Зертханалық сабақтарды орындаудың әдістемелік нұсқауы №1 зертханалық жұмыс


Альдегидтердің күкірт қышқыл фуксинмен реакциясы



бет22/23
Дата30.09.2023
өлшемі8,67 Mb.
#112028
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Лаб Жалпы химия

Альдегидтердің күкірт қышқыл фуксинмен реакциясы.
Материалдар: формальдегид, ацетальдегид (56 – 57 тәж.), күкірт қышқыл фуксин (еріт).
Жұмыс барысы: екі пробиркаға 1 мл – ден түссіз күкірт қышқылын фуксин ерітіндісін құйып және сол екі пробирканың біреуіне бірнеше тамшы формальдегид ерітіндісін, ал екінші пробиркаға сондай мөлшерде ацетальдегид ерітіндісін қосады. Пробиркадағы қоспалардың түстерінің өзгеруін бақылайды. Одан соң екі пробиркаға да 0,5 мл – ден концентрациясы НСІ (немесе сұйытылған H2SO4 ) құйып, тағы да түстерінің өзгеруін бақылайды (бірден және 5 – 10 минуттан кейін).

№14 зертханалық жұмыс. Карбон қышқылдарының туындылары. Майлар және сабын.
Күрделі эфирлердің алынуы және гидролизі.
Материалдар : этил спирті, натрий хлориді ( қаныққан сулы ерітіндісі).
А. 2 пробиркаға 2мл спирт және 2мл сірке қышқылын (конц.) құяды. Оның біреуіне 0,5 мл концетірлі H2SO4 қосады. Пробирканы сілкіп, 10 минуттай ыстық сулы баняға (60 – 70° С ) қояды., пробиркадағы сұйықтықтың қайнап кетеуін бақылап орыру керек. Бұдан соң барлық пробиркаларды салқын суда сақындатып, әр пробиркаға 2 мл – ден су қосады. Түзілген күрделі эфирдіңиісі мен 2 пробиркадағы бөлініп жоғарғы қабатқа шыққан эфирдің көлемдерінде айырмашылық байқалады. Пробирканы жайлап шайқағанда эфир және су қабаттарының жоғарғы бөліктері жақсы бөлінеді. Бұдан соң 3 мл-ден NaCI - ның қаныққан ерітіндісін қосып, эфир қабатының көлемінің өзгеруін бақылайды.
Б. Алкилацетат бөлігін пипеткамен алып, оны бірдей мөлшерде ( 6 – 8 тамшы) үш таза пробиркаға құяды. Барлық пробиркаларға 1 ил су, 2 – ші пробиркаға 1 – 2тамшы сұйытылған H2SO4, 3 – ші пробикаға 1 -2 тамшы сілті ерітіндісін қосады. Пробиркаларды бірдей уақытта сілки отырып, ыстық сулы баняда ( 60 – 80°С) қыздырады. Тамшының жойылуы жылдығындағы Айырмашылығын және барлық пробиркалардағы күрделі эфирдің иісін бақылайды.
Сірке – изо – амил эфирнің алынуы.
Материалдар: изо – амил спирті. Пробиркаға 3 мл концентрлі сірке қышқылы мен 5мл изо – амил спиртінің қоспасына 2 мл концентрлі H2SO4 қосады. Қызған қоспаны қайнап жатқан сулы баняда 20 минуттай қыздырады. Одан соң пробирканы салқындатады, қарайған сұйықтыққа 20 мл тұзды су құйып, эфир қабатын бөліп алып, оны сода ерітіндісімен жуып, магний немесе натрий сульфатымен кептіріп, пробиркадағы сұйықтықты қыздыру арқылы айдайды. Өнімді жинайды. Эфирдің өзіне тән алмұртты иісі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет