Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер



бет57/71
Дата02.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#71327
түріСабақ
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   71
Мыс, күміс және қосылыстары
Бақылау сұрақтары
1. Мыс, күміс және алтын атомдарының электрондық формулаларын жазыңдар.
2. Қосылыстарында мыс, күміс және алтын атомдары қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?
3. Мыс топшасы металдары мен сілтілік металдардың электрондық құрылымы мен химиялық қасиеттеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар қандай?
4. Бөлме температурасында және қыздырғанда күміс пен мыстың әртүрлі концентрациядағы қатынасы қандай?
5. Алтын, күміс және мыс гидроксидтерінің қасиеттерін сипаттау. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар.
6. Комплексті қосылыстарда алтын, күміс және мысқа қандай координациялық сан тән. Мысал келтіріңдер. Күміс пен мыстың комплексті қосылыстарын алу реакция теңдеуін жазыңдар.
19 зертханалық жұмыс
Тәжірибелер.
Аспаптар мен реактивтер: аккумулятор немесе айнымалы тоқты тұрақты тоққа айналдыратын аспап, U-тәрізді түтікше, графитті электродтар, сумен қыздыратын аспап, құммен қыздыратын аспап, дөңгелек колба, мыс сымы, мыс жаңқасы, мырыш түйірлері, тотықсыздандырылған темір, мыс (ІІ) оксиді , мыс (ІІ) хлориді , мыс сульфаты , сүзгі қағазы, ерітінділер: күкірт қышқылы , тұз қышқылы , азот қышқылы , аммиактың судағы ерітіндісі , натрий карбонаты , күкіртті қышқыл , күміс нитраты , қалайы хлориді , натрий бромиді , натрий хлориді , натрий тиосульфаты , калий иодиді , лакмус, фенолфталейн.
1. Мыстың алынуы. а) Мыс сульфаты ерітіндісін электролиздеу. Мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісінің электролиздеу үлгісін құрыңдар. Инертті электродтарда қандай процестер жүретіндігін көрсетіңдер. U-тәрізді түтікшеге ерітінді құйыңдар, оған графит электродтарын батырып аккумуляторды жалғаңдар. Электродтардың бірінен газ көпіршіктерінің бөлінуін бақылаңдар. Бұл электрод ток көзінің қандай полюсімен жалғасқан? Бірнеше минуттан кейін токты айырып, электродтарды ерітіндіден алыңдар. Қай электродта мыс бөлінеді?
ә) Мыс ионын оның тұздарының ерітіндісінен активтірек металдармен тотықсыздандыру. Мыс (II) тұзы ерітіндісін сынауыққа құйып мыс ионын тотықсыздандыра алатын бірнеше түйір металл салыңдар. Металл бетіндегі және ерітінді түсіңдегі өзгерістерді бақылаңдар. Қалыпты электродтың потенциалдары көрсетілген кестесін пайдаланып, байқалған құбылысқа түсінік беріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет