4.8. Егін шаруашылығындағы еңбек қауіпсіздігі
Егін шаруашылығындағы атқарылатын жүмыстар тракторлармен, комбайндармен және басқа түрлі ауылшаруашылық машиналарымен байланысты. Олар да қауіпсіз еңбек ету механизаторлардың, қосымша жұмысшылардың қауіпсіздік техникасын меңгеруіне байланысты. I
Тракторлар мен комбайндарды жүргізуге жасы 17-ден асқан, арнайы дайындықтан өткен адамдар жіберіледі. Тіркемелі ауылшаруашылық машиналарында жұмыс істеуіне 16 жастан рұқсат етіледі, бірақ олар күндіз және 6 сағатқа дейін жұмыс істеуіне болады. Техникада жұмыс істеуіне науқас адам және мас адам жіберілмейді.
Механизатор тек қана жарақты машинамен жұмыс жасауы тиіс, ешкімнің оны қинап істетуге қүқы жоқ.
Егістік жерде жұмыс жасар алдында барлық жерді қарап шығып, шұқыр, тас, түбір бар жерлерге таяқпен белгі қою қажет. Агрегат жүмыс жасап жүрген кезде оны тазартуға, жөндеуге болмайды.
Тіркемелі құралы бар тракторларды артқа жүргізуге болмайды. Трактор жүріп бара жатқанда одан секіріп түсуге немесе мінуге яки артқы тіркемелі қүралдарға өтуге болмайды. Жаңбыр жауғанда тракторды тоқтатып, одан 15 метр қашық отыру қажет. Тракторларды 15 градустан артық еңкіштігі бар жерлерде пайдалануға болмайды. Трактор жүргізуші тіркемедегі адамның белгісіне зер салып отыруы қажет. Тракторларды орнында тұрып жұмыс істейтін машиналарға қосқанда, оның айналып тұрған бөлшектері қоршалуға тиісті;
Жер өңдейтін машиналармен жұмыс жасағанда төмендегідей ережелер сақталуы тиіс:
- соқаларды тіркегенде яки асқанда тракторды тоқтату керек;
- культиватордың, фрезалардың жұмысшы мүшелерін жабық қораптарда ұстау керек;
- жұмысшы мүшелерін тазартқанда арнайы тазартқыш құралдармен агрегатты тоқтатып жасау керек;
- аспалы құралдарды көтеріп түсіргенде адамның болмауын қадағалау керек;
- түрен, диск, табандарды алмастырғанда қолғап кию керек;
- жұмысшы мүшелерді қайрағанда көзәйнек кию қажет;
- соқаның автоматын трактордың кабинасында отырып басқаруға болады.
Тұқым себетін агрегаттармен жұмыс жасағанда төмендегідей ережелер сақталуы тиіс:
- себу агрегатын дыбысты белгі беру қүралымен жабдықтау қажет;
- тұқым себушілер арнайы тақтайда түрып, қолымен тұтқадан ұстап тұрады. Оларға жәшіктің үстіне отыруға тыйым салынады;
- егер түқым себетін машинаның артына тырма немесе каток тіркелген болса, адамның артына биіктігі 1 метр қанат (тақтайдан) жасалуы тиіс;
- тұқым себуші көзәйнек және респиратор киюі қажет.
Егін жинайтын, шөп шабатын машиналарда жұмыс жасағанда:
- комбайнның орындығы, сатысы дұрыс болып, белгі беру құралдары жұмыс істеуі қажет;
- комбайн от сөндіргіштермен, дәрі-дәрмекпен, термоспен, қажетті құралдармен жабдықталуы тиіс;
- комбайнды қозғалту алдында жан-жағында адамның болмауын қадағалау қажет;
- шынжырлар, қайыс белдікті берілістер қоршалып қойылады;
- күтім жасағанда, жөндегенде комбайнды тоқтатып, қозғалтқышын сөндіру қажет;
- жұмысшы мүшелерін қолмен айналдыруға болмайды;
- барлық бөлшектері қатырылуы тиіс;
- астықты бункерден түсіргенде қолмен немесе аяқпен қимыл жасауға болмайды;
- түнде жарықпен жұмыс істеу қажет;
- кескіш аппаратқа, астық бастыратын аппаратқа жұмыс істеп тұрғанда жақындауға болмайды.
Егіншіліктегі қол жүмыстарында:
- күрек, кетпеннің сабы таза, тегістелген болуы тиіс;
- олармен лақтырып ойнауға болмайды;
- орақ, айырларды шөпке тығып кетуге болмайды;
- шөп орғанда жанындағы адамға тиіп кетпейтіндей сілтеу қажет;
- желінген құралдар қауіпті, сондықтан уақтылы қайрап тұру керек;
- құралдың өткірлігін саусақпен тексеруге болмайды;
- көлік ретінде пайдаланылатын аттар жуас, үйренген болуы тиіс;
- арбалар жарамды болсын;
- атқа, өгізге ауыздық салынады;
- ат арба, шанамен жүргенде мұздың қалындығы 20 см-ден кем болмауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |