4.6. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жолдары
1. Барлық өздігінен жүретін машиналарда рульдік басқару, тежеу жүйелері, ілінісу муфтасы, беріліс қорабы, тіркемелі және аспалы механизмдері, жарық пен сигнал жүйелері дұрыс жұмыс жасауы тиіс.
Мысалы, трактор сағатына 20 км жылдамдықпен жүріп келе жатқанда бетондалған құрғақ жолда оның жүрісін тежеу жолы төмендегідей болуы тиіс:
4-кесте
Трактордың
массасы,т
|
Трактордың тежеу жолы, м
|
Тіркемесіз
|
Бір тіркемемен
|
Екі тіркемемен
|
4 т-ға дейін
|
6,0
|
6,5
|
7,5
|
4 т-ға жоғары
|
6,5
|
7,5
|
9,0
|
Автомобильдер сағатына 30 км жылдамдықпен жүріп келе жатқанда (жүксіз машинаға) тежеу жолы төмендегідей болуы тиіс:
5-кесте
Автомобильдер
|
Тежеу жолы
|
Жеңіл автомабильдер
|
7,2
|
Салмағы 8т-ға дейінгі жүк машиналары
|
9,5
|
Салмағы 8т-ға жоғары жүк машиналары
|
11,0
|
Ұзындығы 7,5 м-ге дейінгі автобустар
|
9,5
|
Ұзындығы 7,5 м жоғары автобустар
|
11,0
|
Коляскасыз мотоциклдер
|
7,5
|
Коляскалы мотоциклдер
|
8,2
|
Доңғалақтың протекторының ортасындағы бедерінің тереңдігі жеңіл машиналарда 1,6 мм, жүк машиналарында 1 мм, автобустарда 2 мм-ден кем болмауы керек.
Фарлар қашық жарықты қосқанда 100 м, жақын жарықты қосқанда 30 метрге дейін анық жарық беруі тиіс.
Барлық машиналарда бақылау аспаптары дұрыс жұмыс жасауы қажет.
2. Еңбек қорғаудың адамның жарақаттануына жол бермейтін техникалық құралдарын пайдалану.
Олар: түрлі қоршаулар, бірқалыпты ұстайтын блокировкалар, тежегіштер, ескерту құралдары, бақылау аспаптары, қашықтан басқару, т.с.с.
Қоршаулар дегеніміз - түрлі айналыста, қозғалыста тұрған бөлшектерді, тіпті бүкіл агрегатты қоршайтын қаптамалар, қалқандар, күнқағарлар, тақтайшалар, кедергілер, торлар.
Қоршаулар уақытша және тұрақты болуы мүмкін.
3. Жұмысшыға қажетті еңбек жағдайын жасау. Мысалы, адамның бұлшық етіне түсетін күшті азайту мақсатында басқару тұтқасы мен тежегішті қосымша күшейткішпен жабдықтау, электронды техникалар мен автоматтарды пайдалану, кабинадағы орындықтардың жұмсақ болуы, кабинаның ішін желдеткіш, жылытқыш, дәрі-дәрмекпен жабдықтау.
4. Жұмыс орындарында қауіпсіздік белгілерін пайдалану.
Қауіпсіздік белгілері: тыйым салушы белгілер, алдын ала ескерту белгілері, нұсқау белгілері, бағыттаушы белгілер болып бөлінеді.
Жалпы кауіпсіздік техникасында қызыл түсті бояу - «тоқта!», «от!», «болмайды!» деген мағынаны білдіреді; жасыл түсті бояу - «жол ашық» дегенді, алқызыл бояу -«қауіпті!» дегенді, ал сарытүс - «ескерту!», «назар аудару», «байқап жүру» деген түсінікті білдіреді.
10-сурет. Тыйым салушіы белгілер:
1. Кіруге (өтуге) тыйым салынады;
2. Ашық от жағуға тыйым салынады;
3. Шылым шегуге тыйым салынады;
4. Сумен сөндіруге тыйым салынады
11-сурет. Ескерту белгілері:
1. Абайла! Күйдіргіш зат;
2. Абайла! Жеңіл жанатын зат;
3. Абайла! Қопарылыс қаупі бар;
4. Абайла! Улы заттар;
5. Абайла! Электр тогы;
6. Абайла! Құлауы мцмкін;
7. Абайла! Жүк көтеретін кран жұмыс істеп тұр;
8. Абайла! Түрлі қауіптер бар;
9. Абайла! Радиоактивті заттар;
10. Абайла! Лазерлік сәулелену
12-сурет. Нұсқау белгілері:
1. Қорғану киімімен жұмыс істеу қажет;
2. Қорғану қолғабымен жұмыс істеу қажет;
3. Тыныс мүшелерін қорғайтын құралдарды пайдалану қажет;
4. Өтетін жерді кедергісіз ұстау қажет
13-сурет. Багыттаушы белгілер:
1. От сөндіргіш;
2. Өртті хабарлау орны;
3. Түсіндірмелік жазуы бар бағьіттаушы белгі
Достарыңызбен бөлісу: |