Еңбек қорғау жұмыстарын ұйымдастырудың сызбасы
6.3. Еңбекшілердің арнайы киімдері мен қорғану құралдары
Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті бекіткен тізім бойынша қызметкерлерге тегін арнайы киімдер, арнайы аяқкиімдер және қорғану құралдары беріледі.
Арнайы киімдер екі топқа бөлінеді:
Өндірістік:
- жұмыс киімдері
- арнайы киімдер
- салалық киімдер
- технологиялың киімдер
2) тұрмыстық
Жұмыс киімдері барлық мамандықтарға ластанудан және жарақаттанудан сақтану үшін беріледі.
Арнайы киімдер - суықтан, ылғалдан, шаңнан, майдан, ұшқыннан, судан, т.с.с. қорғану үшін беріледі.
Салалық киімдер - әрбір министрліктің өз жұмысшыларына арнап тіктірген формалы киімдер.
Технологиялық киімдер - жоғары дәлдікте жұмыс жасайтын өндірістің жұмысшыларына берілетін киімдер.
Өндірістік киімдер: костюмдер, күртешелер, шалбарлар, комбинезондар, жартылай комбинезондар, плащтар, халаттар, алжапқыштар, бас киімдер, жартылай пальтолар, жеңдер, иық жапңыштар.
Жұмыс киімдері дүкендерде сатылады, ал арнайы киімдер белгіленген мерзімге тегін беріледі.
1) гигиеналың талаптар
- желден сақтану
- су өткізбеу
- ыстықтан қорғау
пайдалану талаптары
- киіп жүруге ыңғайлылығы
- белгіленген мерзімге төзімділігі
3) гигиеналың талаптар
- сыртқы түрі
-тігу сапасы
4) үнемділік талаптары - материалдың ең аз шығындалуы.
Арнайы киімдер мен арнайы аяқ киімдер жеңіл, жұмсақ және иілгіш материалдардан жасалады. Олар қан айналымына, тыныс алуға, ас қорытуға, қозғалуға кедергі келтірмейтін, киіп-шешуге ыңғайлы, климат жағдайы мен жыл мезгіліне сәйкес келетін, жел мен ылғалдан қорғайтын болуы тиіс. Жалпы жұмыстарда пайдаланатын арнайы киімдер (комбинезон, мақта-матадан тігілген күртеше мен шалбарлар) балшықтан қорғауға, машиналар мен механизмдер жұмыс жасағанда жарақаттанудан сақтауға арналады.
Ылғалдан қорғайтын арнайы киімдерге жаңбырдан, қардан, жерасты судан қорғайтын плащтар, су өткіз бейтін костюмдер, шалбарлар жатады.Қысқы арнайы киімдер суықтан қорғайды. Оған мақта матадан астарлары бар күртеше мен шалбарлар, «Пингвин» электрмен қыздырылатын костюмдер жатады. Қолды суықтан, механикалық зақымданудан, күйіктен қорғауға брезент қолғаптар, арнайы ерітінділерді сіңірген шұға қолғаптар пайдаланылады.
Арнайы аяқ киімдерге шаңнан, батпақтан, зақымданудан сақтайтын былғары немесе брезент бөтеңкелер жатады. Аяқты ылғалдан қорғауға резеңке етіктер, қыс мезгілінде байпақтар немесе былғары қыздырылатын аяқ киімдер пайдаланылады.
Жалпы қорғау жабдықтарына түрлі қоршаулар, блокировкалар, шектегіштер, қорғағыштар, тежегіштер,қашықтан басқару құрылғылары жатады. Жеке қорғану құралдарына тыныс алу мүшелерін,қолды, басты, көзді, бетті, құлақты қорғайтын құралдар және белдіктер, сондай-ақ кремдер мен пасталар,майлар жатады.
Майда ұшқындардың көзді зақымдауынан сақтау үшін түссіз әйнек салынған ашық көзілдіріктерді, ал ірі ұшқындардан қорғау үшін жабық көзілдіріктерді пайдаланады. Кейде көзді ірі жарқыншақтардан сақтау үшін әйнектің орнына тесіктері 0 ,6-0,8 мм металл торларды пайдаланады. Көзді жарқыраған жарықтан және зиянды сәулеленуден қорғау үшін жарық сүзгілі көзәйнек қолданылады. Металды электрмен пісірушілерге жарық сүзгілі қараңғы әйнек салынған арнайы қалқандарды пайдаланады.
