Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер



бет34/71
Дата02.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#71327
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   71
Байланысты:
Зертханалы саба тарды О у материалдары сутегі №1 зертханалы ж

7. Көміртегі (IV) оксидінің алынуы және қасиеттері. а) Кипп аппаратына мәрмәр кесектерін салып тұз қышқылының (1:4) ерітіндісін құйыңдар. Газ түзілгенін байқаңдар. Осы жұмыста күкірт қышқылын пайдалануға бола ма?
ә) Кипп аппаратынан шыққан газды лакмустың бейтарап ерітіндісімен боялған суы бар сынауыққа жіберіңдер. Не байқалады? Көміртегі (IV) оксидінің алыну және суда еру реакциялар теңдеуін жазыңдар. Көміртегі (IV) оксидінің судағы ерітіндісін қайнатыңдар. Түсі өзгере ме? Көміртегі (IV) оксидінің судағы ерітіндісінің тепе-теңдік теңдеуін жазыңдар. Бұл тепе-теңдікті қалай ығыстыруға болады? Көміртегі (IV) оксидін қалай жинауға болады?
б) Тәжірибеге екі стақан (немесе банка) алыңдар. Біреуіне Кипп аппаратынан көміртегі (IV) оксидін толтырыңдар. Стақанның толғанын жанып тұрған шырпы арқылы тексеруге болады. Екінші стақанға спирттелген мақтаның кішкене бөлігін салып, оны жанған шырамен тұтатыңдар. Содан соң көміртегі (IV) оксидін бірінші стақаннан екінші стақанға құйыңдар. Не байқалады? Бірінші стақанда көміртегі (IV) оксиді қалды ма, жанған шырпымен тексеріңдер. Көміртегі (IV) оксидінің салыстырмалы тығыздығы туралы қандай қорытынды жасауға болады?
в) Көміртегі (IV) оксиді толған стақанға жанып тұрған магнийді салыңдар. Магнийдің жанғанын байқаңдар. Алынған өнімдерге сұйытылған тұз қышқылын құйып шайқаңдар. Заттың екеуі де ери ме? Қара түсті түйірлер қандай зат? Реакция теңдеулерін жазыңдар. Көміртегі (IV) оксиді толған екінші стақанға темір қасықшадағы тұтандырылған фосфорды салыңдар. Фосфордың жану өнімдерін суда ерітіп, бейтарап лакмус ерітіндісімен сынаңдар. Байқалған құбылыстарды және реакция теңдеулерін жазыңдар. Жүрген тотығу-тотықсыздану процестерінде көміртегі (IV) оксидінің маңызын көрсетіңдер.
8. Көмір қышқылын және көмірсутегін олардың тұздарынан өзара ығыстыру. а) Кипп аппаратына мәрмәр салып, тұз қышқылын құйыңдар. Бірінші тазартқыш ыдысқа натрий сульфидінің ерітіндісін, екіншісіне күкіртсутегіне реактив болатын тұз ерітіндісін құйыңдар. Тазартқыш ыдыстар арқылы көміртегі (IV) оксидін тез жіберіңдер. Не байқалады? 1-ші ыдыста не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Кипп аппаратына темір (II) оксидін салып, күкірт кышқылының ерітіндісін құйыңдар. Бірінші тазартқыш ыдысқа натрий гидрокарбонатын немесе натрий карбонатының ерітіндісін құйыңдар, ал екіншісіне әк суын құйыңдар. Тазартқыш ыдыстар арқылы күкіртсутегін тез жіберіңдер.
Екінші ыдыста не байқалады? Байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
Екі тәжірибенің нәтижесін салыстырып, екі ұшқыш әрі күшті бірдей қышқыл қандай жағдайларда бір-бірін ығыстырып шығаратыны туралы қорытынды жасаңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет