Дүниежүзінде интернет пайдаланушылар саны(2017ж): 3млрд 578 млн адам
Интернет пайдаланушылар саны бойынша 1 орын алады: Норвегия (96,8%)
АКТ даму индексі бойынша көш бастап тұрған елдер: Исландия, Корея, Швейцария
АДИ көрсеткішін ұсынды: Махбуб уль-Хак (1990ж)
АДИ жағдайында ескерілетін көрсеткіштер: өмір жасының ұзақтығы, сааттылық деңгейі, табыс индексі
Статистикалық сауаттылық: адамның күнделікті өміріне қатысты қысқа, қарапайым мәтінді оқи білу, түсіну, жаза білу қабілеті
Табыс деңгейі: жан басына шаққандағы нақты табыс көлемі мен тұтыну көлеміне негізделеді
АДИ көрсеткіші бойынша елдердің жіктелуі: 4 (өте жоғары, жоғары, орташа, төмен)
АДИ рейтингісі бойынша көшбасшы боп тұрған елдер: Норвегия, Аустралия, Швейцария
АДИ бойынша Қазақстанның орны: 52
ККИ бойынша үлесі жоғары елдер: Эфиопия, Либерия, Мозамбик, Сьерра-Леоне
Ең көп кедейлер өмір сүретін дүние бөлігі: Оңтүстік Азия
Гендерлік теңсіздік индексі есептелетін көрсеткіштер: репродуктивті денсаулық, құқықтары мен мүмкіндіктерінің артуы, еңбек нарығындағы мүмкіндіктер
Гендерлік теңсіздік ең төмен елдер: Швейцария, Дания, Нидерланд
Гендерлік теңсіздік ең жоғары елдер: Африка, Оңтүстік Азия елдері
Америкалық ғалым М.Портер елдің бәсекеге қабілеттілігін сипаттайтын белгілер саны: 5
Олар: Тұрақты бюджет дефицитінің болмауы, арзан жұмыс күшімен артығымен қамтамасыз етілген елдер, табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілген елдер бәсекеге қабілетті, үкімет қолдау көрсетеді, басқару мен жұмыс күшінің өзара қарым-қатынасына байланысты
Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша тіркелген елдер саны: 144 ел
Достарыңызбен бөлісу: |