Зерттеу пәнін анықтау Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау Зерттеу тақырыбын айқындау Географиялық мониторинг әдістері


Дүниежүзін саяси-географиялық аудандастыру



бет51/63
Дата17.01.2023
өлшемі1,55 Mb.
#61591
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   63
Дүниежүзін саяси-географиялық аудандастыру.


X. Маккиндердің аудандастыру үлгісі. Британдық ғалым, саясаткер Хэлфорд Джон Маккиндер (1861-1947) дүниежүзін саяси-географиялық тұрғыда аудандастырудың алғашқы үлгісін жасады. Маккиндер саяси тұрғыда дүниежүзін орталық, ішкі жарты ай және сыртқы жарты ай деп үш аймаққа жіктеді. Ол «мемлекет үшін ең ұтымды географиялық орын орталық болып табылады. Орталық аймақта басымдылыққа ие болған кез келген құрлықтық мемлекет (Ресей. Германия. Қытай және т.б.) теңіздік әлемді ту сыртынан келіп басып алуға қабілетті деген пікір айтты.
Әлемдік тұрғыдан алғанда дүниенің ортасы Еуразия материгі болса, оның ортасы хартленд болып табылады. Географиялық тұрғыдан алғанда, Хартлендке Ресей, Шығыс Еуропа, Қазақстан мен Орталық Азия жатады. Еуразия құрлығының орталығы - бүкіл әлемді бақылау жасауға қолайлы.
Маккиндердің «әлемдік арал» деген ұғымына Азия, Африка,Еуропа жатады. Оның ең ортасында "тарихтың географиялық білігі» жатыр. ол геосаяси тұрғыдан Ресейге сәйкес келеді. Қазақстанның географиялық орны да осы «хартленд» ұғымына жақын келеді.
Бұдан кейінгі белдеуді Маккиндер «ішкі жарты ай» деп атаған. Бұл белдеуге Еуразиянын жағалық бөліктері сәйкес келеді. Маккиндер бойынша, ішкі жарты ай өркениеттің ен қарқынды дамитын зонасы болып табылады.
Сулы және құрлықтық кеңістіктердің ұштасуы халықтар мен мемлекеттердің тарихындағы жетекші фактор деп есептеледі. Бұдан соң «сыртқы немесе аралдық жарты ай» деп аталған белдеу етеді. Бұл зона толығымен сыртқы (географиялық жағынан да, мәдени жағынан да) зона болып табылады. Х. Маккиндер хартленд күшін азайту үшін оның шеткі бөліктерін «тартып алу» саясатын жүргізу қажет деді.
C. Коэннің геосаяси аудандастыруы. ХХ ғасырдың екінші жарты-сында америкалық геосаясатшы С. Коэн әлемнің «көпполюстілігі» туралы тұжырым жасап, әлемнің анағұрлым күрделі геосаяси үлгісін ұсынды. Мұнда бүкіл әлем екі геостратегиялық облыс (сауда дамыған теңіз маңы және Еуропалық құрлық әлемі) пен шеткі геосаяси аймаққа бөлінген.
C. Коэннің пікірінше, геостратегиялық облыстардың шегарасында жатқан аудандарға (Африканың Сахарадан оңтүстікке қарай жатқан бөлігі, Таяу Шығыс, Оңтүстік-ШығысАзия) саяси тұрақсыздық тән болады. Мұнда мемлекет аралық және ұлтаралық жанжалдардың жиі болуының өзі бұл аймақтардың шегаралық орнымен түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет