Анализ бен синтез әдісі – ойлаудың логикалық тәсілі. Талдау әдісі қазақ тілінің табиғатына лайық келеді. Талдау барысында ой қарапайымнан күрделіге қарай, кездейсоқтан тепе-теңдікке, бірлікке қарай жүреді. Синтаксисті оқытуда анализ әдісін оқушыға оқушыға дұрыс үйрету арқылы сөйлем түрлеріне ажырату, сөйлем мүшелеріне талдау т.б. дағдылары қалыптастыралады.
Синтез (жинақтау) әдісі – анализбен бірдей таным үрдісінде маңызды орын алатын таным әдісі. Синтездің негізгі қызметі – талдау барысында бөлшектелген ұғымдық қасиеттерді жинақтау, біріктіру. Синтездеу барысында жалпы мен жекенің ереше бірлігі танылады, бірлік пен түрлілік өзара тұтастық жасауға бағытталады. Синтаксисті оқыту барысында синтез әдісі синтаксис тіл бірлігінің тұтастығын құрайтын жекелеген бірліктерінің тұтасып келіп, оқушылардың топтастырылған ұғым жасауына жетекші қызмет атқарады. Анализ бен синтез әдістері бір-бірімен байланысты түрде қолданылып отырады.
Жалқылау және жалпылау әдістері. Индукция – жалқылау әдісі – жеке оқиғадан, нақты заттардан жалпы ережеге келетін ойлау формасы. Жаңа материалды түсіндіруде қолданылатын индукция әдісі арқылы оқушы бірқатар тілдік фактілерді, нақты мысалдарды бақылай, топшылай келіп өзінше қорытынды шығарады; анықтама, ереже құрады. Демек жеке деректерді танып пайымдаудан жалпы ережеге келеді. Мысалы, мұғалім мәтін туралы түсінік беру үшін бағанның екі жағына да бірдей санды сөйлемдер жазып, оларды бір-бірімен салыстырады:
Ара – жәндік. Атам қа-лаға келді. Гүлнұр хат жазды.
| |
Достарыңызбен бөлісу: |