Зертханалық жылытқыш құралдар
Химиялық зертханада әртүрлі жылытқыш құралдар (электр плиткалары, кептіргіш шкафтар, моншалар, муфель пештері, спирт шамдары, т.б.) қолданылады.
Спирт шамы аз уақыт қана жылыту қажет болғанда пайдаланылады. Спирт шамында қыздырғанда пробирканың ауызын өзіңе қарама-қарсы жаққа бағыттау керек. Екі бүйірге бағыттаған болсаңыз сұйық қайнап жаныңда тұрған басқа студенттерге шашырауы мүмкін.
Су моншасы – химиялық тәжірибе жүргізгенде комната температурасынан жоғары температураны алу үшін және оны тұрақты ұстап тұру үшін қолданылатын құрал. Су моншасы беретін ең жоғарғы температура 100оС. Жүз градустан жоғары температура алу үшін қолданылатын моншалардың түрлері:
- май моншалары (100-300оС);
- металл моншалары (150 – 500оС);
- тұз моншалары (150 – 500оС);
- құм моншалары (200 – 300оС).
Муфель пештерін затты қатты қыздыру үшін (1000оС-қа дейін) қолданады. Сандық анализдің гравиметриялық анализінде кептірілген тұнбаға түсірілген форманы муфель пешінде массасы тұрақтанғанша қатты қыздырады өлшенетін форма алу мақсатымен.
Кептіргіш шкафтар 100-300оС аралығында температура береді. Кептіргіш шкафтарда затты құрғағанша (суынан арылғанша) кептіруге болады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Зертханалық жұмыс № 1
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары
Жұмыстың мақсаты: Бейорганикалық қосылыстардың әртүрлi кластарына жататын заттардың алу жолдарымен, қасиеттерiмен танысу, реакциялардың теңдеулерiн жазып үйрену. Оксидтердiң, гидрооксидтердiң, қышқылдардың, тұздардың генетикалық байланыстылығына көз жеткiзу.
1.1 Жалпы мәліметтер
Барлық бейорганикалық қосылыстар екi топқа бөлiнедi:
- қарапайым заттар;
- күрделi заттар.
Молекулалары бiр элементтiң атомдарынан тұратын қосылыстар қарапайым деп аталады. Қарапайым қосылыстар металдар және бейметалдар болып екiге бөлiнедi. Молекулалары әртүрлi элементтердің атомдарынан тұратын қосылыстар күрделi деп аталады. Күрделi қосылыстар төрт класқа жiктеледi:
- оксидтер;
- негiздер;
- қышқылдар;
- тұздар.
Достарыңызбен бөлісу: |