Зертханалық сабақтарды орындаудың әдістемелік нұсқауы №1 зертханалық жұмыс



бет20/23
Дата30.09.2023
өлшемі8,67 Mb.
#112028
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Лаб Жалпы химия

Анилинді су буымен айдау. Реактивтер: анилин
Үлкен пробиркада немесе колбаға 1 мл анилин мен 8 мл су құйып, біркелкі қайнау үшін бірнеше түйір пемза немесе керамика сынығын салып, аузын ұзын газ түтігі бар тығынмен тығындап штативке бекітеді. Шыны түтіктің екінші ұшын суы бар стаканға орналастырылған бос пробиркаға енгізіп қоспаны баяу қыздырады да, сол кезде 184 С-ка қайнайтын аналин 100 С температурада толық конденсацияланады. Қоспаның бөлігі айдалған кезде қыздыруды тоқтатады. Айдалған заттың құрамында алдымен ақшыл су эмульсиясы түзіліп одан аналин тамшылары жиналып, май тәрізді қабат түзеді. Айдалған затта аналин 1:4 немесе 1:5 қатынасындай болады. Айдалатын зат құйылған пробирка ішінде ешқандай аналин бөлшектері қалмайды.

12 зертханалық жұмыс. Қаныққан көмірсутектер


Метанның түзілуі және қасиеті
Керекті құрал жабдықтар: натрий, калий ацетаты (кальций ацетаты!, натран ізбесі, бром суы (ашық сары),калий перманганаты (сұйытылған еріт.)
Жұмыс барысы: Метан және этиленді қысқа газ өткізгіш түтігі бар тығынмен бекітілген пробиркада алған жөн. Соңына ұшында шынысы бар 10х12 см каучук түтікшесін жалғастырамыз. Құрғақ пробиркаға бірнеше грамм, келіде жақсылап түйілген кез-келген сусыз ацетаттың 1 бөлігі мен 2 бөлік натрон горизонталь бағытта бекітеміз. Газ өткізгіш түтіктерді жалғастырып, пробирканы горизонталь бағытта бекітеміз. Қоспаны алдымен ақырындап, сосын қатты қыздырамыз. Газ өткізгіш түтікті бром суы бар және калий перманганаты бар жеке пробиркаларға салып, метанның бромдану және тотығу реакцияларын түстеріне қарап білеміз. Қыздыруды тоқтатпай, суы бар астауда (ыдыста) сумен толтырылған пробиркада метан жинаймыз. Пробирканы саусағымызбен жауып, жалынға апарамыз. Метан көк жалын беріп жанады. Ыстық метанның жалынына фарфор пластикасын қойсақ, күйенің қара дақтары пайда болады.
Қанықпаған көмірсутектер: Этиленнің түзілуі және қасиеті
Керекті құрал жабдықтар: этил спирті, бром суы (сұйыт. Ашық сары), калий перманганаты (қатты сұйытылған).
Жұмыс барысы: Этиленді метанды алған ыдыста аламыз, бірақ газ өткізгіш бар тығынның және резина түтіктің арасында қысқа (5-6 см) ішінде екі жағынан тығыз емес мақтасы бар ортасында ұсақ бөлікті натрон ізбесі бар шыны түтікті қоямыз.
Пробиркаға 1 мл спирт және ақырын қозғай отыра 4мл концентрлі күкірт қышқылын құямыз. Қызған қоспаға қайнатқыш тас (кипятильный камешки) саламыз. Газ өткізгіш түтікті жалғастырып, ақырын сақпен бастапқы бірқалыпты газ бөлінгенше қыздырамыз. Қоспа қараяды. Ары қарай жұмысты № 23-ші тәжірибедегідей жүргіземіз. Тек этиленнің бромдануы мен тотығуы тез жүреді және жалынның түсі метанға қарағанда ашықтау болады.
Бұл құбылыстың барлығы қанықпаған көмірсутекке тән қасиет. Этиленнің жалынына фарфор пластиканы апарғанда қара күйенің дақтары пайда болады.

13 зертханалық жұмыс. Спирт құрамындағы суды анықтау және спиртті сусыздыру.


Керекті құрал жабдықтар: спирт (ректификат), мыс сульфаты CuSO4 5H2O. (порошок).
Жұмыс барысы: 1, 5 – 2 г. Мыс сульфатын фосфор табақшада мыс проволкасымен араластыра отырып, тұздың көк түсі жойылғанша және су буының бөлінуі тоқтағанша қыздырамыз. Ақ түсті порошокты сақындатып, құрғақ пробиркаға саламыз, оған 2 – 3 мл. Этил спиртін қосамыз. Шайқағанда және араластырғанда пробиркадағы ақ түсті порошок тез арада көк түске боялады. Алынған сусыздандырылған спртті бөліп алып, келесі №40 жұмысқа пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет