Зертханалық ЖӨне тәжірибелік жұмыстар мазмұны


Зиянды сәулелену және одан қорғану жолдары



бет33/74
Дата11.12.2022
өлшемі4,68 Mb.
#56433
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   74
Байланысты:
АГРО -ДЭРИСТЕРАул ЕК 1-7 Жаданов у

3.7. Зиянды сәулелену және одан қорғану жолдары

Ауыл шаруашылығында түрлі насекомдармен қарсы күресу мақсатында, азық-түлікті қайнатып залалсыздандыру мақсатында және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізгенде радиоактивті заттар пайдаланылуы мүмкін. Олар зиянды сәулелер шығарады. Қоршаған ортаның сәулеленуі сыртқы сәуле көзінің өсерінен немесе ағзаның іші арқылы және аралас жағдайда әсер етуі мүмкін. Әрине, өндірісте мүмкіндігінше сәуле көздері жабық жағдайда пайдаланылады. Оған қоса радиоактивті заттармен жұмыс жасағанда төмендегідей талаптар орындалуы тиіс:


- радиоактивті сәуле көздері қоршалып қойылады;
- сәулені жерге немесе адам жоқ жаққа бағыттау қажет;
- сәуле көзін адамнан қашық жерге орналастыру қажет;
- сәуле жанында адамдардың көп жүрмеуін қадағалау қажет;
- сәуледен қорғандыратын экрандарды пайдаланған дұрыс.
Адамның денесіне енген сәуленің мөлшері бэрмен өлшенеді.
Егер адам денесіне бір рет 25 бэр сәуле енсе, онда адамның денсаулығында өзгеріс бола қоймайды.
Ал 50-ден 100 бэр аралығында адам шаршап, құсқысы келеді. Бірақ ол тез қалпына келеді. 100 бэрден асқан кезде адам сәулелену науқасына шалдығады.
Адам сәуленің мөлшері 700 бэрден асқанда өледі.Тіпті, радиоактивті сәуле адамның ағзасына аз-аздан бірнеше рет әсер етсе, онда күші жиналып, ақыры өлімге душар етуі мүмкін.
Адам ағзасына сәуленің әсерін жеке дозиметрлер арқылы және бөлменің ішіндегі сәуленің мөлшерін анықтайтын тұрақты приборлармен өлшеп білуге болады.
Мұндай жұмыстарға жасы 18-ден асқан адамдар дәрігерлік байқаудан өткеннен кейін жіберіледі. Жүкті әйелдер ондай жұмыстардан босатылады.
Жоғарыда айтылған сеулелер - иондандыратын сәулелер, яғни зарядталған атомдарды пайда ететін сәулелер деп аталады. Ондай сәулелерге ғарыштық сәулелер,ядролық реакторлар, рентген қондырғылары, сондай-ақ бөлшектерді дефектоскопия жасайтын, пісірудің сапасын анықтайтын аспаптар мен түрлі автоматтандырылған қондырғылар шығаратын сәулелер жатады. Сондықтан ондай жерлерде жүмыс істегенде арнайы киімдер мен қорғану қүралдары пайдаланылуы тиіс.
Мал шаруашылығының өнеркәсіптік негізге көшуі инфрақызыл және ультракүлгін сәулелер шығаратын жарық көздерін пайдалануға мүмкіндік береді.
Инфрақызыл сәулелер затты қыздыру үшін, ал ультракүлгін сәулелер жануарлар мен құстарды сәулелермен емдеу үшін пайдаланылады. Сондай-ақ, оның екеуі де сүтті пастерлеуге, сапасын арттыруға пайдаланылады.
Инфрақызыл және ультракүлгін сәулелер шығаратын электр қондырғыларын пайдаланғанда төмендегідей талаптар орындалуы тиіс:
- ең алдымен электр қауіпсіздігі сақталуы қажет;
- сәулелендіретін қондырғылар орнатылған жерде қауіпсіздік техникасы жазылған нұсқау ілініп қойылады;
- бұл сәулелер көзге зиянды болғандықтан, оған жақын жерден қарауға болмайды (тіпті көзәйнекпен де);
Кәдімгі люминесцентті шамдарда сынап болатындықтан, олардың жарамсыздарын сындырып, шұңқырға көму қажет. Теледидар, радио, термикалық-электрлік өңдеу жасайтын қондырғылар да инфрақызыл және ультракүлгін сәулелер шығарады. Оның электрмагнитті өрісі адам ағзасына зиянды әсер етеді. Олардан қорғану үшін: түрлі экрандар пайдалану, арнайы киімдер мен көзәйнектер пайдалану қажет.
Жоғарыда аталған сәулелердің деңгейі белгіленген мөлшерден асқанда адам ағзасына зиянды болады. Сондықтан ондай жерлерде жұмыс жасағанда сақталуға тиісті қауіпсіздік шараларын білу қажет. Мемлекеттік стандартқа сәйкес зиянды сәулеленуден қорғану құралдары ұжымдық және жеке қорғану құралдары болып екі топқа бөлінеді. Жеке қорғану құралдарына тыныс алу мүшелерін, басты, көзді, қолды, бетті қорғайтын құралдар, қорғаныш костюмдер, киімдер мен аяқ киімдер жатады. Ұжымдық қорғану құралдарына иондағыш,электрмагниттік, инфрақызыл, ультракүлгін сәулелерден қорғайтын және оптикалық, кванттық генераторлардың сәулелері мен магнитті және электрмагнитті өрістердің зиянды әсерінен қорғайтын құралдар жатады.
Ультракүлгін сәулелерден ұжымдық қорғану мақсатында әр түрлі қоршаулар, ауа алмастырғыш құрылғылар, автоматты бақылау және белгі беру құрылғылары,қашықтан басқару, қауіпсіздік белгілері пайдаланылады. Сондай-ақ, түрлі экрандар, көзілдіріктер, арнайы киімдер қолданылады.
Электрмагнитті өріс шектен тыс асқан жағдайда жұмыс кестесін тиімді етіп жасау, жұмыс орнын электрмагнитті өріс көзінен аулақ орналастыру, экрандар орнату, ескерту белгілері мен жеке қорғану құралдарын пайдалану қажет.
«Сәулелену қауіпсіздігінің нормаларында» кез келген негізсіз зиянды сәуле көздерін жою, зиянды сәуле шығару мөлшерін барынша төмендету, оны белгіленген мөлшерден асырмау сияқты алдын алу шаралары қарастырылған.
Зиянды сәуле шығару қауіптілігіне қарай радиоактивті заттар А, Б, В, Г болып төрт топқа бөлінеді.Радиоактивті заттардың ашық көздерінде жасалатын жұмыстар үш класқа бөлінеді. Олардың әрқайсысы өздігінше бөлмені орналастыру мен жабдықтаудың талаптарын анықтайды. Бөлменің есігіне жұмыстың класы және радиациялық қауіптілік белгісі ілінеді. Ауа алмастырғыштарды пайдалану, қашықтан басқаруды ұйымдастыру, радиоактивті изотоптар сақталатын ыдыстарды пайдалану иондағыш сәулелерден ұжымдық қорғанудың амалдары болып табылады. Оған қосымша,еңбекшілердің өздерінің жеке гигиеналық талаптарды сақтауы, жүйелі түрде дозиметриялық бақылаудан өтіп тұруы, жеке қорғану құралдарын пайдалануы зиянды сәулеленудің алдын алудың тиімді шарты болады.

1. Өндірістік санитария деген не?


2. Жұмыс орнындағы жылудың мөлшері қандай болуы тиіс?
3. Ауаның температурасын, ылғалдылығын, қозғалу жылдамдығын және қысымын қандай приборлармен өлшейді?
4. Ультрадыбыс және инфрадыбыс дегеніміз не?
5. Адамдардың қарапайым сөйлесуі қандай мөлшерде шу шығарады?
6. Жұмыс орнының микроклиматы дегеніміз не?
7. Улы химикаттардың қоймасы елді мекеннен қандай қашықтықта болуы тиіс?
8. Өндірісті жарықтандырудың қандай жолдары бар?
9. Радиоактивті сәуленің өлшем бірлігі қандай?
10. Инфрақызыл және ультракүлгін сәулелер деген не



Реті

Сұрақтар

Жауаптар

1.

Жұмыс орнындағы ауаның қозғалу жылдамдығының нормасы қандай болуы тиіс?

A. 0 ,4-1,2 м/сек;
B. 0,6-1,4 м/сек;
C. 0 ,2-1,0 м/сек

2.

Өндірісте әр адамға бөлінуге тиісті жердің ауданы қанша
болады?

A. 2,5 м2;
B. 3,5 м2;
C. 4,5 м2.

3.

Табиғи жарықтың нақты мөлшерін өлшейтін құралды атаңыз?



A. Амперметр;
B. Вольтметр;
C. Люксметр.

4.

Өлген малды көметін жер қорадан қандай қашықтықта болуы тиіс?

A. 300 метр;
B. 400 метр;
C. 500 метр.



5.

Адам ағзасына зиянсыз радиоактивті сәуленің мөлшері қандай?



A .700 бэр;
B. 70 бэр;
C. 25 бэр

©
Жұмыс орнынын, микроклиматын, өндірістік шуды және ,жұмыс орнының жарықтылығын анықтау жұмыстарын 8-тараудағы үлгіге сәйкес орындаңыз.


Калориферлі қондырғыны іріктеу жұмысын орындаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет