Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер


Литий мен натрийдің ауадағы оттегімен әрекеттесуі



бет55/71
Дата02.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#71327
түріСабақ
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   71
Байланысты:
Зертханалы саба тарды О у материалдары сутегі №1 зертханалы ж

1. Литий мен натрийдің ауадағы оттегімен әрекеттесуі. (жұмыс тартпа шкафта жүргізіледі). а) Ағаш сабы бар темір қасықшаға бір түйір металл литийді салып, жалында қыздырамыз. Алғашқыда металдың балқуы, ал біраз уақыттан кейін оның жануын бақылаңдар. Жалынның түсін анықтаңдар. Реакция теңдеуін жазып, түзілген өнімнің түсін белгілеп, атын атаңдар. Алынған қосылысты судың біраз мөлшерінде ерітіп, ерітіндіні индикатормен сынаңдар. Түзілген қосылыстың химиялық қасиеті жайлы қорытынды жасаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Шыны ыдыста керосинге сақталған металл натрийдің бір түйірін пинцетпен алып, сүзгі қағазда кішкене мөлшерін кесіп алып, оны сүзгі қағазбен жақсылап кептіріп, фарфор табақшаға салыңдар. Тигельді штативке бекітіп, натрий тотықсызданғанша қыздырыңдар. Реакция нәтижесінде қандай қосылыс түзеді? Түсі қандай? Оның графикалық формуласын жазыңдар.
Пероксид ионның түзілуін дәлелдеу. Ол үшін бірнеше тамшы мен 2н ерітіндісін және бір-екі тамшы крахмал клейстерін пероксид ион бар тигельге қосыңдар. Бұл реакция нені дәлелдейді, түсінің өзгеруін бақылаңдар Реакция теңдеуін жазыңдар.
2. Сілтілік металдардың сумен әрекеттесуі. (тартпа шкафта, шыны астында арындалады). Суы бар үш фарфор табақшаға натрий, калий, литийден кішкене ғана кесіп алып, жеке-жеке суы бар табақшаларға салып шыны астында жүріп жатқан құбылысты бақылаңдар. Реакция соңында ерітінді жан-жаққа шашырайды, сондықтан қорғану үшін шыны астында орындалады. Осы металдардың қайсысы сумен активтірек әрекеттеседі? Түзілген ерітіндіні индикатормен сынап, жүретін реакция теңдеулерін жазыңдар.
3. Натрий пероксидінің сумен әрекеттесуі. Сынауыққа судың біраз көлемін құйып, үстіне натрий пероксиді ұнтағының аз мөлшерін салыңдар. Реакция нәтижесінде қандай зат түзілгенін тәжірибе жүзінде дәлелдеңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
4. Сілтілік металдардың тұздарының гидролизі. Төрт сынауыққа жеке-жеке және кристалдарының біраз мөлшерін салып үстіне 2-3 мл дистилденген су құйыңдар. Қандай тұздар гидролизге ұшырайды, тәжірибе жүзінде дәлелдеңдер. Жүретін реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет