Зерттеудің статистикалық және термодинамикалық әдістері



бет3/37
Дата31.01.2023
өлшемі0,97 Mb.
#64050
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
Зерттеуді статистикалы ж не термодинамикалы дістері (1)

Меншікті көлем - бұл масса бірлігінің көлемі. Дене біртекті болғанда, яғни оның тығыздығы , онда . Масса тұрақты болған кезде меншікті көлем жалпы көлемге тура пропорционал болатындықтан, біртекті дененің макроскопиялық қасиеттерін дененің көлемі арқылы сипаттауға болады.
Жүйенің параметрлері өзгеріп отыруы мүмкін. Термодинамикалық параметрлердің біреуінің өзгеруімен байланысты термодинамикалық жүйедегі кез-келген өзгеріс термодинамикалық процесс деп аталады. Уақыттың өтуімен макроскориялық жүйенің күйі өзгермейтін болса, жүйе термодинамикалық тепе-теңдік күйде болады.
Молекула-кинетикалық теорияда идеал газдың үлгісі қолданылады, оның:

  • газ молекулаларының меншікті көлемі ыдыстың көлемімен салыстырғанда шексіз аз;

  • газ молекулаларының арасында тартылыс күштері әсер етпейді;

  • газ молекулаларының өзара және ыдыс қабырғасына соқтығысулары абсолют серпімді болып есептелінеді.

Идеал газ үлгісін нақты газдарды зерттеуде қолдануға болады, себебі, қысым аз, температура жоғары болған жағдайда олар қасиеттері жағынан идеал газға ұқсас болады.
Идеал газдардың күйін сипаттайтын заңдарды қарастырайық.
Бойль-Мариотт заңы: температура тұрақты болған жағдайда газдың берілген массасы үшін газ қысымының оның көлеміне көбейтіндісі тұрақты болып табылады:


болғанда , (1)



60- сурет

P және V арасындағы тәуелділікті сипаттайтын, температура тұрақты болған кезде заттың қасиеттерін сипаттайтын қисық изотерма деп аталады.


Гей-Люссак заңдары: 1) қысым тұрақты болғанда газдың берілген массасы үшін оның көлемі температурамен сызықты түрде өзгереді:


болағанда . (2)



61- сурет.
2) берілген массалы газдың қысымы көлем тұрақты болған кезде температурамен сызықты түрде өзгереді:
(3)


62- сурет

Бұл теңдеулерде температура Цельсий шкаласымен және - -дағы қысым мен көлем, коэффициент болады.


Қысым тұрақты болғанда жүретін процесс изобаралық процесс деп аталады. 2 суреттегі диаграммада бұл процесс изобара түзуі арқылы кескінделген.
Көлем тұрақты болғанда жүретін процесс изохоралық деп аталады. 3 суреттегі диаграммада p, t координаттарында ол изохора деп аталатын түзу арқылы кескінделген. (2) және (3) теңдеулерден, изобара мен изохора температуралық осьті шартымен анықталатын нүктесінде кесіп өтетіндігі шығады. Егер санақ басын осы нүктеге көшіретін болсақ, Кельвин шкаласына ауысу болады, мұнда



(2) және (3) формулаларға термодинамикалық температураны енгізсек, Гей-Люссак заңдарын жеңілдетілген түрде жазуға болады:





болғанда (41.4)
болғанда (41.5)
мұндағы 1 және 2 индекстері бір изобарада немесе изохорада жатқан кез-келген күйге жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет