Зерттеу болжамы. Егер бастауыш мектепте қазақ тілінің синтаксис саласын дамыта оқытудың ғылыми-теориялық және әдіснамалық негіздері айқындалып, біртұтас әдістемелік жүйесі ретінде жүзеге асырылса; қазақ тілі синтаксисін дамыта оқытуды оқушының өзіндік әрекетіне негіздеп, олардың ойлауы мен тілін дамыта оқытудың тиімді әдістерін қолданса; онда бастауыш сынып оқушысының тілдік қабілеті жоғары жеке тұлға ретінде қалыптасу мүмкіндігі жүзеге асады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: қазақ тілі синтаксис саласын дамыта оқыту барысында оқушының ойлау қабілеті мен тілі дамыған жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуындағы философиядағы таным теориясының эмпирикалық және теориялық таным деңгейлері туралы ілімі, іс-әрекет теориясы, инновациялық іс-әрекет теориясы, таным теориясы және диалектика принциптері, жеке тұлғаның дамуы, шығармашылығы мен іс-әрекет жөніндегі ілімдер, лингвистика, психолингвистика, этнолингвистика, зерттеу проблемасы бойынша жазылған психологиялық, педагогикалық ой-түйіндемелер, тұжырымдар .