5. Аммиак әдісімен сода алу. 30 г -ды 100 мл суда ерітіп, түзілген ерітіндіге 25 г - ерітіндісін суда ерітіп аздап қосыңдар. Қоспаны шыны цилиндрге құйып, газын көбірек жіберіңдер. 15 минут өткен соң тұнбаның көп мөлшері түзіледі.
Тұнбаны Бюхнер воронкасында сүзіп, сүзгі қағазында салқын судың біраз мөлшерімен шайқаңдар. Алдын ала өлшенген фарфор табақшаға немесе тигельге тұнбаны салып кептіріп, тұрақты массаға дейін электр пешінде қыздырыңдар.
6. Калий селитрасын алу. 20 мл суы бар стақанға 7,5 салып қыздыру арқылы ерітіңдер. Түзілген ерітіндіге 8,5 г ұсатылған қосыңдар. Стақандағы затты бірнеше минут бойы қайнатып, түзілген тұнбадан ерітіндіні тез арада сүзіп алыңдар. Ерітіндіні салқындатып түзіліп келе жатқан кристалын бақылаңдар. Кристалдарды Бюхнер воронкасында сүзіп, сүзгі қағазында кептіріңдер. Тәжірибе жүзінде ерітіндіде болатын құбылысты тұздардың ерігіштігін пайдаланып түсіндіріңдер.
7. Калий карбонатынан калий гидроксидін алу. Стақанға 10 мл су құйып, 10 г калий карбонатын ерітіңдер. Ерітіндіні қайнағанша қыздырып үстіне жақсылап ұсатылған 8-10 г сөндірілген ізбесті араластыра отырып, аздап, бөліп-бөліп қосыңдар. Алынған ерітіндіге реакция соңына дейін көлемі бір қалыпты болатындай етіп су қосып, қайнатыңдар. Реакция соңына дейін жүргеніне көз жеткізіңдер. Ол үшін сұйықтықтың біраз бөлігін пробиркаға құйып, үстіне қосу керек. Реакция соңында ерітіндіні суытып, тұнбаны мөлдір сұйықтықтан декантациялап бөліңдер. Калий карбонатын сөндірілген ізбеспен әрекеттестіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Кестені пайдаланып, және -нің ерігіштігін ескере отырып, реакцияның бағыты мен түзілуіне қарай жүретінін түсіндіріңдер.
8. Сілтілік металл тұздары жалынының түсі.Қандайда бір калий тұзын түссіз жалында қыздырыңдар. Жалын түсіне назар аударыңдар. Дәл осылай натрий және литий тұздарымен тәжірибе жүргізіңдер. Сымды әр тұздан кейін тұз қышқылымен тазалап түсі жойылғанша жалында қыздырыңдар.