.
Олигурия – жедел нефриттің бірінші симптомы ( тәулігіне 400-700 мл)
Ісіктік синдром . Науқастың өзі ерте байқайтын белгісі – ісіну. Ісінуден бұрын шөл, әлсіздік, олигоурия пайда болады. Ең алдымен бет пен қабақ ісінеді. Ісінудің негізгі себебі – шумақтық фильтрацияның азаюынан судың және натрийдің іркілісі. Науқастардың көбісі ентігеді. Ентікпенің себебі – айналымдағы қан көлемінің көбеюінен және артериялық қысымның тез биіктеуінен болатын жүрек шамасыздығы.
Гипертониялық синдром . Науқастардың 80%-да өтпелі артериялық гипертензия болады. Артериялық қысым оншалықты биіктемейді, орташа деңгейге көтеріледі, әдетте 160/100 мм.сын.бағ.шамасында болады, оның 180/120 мм.сын.бағ. дейін биіктеуі сирек. Артериялық қысымның тез биіктеуін эклампсиалды жағдайы деп бағалау керек. Жедел гломерулонефритте артериялық гипертония дамуының басты себептері – натрий мен судың іркілісі, айналымдағы қан көлемінің және жүректің соғу көлемінің ұлғаюы. Жедел гломерулонефриттің алғашқы 2-3 күнінде олигурия, тіпті анурия болуы мүмкін. Созылмалы гломерулонефритен айырықша, олигурия болғанның өзінде концентрацияланған зәр бөлінеді, оның меншікті салмағы жоғары болады (егерде бүйрек шамасыздығы болмаса). Осыған қарап жедел гломерулонефритті созылмалы гломерулонефриттен айырады.
Емі
Диагнозды нақты анықтау үшін науқастарды міндетті түрде ауруханаға жатқызады.
Ісіну мен гипертензия әбден жойылғанға дейін науқасты төсек тәртібінде ұстайды (2-4 апта). Жылы төсекте жатқанның өзі бүйректің қанайналымын жақсартады, сондықтан диурез көбейіп, ісіну мен гипертония тез қайтады
Диетотерапия:
№ 7 емдәм тәртібін сақтау, тәулігіне тұздың мөлшері 1,5 г –нан аспау керек, судың мөлшері 500 мл – ге дейін, тағамдарды шектеу керек. Ал құнарлы тағамдары ретінде жеміс –жидектерді жеткілікті түрде беру керек Тамақтануға қойылатын талаптар - су мен ас тұзын шектеу. Егерде ісіну аса ауыр, артериялық гипертония биік, диурез өте аз болса және эклампсияалды белгілері байқалса, онда науқасты 2-3 күн аш ұстайды, су ішкізбейді. Қалған жағдайларда алғашқы 2-3 күндерде тұзсыз емдәм ұсынылады. Ісіну қайтып, артериялық қысым қалпына келген соң, ас тұзын біртіндеп көбейтіп, 4-6 г тәуліктік мөлшерге жеткізеді. Содан кейін 6-12 ай бойы ас тұзын шамалы шектетеді (8-10 г тәулігіне).
Медикаментозды ем:
Бастапқы 2-3 аптада қатаң төсек тәртібін сақтау маңызды болып табылады.
Патогендік ем ретінде иммунды депрессанттармен арнайы түрде қолданады: глюкокортикоидтар (преднизолон, гидрокортизон, меркаптопурин және т.б. дәрілер).
Антикоагулянттармен емдеу. Гепарин микроциркуляцияны жақсартады, диурезді күшейтеді, гипотензивтік әсері көрсетеді. Гепарин 25000-30000 ӘБ/күнге дозасында 6-8 апта бойы егеді, керек болған жағдай 3-4 айға дейін қолдануға болады. Гепариннен кейін 1-2 ай бойы тікелей емес антикоагулянттар беруге болады, олардың дозасы протромбин индексін 40-50% деңгейінде ұстап тұратындай болуы керек.
Антиагреганттар емдеу (курантил, трентал) ауыр гематурия болмаған жағдайда ЖГН-ң барлық вариантында тағайындалады. Курантил тәулігіне 225-400 мг, трентал - 0,2-0,03 г дозасында 6-8 аптада беріледі, кейін сүйемел дозасы 6-12 ай бойы беру керек