18-сурет. Қорғаныш көзілдіріктері:
а) қапталы жабық капрон қаңқалы қорғаныш көзілдірігі (механикалық зақымданудан сақтайды);
ә) №151 қапталы жабық металл қаңқалы көзілдірік (механикалық зақымданудан сақтайды);
б) №151 ½ түссіз әйнек салынған жарты маска көзілдірік (шаңнан, ұшқыннан, еріткіштерден, қышқылдардан қорғайды);
в ) №1879 (механикалық зақымданудан қорғайды);
г) капрон қаңқалы көзілдірік (механикалық зақымданудан қорғайды);
д) ПО-1 резеңке жарты маскалы саңылаусыз көзілдірік ( будан, газдан, зиянды сұйықтардан қорғайды);
е) №5 (желден жэне шаңнан қорғайды)
Тыныс алу мүшелерін шаңнан және басқа улағыш заттардан қорғау үшін респираторлар мен противогаздар ады.
19-сурет. Респираторлар:
Шаңнан қорғағыштары: а ) ШБ-1 клапансыз респиратор; ә) «Астра-2»; б) Ф62Ш; в) У-2К; Әмбебаптары: г) РУ-60; д) РУ-60 көзілдірікпен
Респираторлар жарты маскадан және сүзгіден тұрады. Сүзгі қағаздан, мақтадан, дәкеден жасалады. Респиратордың қарапайым түрі ауыз бен мүрынға екі-үш
қабат дәкеден таңғыш байлау болып табылады. Әмбебап респираторларды улағыштығы нормадан 5 есеге дейін жоғары газ және бу күйіндегі заттардан қорғауға пайдалануға болады.
Егер ауа улы газдар мен булардың өте жоғары мөлшерімен ластанған болса, онда МК, БК, БКФ типтегі сүзгіш противогаздарды пайдалану қажет. Сүзгіш противогаз шлеммаскадан, кеңірдек түтіктен және сүзгіш қораптан тұрады.
20-сурет. Противогаздар:
а) сүзгілі противогаздар; ә) оқшаулағыш. противогаздар
Ауаның құрамында улағыш заттардың мөлшері 2 пайыздан жоғары болса, сондай-ақ оттегі 16 пайыздан төмен болса немесе зиянды факторлардың түрі мен көрсеткіштері белгісіз болса, онда шлангілі немесе оттегілі оқшаулағыш противогаздарды пайдалану қажет. Шлангілі противогаздар ұзындығы 10-20 метр кеңірдек шлангіден (ПШ-1 өзі соратын) немесе ұзындығы 20-40 метр кеңірдек шлангіден, маскадан және ауаның құрамындағы шаңды сүзетін сүзгіш қораптан тұрады. Оттегілі оқшаулағыш противогаздар адамның тыныс алу мүшелерін атмосферадан толық оқшаулайды. Көп қолданылатын КИП типті противогаздар резеңке жарты маскадан, екі кеңірдек шлангілерден (біреуімен таза ауа келеді, ал екіншісімен тыныстаған ауа шығады), оттегі баллонынан және дем алу қапшығынан тұрады. Қапшықта көмір қышқыл газдан тазарған ауа мен баллондағы оттегі араласады.
Есту мүшелерін шудан қорғау үшін шуға қарсы құралдар пайдаланылады. Шудан қорғағыштардың құлаққа сыртынан киіп пайдаланылатыны болады. Құлақтың сыртына кигізілетін шудан қорғағыштар арасы белдікпен немесе серпімді доғамен жалғанған мақта толтырылған тостаған - бұқтырмадан және кеуекті резеңкеден тұрады.
а) ВЦНИИОТ-1; ә) ВЦНИИОТ-2;
б) ВЦНИИОТ-2 м; в) ВЦНИИОТ-2 м дулыға қалпақ;
г) ВЦНИИОТ-3 дулыға қалпақ; д) шудан қорғайтын құлақ аспабы
Құлақтың тесігіне мақтадан тампон салу арқылы шудан қорғауға болады. Қазіргі кезде құлақтың ішкі қуысына салып пайдаланылатын ФПП-Ш-«Беруши» (қүұлағыңды қорға) материалдардан және полимерлік материалдардан жасалған сыналар көп қолданылады. Жұмысшылардың бастарын қорғау үшін қорғаныш дулыға қалпақтар пайдаланылады. Дулыға қалпақтар фибрадан, текстолиттен, винипласттан жасалады. Қажет болған жағдайда қалпақтар бет пен көзді қорғайтын қорғаныш қалқандармен жабдықталады.
Биіктен құлаудан қорғау үшін сақтандырғыш белдіктер пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |