Зерттеудің статистикалық және термодинамикалық әдістері



бет13/37
Дата31.01.2023
өлшемі0,97 Mb.
#64050
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37
Байланысты:
Зерттеуді статистикалы ж не термодинамикалы дістері (1)

Лекция6.
Термодинамиканың І заңын және идеал газ күй теңдеуін изопараметрлік процестерді сипаттау үшін қолдану. Адиабаталық процесс. Политроптық процесс. Әр түрлі координаттағы процестер графиктері
Термодинамикалық жүйелерде болатын тепе-теңдік процестердің ішінен, изопроцестерді қарастыруға болады, мұнда күйдің негізгі параметрлерінің біреуі тұрақты болып сақталады.
Изохоралық процесс (V=const). Бұл процестің диаграммасы (изохора) р, V координаттарында ордината осіне параллель түзу арқылы кескінделеді (сурет 1), мұнда 1—2 процесс изохоралық қыздыру, ал 1—3 — изохоралық салқындау. Изохоралық процесс кезінде газ сыртқы денелермен жұмыс жасамайды, яғни

Изохоралық процесс үшін термодинамиканың (dQ=dU+dA) бірінші бастамасынан шығатыны, газға берілетін барлық жылу оның ішкі энергиясын арттыруға кетеді:




Сонда газдың кез-келген массасы үшін алатынымыз:
(1)



1-сурет


Изобаралық процесс (p=const). Бұл процестің диаграммасы (изобара) р, V координаталарда V осіне параллель түзу арқылы сипатталады. Изобаралық процесте газдың жұмысы (2) көлем V1 ден V2 –ге артқан кезде мынаған тең болады:
(2)
және штрихталған тік бұрыштың ауданымен анықталады (сурет 82). Егер таңдап алынған екі күй үшін Клапейрон — Менделеев теңдеуін қолдансақ, онда:

осыдан

Сонда изобаралық ұлғаю жұмысы үшін (2) өрнегі мына түрге ие болады
(3)
Бұл өрнектен газдың молярлық тұрақтысының физикалық мағынасы шығады R: егер T2 —T1 =1 К, онда газдың 1 молі үшін R=A, яғни R 1 моль идеал газдың 1 К-ге қызған кездегі изобаралық ұлғаюына тең атқарылған жұмысқа сан жағынан тең.
Изобаралық процесте массасы т газға мынадай жылу мөлшері беріледі:



Оның ішкі энергиясы (4) формулаға сәйкес) мына шамаға артады

Мұнда газ (3) өрнекпен анықталатын жұмыс атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет