Зертханалық ЖӨне тәжірибелік жұмыстар мазмұны



бет22/74
Дата11.12.2022
өлшемі4,68 Mb.
#56433
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   74
Байланысты:
АГРО -ДЭРИСТЕРАул ЕК 1-7 Жаданов у

Дэрис 3-ТАРАУ


ӨНДІРІСТІК САНИТАРИЯ


3.1. Өндірістік санитарияның маңызы мен міндеттері, еңбекшілердің жеке гигиенасы

Өндірістік санитария дегеніміз - еңбектің дұрыс гигиеналық жағдайын жасайтын, жұмыстың адам ағзасына зиянды әсерін жоятын, көсіби сырқаттардың орындалуына жол бермейтін санитарлық-техникалық шаралардың жүйесі.


Ондай шараларға мыналарды жатқызуға болады:
1. Жұмыс орнында қажетті микроклиматтың қамтамасыз етілуі;
2. Шаңның, будың және газдың ағзаға зиянды әсерін жою;
3. Жұмыс орнында шу мен дірілдің мөлшерін азайту немесе жою;
4. Жұмыс орнының тиісті жарықтылығын қамтамасыз ету;
5. Радиоактивтік заттардан сауықтыру жұмыстарын жүргізу;
6. Температурасы нормадан жоғары немесе төмен жұмыс орындарында еңбектің арнайы жағдайын жасау;
7. Санитарлық-тұрмыстық бөлмелердің болуы және оның қажетті заттармен жабдықталуы;
8. Еңбекшілерді арнайы киімдермен және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету;
9. Өндіріске жаңа техниканы, технологияны енгізу және автоматтандыру, еңбекті кешенді жарақтандыруға көшу.
Қорыта айтқанда, ендірістік санитария еңбек гигиенасының талаптарына сүйене отырып, еңбекте еңбекшіге 4-362 дұрыс және зиянсыз жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған санитарлық-гигиеналың, емдеу-профилактикалық және үйымдастыру-техникалық шараларын жасайды. Сондай-ақ, әрбір адам өндірісте өзінің гигиенасында сақтай білуі тиіс. Жүмыс уақытының, тамақтанудың,демалудың, тазалық сақтаудың, езін-өзі күте білудің,т.с.с. жеке гигиеналық шаралардың дұрыс орындалуы,
өндірісте зақымдану мен сырқаттануды болдырмаудың өте қажетті шаралары. Өйткені, жеке гигиенаның бұзылуы тек қана сол адамның денсаулығына емес, басқа бірге
жұмыс істейтін адамдардың денсаулығына зиян келтіруі,тіпті жұқпалы аурулардың тарауына себеп болуы мүмкін.Сондықтан, өндірістік гигиенамен қатар, әр адамның
өзінің жеке гигиенасын сақтауының маңызы зор.
Жалпы алғанда, өндірістік зиянды факторларды үш топқа бөлуге болады:
- өндірістің жалпы жағдайынан туындайтын факторлар. Мысалы, жүмыс орнындағы өте жоғары немесе өте төмен температура, ауаның жоғары ылғалдылығы, бөлмедегі ауа алмасуының жоғары жылдамдығы, т.с.с. факторлар;
- технологиялық үдеріске байланысты факторлар.Мысалы, технологиялық үдерісті орындау кезінде пайда болатын шаңдар, булар, газдар, діріл, шу, радиоактивті жарық, т.с.с. факторлар;
- еңбек үдерісіне байланысты факторлар. Мысалы,жұмыс кезінде адамның бүлшық еттеріне күш түсіретін,шаршататын факторлар, яғни дененің жүктелуі.Осы факторлардың әрқайсысы адам ағзасына әр түрлі әсер етіп, олардың жүмыс кабілетін төмендетуге немесе
науқасқа шалдығуына әкеліп соқтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет