Зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар



бет17/45
Дата08.06.2022
өлшемі1,3 Mb.
#36551
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45
1.2 Тәжірибелік бөлім


1.2.1 Оксидтердi алу


Тәжiрибе 1
Мыс сымды спиртовка жалынында ұстаңдар. Сымның түсi қалай өзгердi? Мыс ауаның құрамына кiретiн қандай газбен әрекеттеседi ? Реакция теңдеуiн жазып, реакцияға түскен және алынған өнiмдердi атаңдар.


Тәжiрибе 2 Тартпа шкафта орындау керек!
Темiр қасыққа аздап күкiрт салып, оны спиртовка жалынында ұстандар. Абайлап бөлiнiп жатқан газды анықтаңдар. Бейметалдың ауаның құрамындағы оттекпен әрекеттесу реакциясының теңдеуiн жазыңдар. Реакцияға түскен және түзілген заттарды атаңдар.


Тәжiрибе 3
Пробиркаға 5 – 6 тамшы AgNO3 ерiтiндiсiн және осындай көлемде NаОН ерiтiндiсiн құйыңдар. Қандай зат тұнбаға түстi? Реакция тендеуін жазыңыз. Мүмкіндік болса тұнба бетiндегi сұйықты төгiңдер. Пробиркада қалған тұнбаны қарайғанша қыздырыңдар. Қандай реакция жүрдi ? Реакция теңдеуiн жазыңдар. Алынған және түзiлген заттарды атаңдар.


1.2.2 Негiздердi алу


Тәжiрибе 1
Зертханада бар реактивтерден 4 түрлi тұз ерiтiндiлерiне сiлтi қосу арқылы 4 түрлi ерiмейтiн негiздер алыңдар. Алынған негiздердiң ерiтiндiлерiнiң түстерiн байқап, реакция теңдеулерiн молекула-ион түрiнде жазыңдар. Алынған негiздердiң қайсысы амфотерлi қасиет көрсететiнiн тәжiрибе арқылы дәлелдеңдер. Амфотерлi негiздiң қышқылмен және сiлтiмен әрекеттесу реакцияларының теңдеулерiн жазыңдар. Түзiлген заттарды атаңдар.


Тәжiрибе 2 Тартпа шкафта орындау керек!
Фарфор тостағаншаға 5 - 10 мл дистильденген су құйып, оған 1 – 2 тамшы фенолфталеин индикаторының ерiтiндiсiн қосыңдар. Абайлап сорғыш қағазбен натрий металлының қiшкене кесегiн құрғатып алыңдар. Сонан сон натрийдi суға салыңдар. Қандай құбылысты байқадыңдар ? Реакция теңдеуiн жазыңдар. Заттарды атаңдар. Қорытынды түрiнде құбылысты түсiндiрiңдер.


1.2.3 Қышқылдарды алу


Тәжiрибе 1
Таза пробиркаға (№ 1) 2–3 мл дистильденген су құйып, үстiне 2 тамшы метилоранж индикаторын қосып дайындап алыңдар.
Газ шығатын түтiгi бар тығынмен жабылатын № 2 пробиркаға аздап натрий хлоридiн салып, 10–15 тамшы концентрлi күкiрт қышқылын қосып, тез тығынмен жауып, түтiктiң ұшын № 1 пробиркадағы суға батырыңдар. Қандай құбылысты байқадындар ? Реакция теңдеуiн жазып, заттарды атаңдар. Байқаған өзгерiстердi қорытынды түрiнде жазыңдар.


Тәжiрибе 2
Пробиркаға аздап құрғақ натрий ацетатын салып, 3-4 тамшы сүйытылған күкiрт қышқылының ерiтiндiсiн құйындар. Иiсi арқылы бөлiнген затты анықтаңдар. Реакция теңдеуiн жазыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет