1.2.4 Тұздарды алу
Тәжiрибе 1
Пробиркаға 5 – 6 тамшы AgNO3 ерiтiндiсiн және осындай көлемде КСI ерiтiндiсiн құйыңдар. Қандай өзгерiстi байқадыңдар ? Реакция теңдеуiн жазып, заттарды атаңдар.
Тәжiрибе 2
Пробиркаға 5 – 6 тамшы ВаСI2 ерiтiндiсiн құйып, оған 5 – 6 тамшы күкiрт қышқылының ерiтiндiсiн қосыңдар. Қандай өзгерiс байқалады ? Реакция теңдеуiн жазындар. Әрекеттескен және түзiлген заттарды атаңдар.
Тәжiрибе 3
Пробиркаға 5 – 6 тамшы NаОН ерiтiндiсiн және 2 тамшы фенолфталеин қосып, сосын 5 – 6 тамшы күкiрт қышқылын құйыңдар. Индикатор түсiнде қандай өзгерiс болды ? Реакция теңдеуiн жазыңдар. Әрекеттескен және түзiлген заттарды атаңдар.
Тәжiрибе 4
Алдымен бірінші пробиркаға 2-3 мл барит суын Ва(ОН)2 құйып дайындап қойындар. Газ шығатын түтiгi бар тығынмен жабылатын екінші пробиркаға 2 – 3 кесек СаСО3 – тын (мрамор, бор) салып, оған 10 – 15 тамшы концентрлi тұз қышқылын қосыңдар. Тез пробирканы тығынмен жауып, түтiктiң ұшын бірінші пробиркадағы барит суына батырыңдар. Қандай өзгерiс байқалады ? Реакция теңдеуiн жазып, қорытынды құрыңдар.
1.3 Бақылау тапсырмалары:
1. Электролиттiк диссоциация теориясының тұрғысынан қышқыл, негiз және тұз дегенiмiз не ? Мысал келтiрiп, анықтамаларын берiндер.
2. Қышқылдарды алу әдiстерiн атап, мысалдар келтiрiңдер. Реакция теңдеулерiн жазыңдар.
3. Негiздердi алу әдiстерiн атап, мысалдар келтiрiндер. Реакция теңдеулерiн жазыңдар.
4. Мына тұздардың графикалық формулаларын жазып, аттарын атаңдар: Ca(HCO3)2, K3PO4, Al(OH)2Cl, (CuOH)2SO4, NaH2PO4, K2HPO4, AlOHCl2.
5. Мына өзгерiстердi жүзеге асыратын реакция теңдеулерiн жазыңдар:
Fe2O3 → FeСI3 → Fe(ОН)3 → Fe(NO3)3 → Fe2O3
H2SO3 → SO2 → Na2SO3 → SO2 → H2SO4
Ca(HCO3)2 → CaCO3 → CaO → CaCl2 → CaCO3
P → P2O5 → H3PO4 → Ca3(PO4)2 → Ca(H2PO4)2
6. Мына теңдеулердi аяқтаңыз:
а) H3PO4 + КОН → ? б) H3PO4 + 2КОН → ? в)H3PO4 + 3 КОН→ ?
Түзiлген тұздарды атаңыз және әрбiр реакциядағы фосфор қышқылының эквиваленттiк массасын есептеңiз.
7. Мына теңдеулердi аяқтаңыз:
а) Fe (OH)3 + HCI ? б) Fe (OH)3 + 2HCI ? в) Fe (OH)3 + 3 HCI ?
Түзiлген тұздарды атаңыз және әрбiр реакциядағы темiр гидрооксидiнiң эквиваленттiк массасын есептеңiз.
8. Натрий гидрокарбонатын орта тұзға айналдыру үшiн қандай затпен әрекеттестiру керек?
а) NaHCO3 + H2CO3 ? б) NaHCO3 + NaОН ?
9.Темiрдiң (III) гидрооксохлоридiн орта тұзға айналдыру үшiн қандай затпен әрекеттестiру керек?
а) FeOHCI 2 + HCI ? б) FeOHCI 2 + NaОН ?
10. Мына негiздердiң қайсылары негiздiк тұздар түзе алмайды?
Zn (OH)2, Cr (OH)3, NaОН , Pb (OH)2, AI(OH)3, KOH, NH4OH
11. Мына қышқылдардың қайсылары қышқылдық тұз түзе алмайды?
HCl ,H2SO4 ,H2CO3, H2SO3 ,HNO3 ,H3PO4, HCIO4, CH3COOH
12. Хлор қышқылына (HCIO4) қандай оксид сәйкес келедi,
CI2O, CI2O3, CI2O5, CI2O7
13. Хлорлылау қышқылына (HCIO) қандай оксид сәйкес келедi?
CI2O, CI2O3, CI2O5, CI2O7
14. Қай топтағы оксидтер бiр – бiрiмен әрекеттесiп тұз түзедi?
а) Na2О + CaO б) BaO + CO2
в) SO3 + Mn2O7 г) Cr2O3 + K2O
15. Қай оксидтер (CaO, Fe2O3, АI2O3, NO2, CO2, ZnO) сумен әрекеттеседi? Реакция теңдеулерін жазыңыз.
16. Мына заттардың (Cu, MgO, SO2, Cu(OH)2, H3PO4, ZnOHCI) нешеуi тұз қышқылымен әрекеттеседi?
А) 2 В) 3 С) 4 D) 1 Е) 5
17. Мына заттардың (AgNO3, HNO3, Fe2O3, BaO, Mn2O7, Zn (OH)2) нешеуі натрий гидроксидімен әрекеттеседі?
А) 2 В) 3 С) 4 D) 1 Е) 5
18. Мына заттардың (HСl, HNO3, H2O, HBr, H2SO4) нешеуі темір (III) оксидiмен әрекеттеседі?
А) 2 В) 3 С) 4 D) 1 Е) 5
Достарыңызбен бөлісу: |