Зертханалық ЖӨне тәжірибелік жұмыстар мазмұны



бет52/74
Дата11.12.2022
өлшемі4,68 Mb.
#56433
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   74
Байланысты:
АГРО -ДЭРИСТЕРАул ЕК 1-7 Жаданов у

Дэрис 6 -ТА РА У
ЕҢБЕК ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ


6.1. Өндіріс үдерісінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

Өндіріс үдерісінің қауіпсіздігі МемСТ 12.3.002-75 және ОСТ 46.0.141-83-ке сәйкес ұйымдастырылады.


Өндірістік үдерістердің қауіпсіздігі төмендегідей жолдармен қамтамасыз етілуі тиіс:
- өндірістің озат технологиясын пайдалану арқылы және өндіріс жабдықтарының күтімін тәртіпке сәйкес сапалы жүргізу арқылы;
- салынатын құрылыстарды, мал қораларын, астық қоймаларын, басқа да қоймаларды мемлекеттік стандарттың нормалары мен талаптарына сай етіп салу арқылы;
- мал азығын дайындау мен өңдеудің әдістерін дұрыс таңдау арқылы;
- тыңайтқыштар мен дәрілерді дұрыс сақтауды ережеге сай ұйымдастыру арқылы;
- жұмыс орындарын дұрыс жабдықтап, жұмысшыларды денсаулығына, біліміне, қабілетіне қарай іріктеу арқылы;
- арнайы киімдер мен жеке қорғану құралдарын пайдалану арқылы;
- қауіпсіздік талаптарын үнемі бақылауға алып отыру арқылы.
Осылардың іске асырылуына бас мамандар мен бөлімше басшылары жауапты болып саналады. Сондықтан олар төмендегідей жұмыстарды ұйымдастыруға міндетті:
- жұмысшыларды еңбек қауіпсіздігіне оқытуға;
- әрбір жұмыс орнында қауіпсіздік техникасының ережесін іліп қоюға;
- өндірістік бөлмелердің тазалығын бақылап отыруға;
- өндіріс жабдықтарының, құралдардың, жарық пен желдеткіштердің жарамды болуын бақылауға алуға;
- жұмысшылардың арнайы киімдерін ілетін кабинасы болуына, шылым шегетін, тамақ ішетін орындарды белгілеуге;
- дәрігерлік байқаудан өткізуді ұйымдастыруға;
- науқас адамды, мас адамды, жұмысты білмейтін адамды, қауіпсіздік техникасының нұсқауын алмаған адамды жұмысқа қоспауға;
- адамдарға нормадан ауыр салмақты көтертпеуге;
- арбамен немесе жабдықталмаған машиналармен адам тасытпауға;
Шаруашылық жұмыстарын жоспарлау мен ұйымдастыру барысында еңбек қауіпсіздігіне байланысты төмендегідей шаралар ескерілуі тиіс:
- жұмысты механикаландыру, автоматтандыру, қашықтан басқаруды енгізу;
- жабдықтарды дер кезінде жөндеп реттеу;
- жұмысшыларды қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың көздерінің тікелей әсеріне ұшыратпау;
- қауіпті немесе зиянды операцияларды алмастыру;
- өндірісте қауіпті немесе зиянды жағдайлардың орын алғандығын дер кезінде сезіп, алдын алу.
Технологиялық үдерістердің тәртібі төмендегідей жағдайларды қамтамасыз етуі тиіс:
- машиналар мен механизмдердің жұмысын қауіпсіз етіп ұйымдастыру;
- машиналардың жүктелуі оның өнімділік дәрежесіне (мүмкіндігіне) сәйкес болуы.
Пестиңид пайдаланылатын жұмыстар СП №1123-73-1-ке сәйкес жүргізілуі тиіс.
Салалық стандартта машиналарды қауіпсіз пайдаланудың талаптары, егін шаруашылығындағы, мал шаруашылығындағы және ауылшаруашылық өнімдерді сақтау мен өңдеудегі технологиялық үдерістердің қауіпсіздік стандарттары белгіленген. Өндірістік ғимараттар мен аулалардың құрылысы СНиП 11-99-77, СНиП 11-108-78 нормалары мен ережелеріне сәйкес болуы тиіс:
- қырманға, машиналар ауласына, ауылшаруашылық өнімдерді өңдейтін пункттерге баратын жол тегіс, тас төселген, жарық орнатылған болуы тиіс;
- пестицидтер мен тыңайтқыш ерітінділерін дайындап, көліктерге тиейтін аулалар арнайы жабдықталған болуы тиіс;
- қопарылғыш заттарды сақтайтын қоймалар басқа өндірістік бөлмелерден бөлек оқшауланған болуы және оларға кіретін есік те басқа жақта болуы тиіс;
- зиянды факторлар бар бөлмелерде, яғни түтін, газ шығаратын машиналар тұратын орындар желдеткіштермен қамтамасыз етілуі тиіс;
- электр шамдары мен терезе әйнектерін кемінде жылына екі рет сүртіп тазарту қажет;
- барлық өндірістік объектілер от сөндіргіш құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс;
Жұмыс орындарын ұйымдастырудың талаптары:
- СНиП 11-4-79 стандартына сәйкес жұмыс орны қажетті жарықпен қамтамасыз етілуі тиіс;
- жабдықтардың арасында ені 1,1 м адам жүретін ашық жер қалдырылуы тиіс;
- технологиялық желілерді басқару пульті адамға ыңғайлы және қауіпсіз жерге орналастырылуы қажет;
- жұмыс орындары дәрі-дәрмектермен, ауыз сумен, қол жуғышпен, душпен қамтамасыз етілуі тиіс;
- электр тогы жүретін объектілер изоляцияланған, адамға зақым келтірмейтін жерде орналастырылуы тиіс;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет