Ойынның шарты: Тақтаға не қағазға саты сызылып, оның сол жағына лепті сөйлемнің көңіл-күйді білдіретін түрлері, ал оң жағына зат есім+етістік түріндегі сөз тіркестері жазылған. Тиісті көңіл-күйді білдіретін сөзді тауып, қасындағы сөздермен байланыстырып лепті сөйлем құрап айтып шығып, сатының басына тез көтерілу керек.
Қуаныш әкем келді!
Бұйыру тезірек!
Өкіну кеше келсемші!
Таңдану әдемі сурет!
Жай сөйлем синтаксисі бойынша:
«Ат жарысы»
Құрал-жабдығы – ат жарысын бейнелейтін сюжетті сурет.
Ойын-жаттығудың шарты: Тақтаға ат жарысын бейнелейтін сюжеттік сурет ілінеді. Сыныпты 3 топқа (1-топ – хабарлы сөйлем, 2-топ – сұраулы сөйлем, 3-топ – лепті сөйлем ) бөліп, әр топқа өз атына лайық мәтін шығатындай сөйлемдер құрау тапсырылады. Мысалы, 1-топ «Ат жарысы басталды» деген хабарлы сөйлем құрап айтса, 2-топ «Алда келе жатқан кім?» сұраулы сөйлемін, 3-топ «Болат, бас қамшыны, бас!» лепті сөйлемін құрайды. Әр топ құраған сөйлемдерін тиісті дауыс ырғағымен айтады. Тапсырманы дұрыс орындаған топ жеңімпаз атанады.
Шығармашылық диктант. Көп нүктенің орнына
Достарыңызбен бөлісу: |