Лекция6. Термодинамиканың І заңын және идеал газ күй теңдеуін изопараметрлік процестерді сипаттау үшін қолдану. Адиабаталық процесс. Политроптық процесс. Әр түрлі координаттағы процестер графиктері Термодинамикалық жүйелерде болатын тепе-теңдік процестердің ішінен, изопроцестерді қарастыруға болады, мұнда күйдің негізгі параметрлерінің біреуі тұрақты болып сақталады.
Изохоралық процесс (V=const). Бұл процестің диаграммасы (изохора) р, V координаттарында ордината осіне параллель түзу арқылы кескінделеді (сурет 1), мұнда 1—2 процесс изохоралық қыздыру, ал 1—3 — изохоралық салқындау. Изохоралық процесс кезінде газ сыртқы денелермен жұмыс жасамайды, яғни
Изохоралық процесс үшін термодинамиканың (dQ=dU+dA) бірінші бастамасынан шығатыны, газға берілетін барлық жылу оның ішкі энергиясын арттыруға кетеді:
Сонда газдың кез-келген массасы үшін алатынымыз:
(1)
1-сурет
Изобаралық процесс (p=const). Бұл процестің диаграммасы (изобара) р, V координаталарда V осіне параллель түзу арқылы сипатталады. Изобаралық процесте газдың жұмысы (2) көлем V1 ден V2 –ге артқан кезде мынаған тең болады:
(2)
және штрихталған тік бұрыштың ауданымен анықталады (сурет 82). Егер таңдап алынған екі күй үшін Клапейрон — Менделеев теңдеуін қолдансақ, онда:
осыдан
Сонда изобаралық ұлғаю жұмысы үшін (2) өрнегі мына түрге ие болады
(3)
Бұл өрнектен газдың молярлық тұрақтысының физикалық мағынасы шығады R: егер T2 —T1 =1 К, онда газдың 1 молі үшін R=A, яғни R 1 моль идеал газдың 1 К-ге қызған кездегі изобаралық ұлғаюына тең атқарылған жұмысқа сан жағынан тең.
Изобаралық процесте массасы т газға мынадай жылу мөлшері беріледі:
Оның ішкі энергиясы (4) формулаға сәйкес) мына шамаға артады
Мұнда газ (3) өрнекпен анықталатын жұмыс атқарады.