Зерттеудің статистикалық және термодинамикалық әдістері



бет9/37
Дата31.01.2023
өлшемі0,97 Mb.
#64050
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37
Байланысты:
Зерттеуді статистикалы ж не термодинамикалы дістері (1)

орташа соқтығысулар саны

Еркін қозғалыстың орташа ұзындығы



яғни n молекулалар шоғырына кері пропорционал. Екінші жағынан, (6)-дан шығатыны, тұрақты температурада n р қысымға тура пропорционал. Демек,



Молекула-кинетикалық теорияның тәжірибелік негізі




1. Броундық қозғалыс. Шотландтық ботаник Р. Броун (1773—1858), су бетіндегі гүлдің тозаңын микроскоппен бақылай отырып, оның бөлшектерінің жылдам, бейберекет қозғалатынын байқады. Кейінірек анықталғандай, мұндай қозғалыс газ немесе сұйықтағы кез-келген аз өлшемдегі (1 мкм) бөлшектерге тән. Броундық қозғалыс деп аталатын бұл қозғалыстың инетнсивтілігі ортаның температурасы жоғарылаған сайын артады. Броундық қозғалыс атомдар мен молекулалардың бейберекет (жылулық) қозғалысы туралы молекула-кинетикалық теорияның тұжырымдамаларын растайды.



2. Штерн тәжірибесі. Молекулалар жылдамдығын анықтайтын тәжірибені бірінші болып неміс физигі О. Штерн (1888—1970) жасады. Оның тәжірибелері сондай ақ молекулалардың жылдамдық бойынша таралуын бағалауға мүмкіндік берді. Штерн құрылғысының схемасы 70 суретте көрсетілген. Саңылауы бар ішкі цилиндр осінің бойында күміс қабатымен жалатылған платина сымы тартылған, ол ауа сығылған жағдайда токпен қызады. Қызған кезде күміс буланады. Күміс атомдары саңылау арқылы ұшып, екінші цилиндрдің ішкі бетіне түседі. Қондырғы цилиндр осінің бойымен айнала қозғалған кезде күміс атомдары саңылауға қарама-қарсы бетке емес, О нүктесінен қандай да бір s аралықта орналасады. Пайда болған тұнба қабатын зерттей отырып, максвелл таралуына сәйкес молекулалардың жылдамдық бойынша таралуын бағалауға болады.
Цилиндрлердің радиустарын біле отырып, олардың айналуының бұрыштық жылдамдығын табуға, сондай ақ, S-ті өлшеп, берілген температурадағы сымның күміс атомдарының қозғалыс жылдамдығын анықтауға болады. Тәжірибе нәтижесі бойынша, күміс атомдарының орташа жылдамдығы молекулалардың жылдамдық бойынша максвелл таралуына жақын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет