Демалыс уақыты. Жұмысшылар мен қызметшілерге демалу жөне тамаңтану үшін ұзаңтығы жарты сағаттан кем болмайтын үзіліс беріледі. Күн сайынғы демалыстың ұзаңтығы 12 сағаттан кем болмауы тиіс. Мереке немесе демалыс күндері жүмыс істеуге жоғарыда көрсетілген ерекше жағдайлардан басңа кездерде тыйым салынады. Ал демалыс күні істеген жүмысы келісім бойынша басқа демалыс күнін беру арқылы
өтеледі.
Еңбекшілердің жалпы демалыс күндері мен мейрам күндері демалуына шек қойылмайды.
Мерзімінен тыс жұмысқа және түнгі уақыттағы жұмыстың әрбір сағатына ақы бір жарым есе мөлшерден, ал мереке немесе демалыс күндеріндегі жұмыстарға ақы екі еседен төмен болмайтын мөлшерде төленеді.
Барлық еңбекшілерге жыл сайынғы демалыс жұмыс орны мен орташа табысы сақталып беріледі. Жыл сайынғы демалыстың ұзақтығы 24 күннен кем болмайды.
Ақы төленетін жыл сайынғы қосымша еңбек демалысы ауыр дене жұмыстары мен еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге беріледі.
Қатарынан екі жыл бойы еңбек демалысын бермеуге тыйым салынады.
Бірінші жылдың демалысы сол кәсіпорында толық бір жыл жұмыс істегеннен кейін, ал келесі жылдары өзінің қалаған уақытында беріледі.
Отбасы жағдайларына және басқа дәлелді себептерге байланысты жұмысшыға бұйрықпен жалақысы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.
Әйелдердің еңбегін қорғау. Еңбек заңында әйелдердің ағзасының ерекшеліктерін ескере отырып, оларға бірсыпыра жеңілдіктер қаралған. Мәселен: ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайы зиянды жұмыстарда, жерасты жұмыстарында әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынады, түнгі уақыттағы жұмыстарда әйелдердің еңбек етуіне шек қойылады; жүкті әйелдерді және екі жасқа дейінгі баласы бар әйелдерді түнгі жұмыстарға және уақытынан артық жұмыстарға қатыстыруға немесе іссапарға жіберуге тыйым салынады; екі жастан сегіз жасқа дейінгі балалары бар әйелдердің уақытынан артық жұмысқа қатынасуына және іссапарға жіберілуіне шек койылады; дәрігерлік қорытындыға сәйкес жүкті әйелдердің жұмыс өнімінің нормасы, қызмет көрсету нормасы кемітіледі не олар бұрынғы жұмысы бойынша орташа еңбек табысы сақтала отырып, жеңілірек жұмыс ауыстырылады. Бір жарым жасқа дейінгі балалары әр әйелдер де осындай жеңілдік алуға кұкылы; әйелдерге жүкті болуына және босануына байланысты бұлардан бұрын 70 және босанғаннан кейін 56 (қалыптан тыс босанғанда немесе екі және одан да көп бала туған мезетте - 70) күнтізбелік күнге демалыс беріледі және немесе өзінің тілегі бойынша, бала үш жасқа толғанға дейін оны күтуге байланысты ақысыз қосымша демалыс беріліп,ол мерзімде жұмыс орны сақталады; бір жарым жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге демалу және тамақтану үшін жалпы үзілістің үстіне баланы емізуге қосымша үзіліс беріледі; бұл үзіліс кем дегенде үш сағат сайын кемінде 30 минут, ал бір жарым жасқа дейінгі балалары кее немесе одан да көп болған жағдайда кемінде бір саұат болып белгіленеді және ол үзілістер жұмыс уақытына қосылып, орташа табысы бойынша ақы төленеді.
Жүкті болуына немесе бала емізуіне байланысты сылаумен әйелдерді жқмысқа алудан бас тартуға және олардың жалақысын кемітуге тыйым салынады. Жүкті әйелдерді және үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді әкімшіліктің ұйғарымымен жұмыстан шығаруға тыйым салынады.
1. Қазақстан Ресиубликасының Еңбек кодексі қашан қабылданды?
2 . Қазақстан Республикасындағы Еңбек қорғау талаптарына мемлекеттік бақылауды кімдер жүзеге асырады?
3. Жұмыс уақытының бірқалыпты ұзақтығы аптасына қанша болып белгіленген?
4. Түнгі жұмыс уақыты деп қай кезді атайды?
5. Еңбек қауінсіздігінің стандарттар жүйесі қандай құжаттардан тұрады?
6. Стандарттардың мемлекеттік жүйесі қандай санаттарға бөлінген?
7. Күн сайынғы демалыстың ұзақтығы неше сағаттан кем болмауы тиіс?
8. Жыл сайынғы демалыстың ұзақтығы неше күннен кем болмайды?
9. Әйелдерге жүкті болуына және босынуына байланысты қандай демалыстар беріледі?
10. Еңбекті қорғау талаптарының орындалуына қоғамдық бақылауды кімдер жасайды?
Реті
Сұрақтар
Жауаптар
1
Әр бір қызметкер үшін мерзімне тыс жұмыстар бір күн ішінде неше сағаттан аспауы тиіс?