Зерттеудің негізгі нысаны



бет10/23
Дата27.09.2023
өлшемі352,5 Kb.
#110333
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Байланысты:
Шона Смаханұлы және Садықбек Адамбековтің шағын прозасындағы тілдік ерекшеліктер

- Иә жұрттың бәріне Ерекеңдей қамқоршы табыла бере ме, - дедім мен.
«Елпекбайдың телпегі» жинағына енгізілген қысқа әңгімелерінің арасында қазіргі замандағы ең маңызды мәселелер – маскүнемдік пен шылым қорлықты сынайтын екі әңгіме ерекше назар аудартады: «Аты шулы арандатқыштар» арақ пен темекінің диалогі арқылы берілсе, «Артта қалған жазуда» біреудің күнделігінен алынған үзінді ретінде қөрінеді. Алғашқы әңгімеде арақ пен темекінің адам баласына келтіретін зияны олар үшін жетістік, табыс көрсеткіші ретінде мадақталса, екінші әңгімеде ішкіштің өзі-өзін дәріптеуі оның әріптестерінің, туыстарының, отбасының бағасымен қайшылықта, сондықтан екі әңгіме де оқырман мысқылын, автордың шенеуін тудырады.
Ш.Смаханұлының әңгімелеріне тән бір ерекшелік Елпекбайға баға бергізе отырып, автор өз көзқарасын түйіндеп отырады. Жалпы алғанда Ш.Смаханұлының сықақ әңгімелерінің комикалық сипаты даусыз.
Ш.Смаханұлының әлеуметтік маңызы бар тақырыпты көтерген бірнеше әңгімесін лексика-грамматикалық тұрғыда жеке қарастыруға тұрарлық. Бұлар – «Атышулы арандатқыштар», «Ішкіштің іші не дейді?», «Артта қалған жазу», «Соқырішек» (Елпекбайдың телпегі). Алғашқы екі шығарма жазушының кейбір жинақтарында «Арақ патша мен темекі төренің әңгімесі», «Асқазанның аһ ұруы» деп те берілген (Ш.Смаханұлы Алтын жұмыртқа).
Кейіптеу арқылы Арақ пен Темекіні әңгімелестірген автор лексиканың түрлі қабатындағы бірліктерді мейлінше уәжді қолданған. Қоғамдық-саяси лексиканың бір тармағын құрайтын ресми лауазым атауы мен әлеуметтік топ атауын қатар алуы кездейсоқ емес. Әңгіменің атауындағы арандатқыштар сөзінің жағымсыз мәнімен контрасқа түскен Арақ патша, Темекі төре тіркестері сатирадағы «неправдоподобное правдоподобие» ұстанымын бірден еске түсіреді. Арақ пен Темекіге қатысты қолданылатын негізінен жағымды мәндегі есім мен етістіктердің контекстуалды синонимділігі, олардың өзін-өзі бағалауы мен болмыс арасындағы қайшылық оқырман көңілінде мысқыл тудырады. Салыстырып көрелік: темекі - абыройы асып, атағы шыққан, арақ – атағы жер жарған асыл, алапат айбынды аруағыңнан айналайын. Олардың іс-әрекеті, яғни болмысты бейнелейтін лексика: Темекі – бұрқыратып шегу, солқылдата сору, бас айналдырғыш улы зат, итті сеспей қатыратын, есекті мұрттай ұшырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет