Зерттеуші



Pdf көрінісі
бет16/20
Дата06.03.2017
өлшемі5,03 Mb.
#8002
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
часть учащихся вообще не задумывалась над тем, как говорит. 
Я  выяснила,  что  сленг  существует  давно  (ещѐ  со  времен  наших  мам  и 
бабушек),  но  степень  употребления  этого  явления  в  языке  в  наше  время  возросла. 
Следовательно гипотеза, которую я выдвигала, верна – в речи учащихся преобладает 
ограниченная  в  употреблении  лексика.  На  первом  месте  –  сленг,  жаргонизмы,  а 
диалектизмы и профессионализмы встречаются очень редко. 
Значит,  наша  задача  –  учиться  уместно  использовать  данную  лексику  в 
соответствии  с  ситуацией  общения.  Знать  о  невозможности  ее  применения  в 
нормированной речи. Чтобы избавиться от отрицательного влияния ограниченной в 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
133 
употреблении  лексики.  Надо  хорошо  знать  нормы  литературного  языка  –  нормы 
произношения, ударения, словоизменения, произношения. 
Приложения. Вопросы анкеты для учащихся
Что такое молодежный сленг? 
Знаешь ли ты слова молодежного сленга? (да, нет) 
Используешь ли ты эти слова в своей речи? (часто, редко, никогда) 
Подчеркните те, которые вы употребляете наиболее часто. 
С какой целью вы их употребляете? 
а) Считаете, что модно, современно. 
б) Нужны в речи для связи слов. 
в) Помогают преодолеть недостаток слов в моей речи. 
г) Делают речь понятнее для друзей. 
д) Помогают самоутвердиться. 
е) Придать своей речи живость, юмор. 
Могли бы вы обойтись без жаргонных слов и выражений? 
а) Да. 
б) Нет. 
в) Не думал об этом. 
Стараетесь ли вы обойтись без них? 
а) Да. 
б) Нет. 
в) Не думал об этом. 
 
Варианты 
ответов 
5 класс 
6 класс 
7 класс 
8 класс 
9 класс 
Да 
5% 
8% 
17% 
50% 
45% 
Нет 
10% 
25% 
30% 

25% 
Не думал об 
этом 
85% 
67% 
53% 
50% 
30% 
 
Ответы  показывают,  что  с  возрастом  учащиеся  понимают,  что  их  речь 
неправильна и стараются исправлять еѐ. В то же время учащиеся не задумываются о 
том, как они говорят. 
Когда вы вырастете, будете ли вы употреблять сленг? 
а) Да 
б) Нет 
в) Не думал об этом 
Выборочный  опрос  учащихся  6  и  7  классов  выявил  их  отношение  к 
употреблению жаргонизмов. Всего было опрошено 14 человек. 
На  вопрос,  для  чего  употребляются  жаргонизмы  учащимися,  были  получены 
данные, представленные в таблице: 
 
 
6 класс 
7 класс 
Всего 
А 
Модно, современно 


7 
Б 
Нужны в речи для связи слов 



В 
Делают речь понятнее 



Г 
Что-то другое 




Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
134 
Рассмотрев  данный  вопрос,  можно  сделать  следующий  вывод:  основная 
причина  употребления  жаргонизмов  –  организовать  общение  среди  сверстников,  а 
также  это  «погоня»  за  модой  и  современностью.  Повседневная  речь  школьников 
насыщена жаргонизмами и устранить их практически невозможно. 
Однако  необходимо  помнить  о  том,  что  жаргонная  лексика  –  это  не  лексика 
культурного, образованного человека и всегда нужно помнить о том, в какой сфере 
речевого общения она допустима к употреблению. 
 
Литература 
1 Ожегов С.И. Словарь русского языка. (Под редакцией Н.Ю. Шведовой). – М.: 
Русский язык, 1989. 
2 Волина В.В. Я познаю мир, русский язык. – М.: АСТ, 1998. 
3  Розенталь  Д.Э.,  Теленкова  М.А.  Словарь  лингвистических  терминов 
(электронный вариант). 
4 Скворцов Л.И. Жаргоны / русский язык: энциклопедия. – М., 1979. 
5  Соболева  О.Л.  Справочник  школьника.  5-11  классы.  Русский  язык.  –  М.: 
АСТ, 2003. 
6 Соколова В.В. Культура речи и культура общения. – М.: Просвещение, 1995. 
7 Материалы Интернет. 
 
Тҥйін 
Оқушының  «5-9  сынып  оқушыларының  сӛйлеу  лексиконы»  атты  ғылыми-
зерттеу  жұмысы  кіріспе  бӛлімнен,  теориялық  және  практикалық  зерттеулерден, 
оқушылардың  сұрақ-жауаптарынан  және  қорытынды  бӛлімдерден  тұрады.  Алға 
қойған  мақсаты  мен  міндеттері  айқын.  Нақты  дәлелдемелермен  айтатын  болсақ, 
оқушылардың  сӛйлеу  мәнерлері  мен  мазмұнды  сӛйлеу  лексикаларының  аясы 
шектеулі  дәрежеде  болғанымен,  мектеп  ӛміріне  байланысты  атауларды  жаргон 
сӛздермен сӛйлеу, сол сияқты кейінгі жастар арасында кең таралып кеткен сленгпен 
сӛйлеу  мәнерлері,  яғни  басқа  адамдардан  ерекшеленіп,  жаңа  заманға  сай  сӛйлеу 
мәнерлері қалыптасқан. 
Оқушылардың  сӛйлеу  мәнерлерінде  сленг  пен  жаргон  сӛздерді  пайдалану 
себептері анықталды. Алайда біздің міндетіміз оқушылардың сӛйлеу мәнері сауатты, 
мазмұнды  болуын  қадағалау  және  әртүрлі  жағымсыз  сӛйлеу  мәнерлерінен  аулақ 
болу.  Ол  үшін  әдеби  тілдің  нормалары  –  ауыз  екі  сӛйлеуде  дұрыс  сӛйлеу,  екпінді 
дұрыс қолдану, сӛз ӛзгерудегі нормалардың ережелерін сауатты түрде сақтау керек. 
Оқушының  зерттеу  жұмысы  мазмұны  жағынан  мектеп  оқушылары  үшін  тіл 
пәндерінде,  қосымша  сабақтарда  және  сыныптан  тыс  шараларды  ұйымдастырудың 
барлық  түрлерінде,  оқушылардың  сӛздік  қорларының  жетілуінде  пайдасы  болады 
деген ойдамыз. 
 
НЫШАНБАЙ Нҧрдәулет, 4 «Ә» сынып оқушысы, 
СМАИЛ Мадина, 3 «Ә» сынып оқушысы, 
БИЗАТ Ерасыл, 2 «Б» сынып оқушысы, 
Иманжҥсіп Қҧтпанҧлы атындағы жалпы орта мектебі, «Жібек жолы» ауылы, 
Аршалы ауданы, Ақмола облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшілері: 
БАЙГАСКИНОВА Кульбаршин Зейкиновна, 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
135 
ШАХАТОВА Баян Аиповна, 
КУДАБАЕВА Махаббат Калымтаевна, 
Иманжҥсіп Қҧтпанҧлы атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып 
мҧғалімдері, «Жібек жолы» ауылы, Аршалы ауданы, Ақмола облысы, 
Қазақстан Республикасы 
 
ЖЫЛҚЫ – ТӚРТ ТҤЛІКТІҢ ТӚРЕСІ 
 
Халқымыз  ежелден-ақ  тӛрт  түлік  малдың  ішіндегі  тӛресі  деп  жылқыны 
таныған. Оны ӛзге малдан ерекше күтіп баққан. Түгінің түсіне, жаратылысына сай ат 
қойған.  Ауылға  келген  қадірменді  қонағына  дәулетінің  кӛлеміне  қарай  күмістеген 
құранды ер салған жібек жалды арғымақ не сауырынан су тӛгілмес жорға мінгізген. 
Қонақасыға  да  бабына  келтіріп  пісірген  жылқы  етінің  жылы-жұмсағын  тартып, 
артынан қазының майы салып ашытылған қымызбен сыйлаған. 
Адам  тәрбиесінде  ерекше  орын  алатын  халықтық  салт-дәстүрдің  кӛптеген 
тамаша  кӛрінісі  жылқы  малына  байланысты  болады.  Жас  баланы  сүндеттегенде 
сүндет  атын  сайлауы,  жиен   ауылға  қыдырып  келгенде  нағашы  жұртының  бәсіреге 
тай,  құнан  атауы  соның  куәсі  болса,  адам  болмысындағы  жағымды,  жағымсыз 
мінездерді  сынағанда  да  жылқы  малының  мінезіндегі  ерекшеліктер  салыстырмалы 
түрде алынатын болған. Мысалы: 
Болар бала бесігінде бұлқынады, 
Тұлпар болар құлын желіде тұрып ойнайды, 
Ат болатын құлынның бауыры жазық келеді
Адам болар баланың маңдайы жазық келеді, - деп жақсы қасиеттерді дәріптесе, 
жағымсыз әрекеттерді сынағанда: 
Жаман атқа жал бітсе, 
Жанына торсық байлатпас. 
Жаман адамға мал бітсе, 
Жанына қоңсы қондырмас,- дейтіні де бар халқымыздың. 
Осындай қан қыздырар қуаты бар қанатты нақыл сӛздер халқымыздың ақыл-ой 
парасатының  кемел  қуатын  ерекше  танытса  керек.  Тіпті,  ел  арасында  айтылатын 
мына  бір  жай,  қарапайым:  «Атқа  мінгеннің  арқасы  қозады»,-дегенмақалдыңкейде 
«Ат  үстінің  желі  бар»,  -деп  сәл  басқаша  айтылғаныболмаса,  бастапқы  ойымыздан 
сонша алшақ болмай тұрғанын байқаймыз. 
Кӛшпелі  тірліктің  кӛсемі  болған  халқымыз  ӛзінің  ғасырлар  бойы 
қалыптастырған  ауыз  әдебиетінің  барлық  жанрларында  жылқы  малын  қатыстырып 
отыру  себебі  де  күнделікті  тірлігінде  жылқы  малының  атқаратын  қызметі  зор 
болғандықтан  еді.  Ӛзіміз  бала  күннен  оқып  ӛскен  «Керқұла  атты  Кендебай»,  «Ер 
Тӛстік», «Алтын сақа» ертегілерінде басты қаһарманның мақсатына жетер жолдағы 
сенімді  серіктері  де  аттары  болады.  Олар  қуса  жететін,  қашса  құтылатын  қанатты 
тұлпарлар  болып  суреттеледі.  Қажет  жерінде  оларға  тіл  бітіп,  алдағы  кездесер 
қиындықтардан  құтылудың  жолын  иелеріне  айтып  береді  де.  (Керқұланың 
Кендебайға, Шалқұйрықтың жер астына түскенде Ер Тӛстікке айтқан кеңесі). 
«Ел намысы  – ер намысы»,  - деп атқа қонып, аруақтап жауға шапқан батыры 
сүйір  ұшты  кӛк  найзасын  кӛкке  бұлғап,  атойлағанда  қаны  қызып,  делебесінің 
қозатыны да ат үстінің желінен болады. 
Ел  қорғаған  ұланының  ерлік  бейнесін  ел  есінде  мәңгі  қалдыруға  ұмтылған 
халқымыз олар мінетін тұлпарлардың да бейнесін тамаша жасаған.  Олардың ӛзі  де 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
136 
батырлардың  қолына  оңай  түсе  қалмайды.  Мысалы,  Қобыландының  тұлпары 
Тайбурылды  Құртқа  кӛрегендігімен  танып,  бапкерлігімен  жаратып  күтуінің 
арқасында  жауға  мінер  нағыз  ат  болады.  Алпамыстың  Байшұбары  да ӛзінен  күші 
асқан ерге ғана ат болуға серт етеді. Құйрығына қол салып тоқтатқан Алпамыстың 
күшінің басымдығын білген Байшұбар батырдың нағыз сенімді серігі болады. 
Қалмақтың  Қараманы  мен  Тайшаның  қалың  қолын  жеңіп,  ӛзі  сүйген 
Гүлбаршынды  алып  еліне  оралған  Алпамысты  әкесі  жылқысын  талап  алып  кеткен 
Тайшық  ханға  жұмсайды.  «Кӛрінгенмен  ұрысқан,  қабағы  қатып  тырысқан,  аласа 
ғана  бойы  бар,  адам  таппас  ойы  бар,  тізесіне  шекпені  жетпеген,  басынан 
жаманшылық кетпеген» мыстан кемпірдің алдамшы сӛзіне сенген Алпамыс: 
«Кел, шеше, атқа мінгес» деп, 
Үзеңгісін береді. 
Байшұбарға мінбекке 
Дұшпан зәлім, қу мыстан 
Оңтайланып келеді. 
Адамнан есті жануар 
Қос аяқтап тебеді. 
Алпамыс сезбеген жауыздықты сезген Байшұбар ат осындайәрекетістейді. 
Батырға 
адал 
болған 
Байшұбар 
Алпамыс 
зынданда 
жатқанда 
ӛзіниемденбекболған қалмақтарға: 
Сол уақытта Шұбар ат, 
Алдына келсе тістеді, 
Артына келсе тебеді. 
Бетіне түгіл Шұбардың, 
Сыртына адам келмеді… 
Қаншама кӛп болса да, 
Шұбарға әлі келмеді. 
Неше дәулер жабылды, 
Бәрін де Шұбар сүйреді…,-деп жырланғандай «ӛнер» кӛрсетіп жатады. 
Қаракӛзайымның  ақылымен  зынданнан  шыққан  Алпамыс  пен  Байшұбардың 
кездесуін  жыршы  кәдімгі  сағынысып  кӛріскен  адамдардың  кездесуіндей  етіп 
жырлайды: 
…Жеті жыл жатқан қамалып, 
Қырық арқан бойы зынданнан! 
Иесін алды шығарып, 
Үш секіріп, үш түсті. 
Шабамын деп қуанып, 
Сӛйлесті біраз екі шер
Біріне-бірі білдіріп…, - дейді. 
Байшұбар  аттың  қуанышын  жыршының  осылайша  суреттеуі  ешқандай 
жасанды  емес,  керісінше  жан  толқырлықтай  нәзік  әрі  орынды  шығуын  жылқыға, 
оның  ішінде  ерен  жүйрік  әрі  сенімді  серік  болған  тұлпарға  деген  ел  құрметінің 
белгісі деп білуге болады. 
Еліміздің  елдік  қасиетін  ту  ғып  кӛтерген  ерлерге  қойылған  мәңгілік 
ескерткіштердің  бірі  «Ер  Тарғын»  жырында  да  батырдың  жан  серігі  адамзатта 
әйелден  Ақжүніс  болса,  жылқыдан  Тарлан  ат  еді.  Батырдың  жан  серігі  –  астына 
мінген  тұлпары.  Онсыз  ол  қанша  батыр  болса  да,  дәрменсіз  болып  қалады.  Оны 
ӛзінің сүйеніші – тірегі деп ұғады. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
137 
Айналайын Тарланым, 
Бектер мінген бедеуге, 
Сен тұрғанда бармадым! 
Қырдан қиқу тӛгілсе… 
Жалғыз-ақ сені қармадым! 
Қырдан қиқу болғанда, 
Қараңғы тұман болғанда, 
Сенімен  еді  дәрменім,  -  деп  ӛзінің  тірек-сүйеніші  болғанын  мойындайды. 
Тарлансыз Тарғын жоқ. Батырдың атына деген шексіз сүйіспеншілігін: 
Құлында емдің, тайда емдің, 
Құнан жаста арда емдің. 
Дӛнен жаста үйреттім, 
Алты қабат ала арқан 
Жібектен ӛріп сүйреттім. 
Алшақтатып ойнаттым, 
Таудан асқан тұлпарым, - деген жолдардан байқау еш қиын емес. 
Анталаған  қалың  жауды  қанатты  әрі  тӛзімді  тұлпарсыз  жеңу  де  мүмкін  емес. 
Он екі күн ұрыс салып, жауды қырып біткен соң: 
Астындағы Тарланның тұрпатына қараса
Он жеті жерден жаралы… 
Ол жараға болмайды. 
Әлі де ойын салады. 
Қос тізгінді созады… 
Шаршады Тарлан десек те, 
Жер басқаннан озады, - деп жырланады. 
Жыршы  осындай  әсірелеулер  мен  дамытуларды  орынды  қолдану  арқылы 
батырдың серігі тұлпар бейнесін шебер жасай білген. «Ылдидан салса, тӛске озған, 
ертеден шапса, кешке озған, томаға кӛзді қасқа азбан» қанатты тұлпарлардың кӛркем 
бейнелерін  сомдау  арқылы  жыршылар  жылқы  малының  халқымыздың  күнделікті 
тұрмысындағы  маңызын  және  жаугершілік  замандардағы  сәйгүліктің  орны  ел 
ӛмірінде ерекше екенін нақты кӛрсете алған. 
Жылқының  ерекше  қасиеті  тек  батырлар  жырында,  ерте  замандарда  ғана 
жырланып қойған жоқ. Ол бүгінгі күнде де бар. Қазақтың қанында бар атқұмарлық 
қасиет  неше  заман  ӛтсе  де  жоғалмақ  емес.  Кешегі  Тайбурылдың,  Байшұбардың, 
Тарланның кӛзіндей болған Құлагердің аяулы тұлғасын қазақ баласы әзір де ұмыта 
қоймас.  Оған  арнап  жазылған  Ілиястың  «Құлагер»  поэмасы  кӛркемдігі  келіскен 
ғажайып туынды. 
Тұңғыш  олимпиада  чемпионы  болған,  Жамбыл  облысындағы  Луговой  асыл 
тұқымды  жылқы  зауытының  тұлпары  Абсентті  біздер  әкелеріміздің  айтуынан 
білеміз. Бүгінде жылқы зауытының алдындағы тас тұғырға қойылған Абсенттің тас 
мүсіні еліміздің жылқыға кӛрсететін биік құрметінің куәсіндей. 
Ел  кӛлемінде  үлкен  жарыстарда  ат  бәйгесі  ӛткізіліп  тұрады.  Дала  тӛсін 
күңіренте  шапқан  сәйгүліктердің  тұяғының  дүбірінен,  қиқу  сала  айғайлап  ата 
аруағын  шақырған,  шаң-тозаң  толған  тамақтан  қарлыға  шықса  да,  қуаты  қашпаған 
құдіретті  дауыстан   арқаң  қозып,  кӛзіңнен  жас  та  шып-шып  шығып  кетеді. 
Қанымызда  бар  болғандықтан  шығар.  Қалай  болған  күнде  де  жылқы  малының 
халқымыздың дүниетанымы мен қадір-қасиетінің тӛрінде ерекше орын алғандығына 
ешкімнің дауы жоқ. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
138 
Қазақ  халқының  дүниетанымында,  ділі  мен  тілінде  жылқыға  қатысты  ӛзгеше 
философиялық және мәдени жүйе қалыптасқан. Қазақтар адам мен оның жан серігі 
атына  біртұтас  әлем  ретінде  қараған.  Адамның  азамат  қатарына  қосылуының  ӛзін 
«Ат  жалын  тартып  мінді»  деп  бейнелейді  қазақ  халқы.  Жас  баланың  алғаш  атқа 
отырғанын  атап  ӛту  рәсімі  –  тоқым  қағар  тойынан  бастап,  адамның  бұл  ӛмірден 
ӛткенінің  белгісі ат  тұлдауға дейінгі  бүкіл  пәнилік  тіршілікті  жылқымен 
байланыстырған. Сыйлы қонаққа ат мінгізу, күйеу жігіттің қалыңдық алуына алғаш 
барғанда  ат  байлауы,  ұрыс  кезінде  жау  қоршауында  қалған  қолбасшыға  ат  сүйек 
беріп  құтқару,  т.б.  дәстүрлер  жылқының  қазақ  халқының  шаруашылығында  ғана 
емес, әлеуметтік ӛмірінде де үлкен мәнге ие болғанын білдіреді. 
Қазақ  халқы  жылқыны,  ең  алдымен,  ел  қорғаны  ердің  жан  серігі  деп 
дәріптеген.  Ұлттық  мифологиядағы  иесі  қысылғанда  тіл  бітіп,  ақыл  айтатын 
тұлпарлар  (мысалы,  «Ер  Тӛстік»,  «Алтын  сақа»,  т.б.  ертегілерде),  батырлық 
жырлардағы 
ҚобыландыныңТайбурылы, 
АлпамыстыңБайшұбары, 
ҚамбардыңҚарақасқа 
аты, 
бергі 
заман 
батырлары 
ИсатайдыңАқтабаны, 
АмангелдініңШалқасқасы  иелерімен  бірге  жыр-аңызға  айналып,  ел  құрметіне 
бӛленген. Қазақ халқы жылқыны спорттық  ойын-сауықтарда (Аламан бәйге, Бәйге, 
Құнан  бәйге,  Жорға  жарыс,  Кӛкпар,  Аударыспақ,  Ат  омырауластыру,  Ат  үстінен 
тартыс, Қыз қуу, Салма ілу, Күміс ілу, т.б.) азаматтың мерейін асыратын, сал-серілік 
пен  сәнділіктің  шырайын  келтіретін  текті  жануар  деп  есептеген.  «Жылқы  сәндік 
үшін, түйе байлық үшін» деген мақалдың мәні осыны мегзейді. 
Дәстүрлі  қазақ  қоғамында  жүйрік  жылқы  тек  иесінің  ғана  емес,  бүкіл  рудың, 
аймақтың мәртебесін ӛсірген. Олар туралы  әндер мен күйлер шығарылып, есімдері 
халық  жадында  ұзақ  сақталған.  Жылқы  тұқымын  асылдандырудың,  сәйгүлік  болар 
жылқыны тай күнінен ажырата білудің, ат баптаудың қыры мен сырын жетік білетін 
мамандарды халық арасында атбегілернемесе атбаздар деп атаған. 
Дәстүрлі  қазақ  қоғамында  байлық  мӛлшері  тек  жылқымен  ғана  ӛлшенген. 
Жылқысының саны 5000-нан асатындар ғана бай санатына жатқызылған. Халықтың 
жылқы  малына  қатысты  ерекше  ықыласы,  кең  байтақ  жайылымдардың  болуы, 
жылқының қыста тебініп ӛзі жайыла алатындығы қазақ даласында бұл  түліктің кӛп 
ӛсірілуіне себеп болған. 
Қазақ  халқы  жылқы  малын  3  топқа  бӛлген.  Қазақтар  бәйгеге  қосатын  жүйрік 
жылқыларды тұлпар,  арғымақ,  сәйгүлік деп  әлпештеп,  ерекше  күтімге  алған.  Ал 
ауыр  жүк  артуға,  алыс  жолға  тӛзімді  жылқыны қазанат деп  атап,  оны  да  ерекше 
бағалаған. Ал еті мен сүті үшін ӛсіретін қалған жылқылар жабы деп аталған. 
Қазақ халқы үшін ең қасиетті болып саналатын малы – жылқы екендігі белгілі. 
Еті  мен  сүті  –  шипа,  ӛзі  кӛлік,  ер-батырларымызға  серік  жануардың  тұқымын 
жоғалтпау елімізде мықтап қолға алынған. 
Қазақтың  қанындағы  жылқы  малына  деген  махаббаты  мен  оған  деген 
сүйіспеншілігін  философиялық  деңгейдегі  танымға  ұласқан  мақал-мәтелдерінен-ақ 
аңғару қиын емес. 
Жақсы атты тай жағалайды. 
Жақсы атқа бір қамшы, 
Жаман атқа мың қамшы. 
Жақсы атын мақтар
Жаман қатынын мақтар. 
Жақсы аттың тісін ашпа, 
Жақсы адамның жасын сұрама. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
139 
Жақсы аттың жалын сатқанша, 
Жақсы жігіттің арын сақта. 
Жақсы аттың терісі, 
Қайыс болар, кӛн болмас. 
Жақсы адамның баласы, 
Ғарып болар, құл болмас. 
Жақсы аттың артынан құнан ереді
Жақсы жігіттің артынан ұлан ереді. 
Жақсы аттың жал-құйрығы, 
Әрі жібек, әрі қыл. 
Жақсы жігіттің белгісі, 
Түзде мырза, үйде құл. 
Жақсы жігіт ат қарыз алады, 
Жаман жігіт ет қарыз алады. 
Жақсы аттан жал кетсе де, 
Әл кетпейді. 
Жақсы аттан жығылса
Жаман табашыға тұрады. 
Жақсы атты күдірде сына. 
Жақсы айғыр бастауық болады, 
Текті айғыр жеңімпаз болады. 
Жақсы айғыр үйірін бӛріге алдырмас, 
Батыр жігіт ауылын ұрыға алдырмас. 
Жақсы айғыр кіндікті келеді, 
Бӛкселі айғыр бауырлы келеді. 
Жақсы бала қонаққа үйір, 
Жақсы тай атқа үйір. 
Жақсы жігіт пен жақсы ат кӛптікі. 
Жақсы би жақынына тартпайды, 
Жақсы айғыр жатырына шаппайды. 
Жақсыда мін жоқ, 
Жүйрікте сын жоқ. 
Жақсыдан жаман туады, 
Жүйріктен шабан туады. 
Жалғыз бие ғаба болмас, 
Жалғыз ағаш пана болмас. 
Жалғыз аттың пайдасы кӛп, 
Жалғыз жігіттің айласы кӛп. 
Жаңбыр – кӛктің ырысы, 
Қымыз – кӛптің ырысы. 
Жаралы болатын жігіт байталын атқа сатады, 
Жалғыз болатын жігіт ағайынды жатқа сатады. 
Жорға жүрісінен пұл болады, 
Жаман жүрісінен құл болады. 
Жорға жазда ӛлер, мырза қыста ӛлер. 
Жомарт жоқтығын білдірмейді, 
Жүйрік ат тоқтығын білдірмейді. 
Жаман ерден жайдағым жақсы, 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
140 
Жаман қатыннан бойдағым жақсы. 
Жақсы ат алдынан сүрінбейді, артынан сүрінеді. 
Тай атқа жеткізер, 
Ат мұратқа жеткізер. 
Жылқы – малдың патшасы, 
Түйе – малдың қасқасы. 
Теңге тиыннан ӛсер, 
Жылқы құлыннан ӛсер. 
Жолға салсаң – жорға, 
Жонға салсаң – жүйрік. 
Атының сыры иесіне мәлім. 
Алдыңғы айылдың батқанын, 
Иесі білмес, ат білер. 
Арық атқа қамшы ауыр. 
Осы бір қасиетті түліктің қазақ халқы үшін орны ӛте ерекше. Жылқы қазақтың 
ұлттық сана-сезім, рухани болмыс, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, мәдениет пен ӛнерінің 
тұтас бір айырылмас бӛлігіне айналып кеткен. Жарынан кейінгі жақсы кӛретін жан 
серігі, қасиеті қанына сіңген – жануар. 
Қазақ баласы жылқы түлігін тӛресіндей кӛретіні  сондай, қазақ жылқы мінезді 
деп ӛзінің мінез-құлық, бітім-болмыс, жан дүниесінің айқындаушысына айналдырып 
алған. Бұлай ӛзінің жаратылысына жылқыдан ұқсастық іздеу  – тек қазаққа ғана тән 
қасиет, әрі бұл – қазақтың осы түлікке деген аса жоғарғы құрметінің белгісі. Қазақ ат 
десе  ішкен  асын  жерге  қояды.  Жылқынының  дүбіріне,  күліктің  күмбіріне  құлақ 
қойып, елең етпес қазақ баласы сірә жоқ. 
Ат әбзелдеріне келсек, олар мыналар: 
Тебінгі – ердің қос қапталындағы үзенгі бауды басып тұратын жұқа жабылғы. 
Оны  жұмсақ  теріден  немесе  былғарыдан  жасайды.  Ол  тоқым  мен  үзенгі  бауды 
терден сақтайды. 
Таралғы  немесе  үзеңгі  бау  –  ердің  қапталындағы  ойыққа  ӛткізіліп,  үзеңгіге 
бекітілген қайыс бауды айтады. Бауды иленген қайыстан екі немесе үш елі етіп тіліп 
жасайды. 
Үзеңгі  –  атқа  мінуге,  сол  сияқты  ердің  үстінде  екі  аяқты  тіреп,  нық  отыруға, 
тебінуге мүмкіндік беретін құрал. Үзеңгі негізінен темірден жасалады, әрі оның түрі 
кӛп. Қыздар мен әйелдің үзеңгісі жеңіл әрі оюлы әшекейімен кӛз тартса, ер адамдар 
үзеңгісі берік қалың темірден жасалған. 
Жүген  –  аттың  басына  кигізілетін,  міндеті  –  атты  иесі  ырқына  бағындыруға 
кӛмектесетін  әбзел.  Жүгеннің  құрылымы:  желкелік,  милық,  кеңсірік,  қасқалық, 
сағалдырық,  сулық,  ауыздық  және  тізгін-шылбырдан  тұрады.  Жүгеннің  түрі  кӛп. 
Атап айтқанда: күміс (күмістелген) жүген, ӛрім жүген, шашақты жүген, қасқа жүген, 
үкілі жүген, түймелі жүген т.б. Жүген басына ауырлық келтіретіндей болмауы керек. 
Сондай-ақ,  ертеде  бәйбішелер  мінетін  жуас  жылқыларға  жібек  жүген  қолданатын 
болған. 
Құйысқан  –  аттың  үстіндегі  ер-тоқымы  қия  жерде  мойнына  қарай  сырғып 
кетпес  үшін,  аттың  түп  құйрығынан  ӛткізіп,  ердің  артқы  қанжығалығына  бекітетін 
қайыстан  жасалатын  құрал.  Құйысқанның  екі  жақтауы  және  жаңбырлық  – 
салпыншақ атты жылқының сауырын жапқан үзбелері болады. Ӛмілдірік – ер артқа 
қарай сырғып кетпеу үшін аттың омырауын орай тағылған құрал. Ӛмілдірік – тӛсбау 
және айылбас салпыншақтардан тұрады. Тӛстаудың міндеті – омыраудағы ӛмілдірік 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
141 
аттың  бауыздауына  қарай  сырғып  кетпеу  үшін,  бір  ұшы  тӛс  айылға  байланып 
тұрады.  Ӛмілдірікті  жұмсақ  қайыстан,  сәндеп  жасайды.  Жасалу  үлгісі  мен 
пошымына  қарай  –  ӛрмелі,  шытыралы,  түймелі,  үзбелі,  күмістелген  т.б.  ӛмілдірік 
түрлері бар. 
Айыл  –  аттың  үстіндегі  ер-тұрманды  нық  ұстап  тұратын,  жалпақтығы  екі  елі 
қайыс  құрал.  Айыл  ердің  қамшылар  жағына  бекітіліп,  аттың  бауырынан  ӛткізіліп, 
жырымға  қосылады.  Айылдың  міндетіне  қарай  –  тӛс  айыл  және  шап  айыл  деп 
бӛледі.Таға – аттың тұяғына қағылатын ат әбзелі. Таулы-тасты жерлерде жылқының 
тұяғы мүжілмес үшін және майтабанына тас батпас үшін атты тағалап отырады. 
Шідер,  тұсамыс,  ӛре  –  мініс  мал  немесе  сауынды  биелер  ұзап  кетпес  үшін 
жылқылардың аяғына тағылатын әбзел. Тұсамыс не тұсау – жылқының алдыңғы екі 
аяғына тағылатын арқаннан есілген әбзел. 
Қамшы  –  атқа  мінген  адамды  қамшысыз  елестету  мүмкін  емес.  Алда-жалда 
қамшысыз  міне  қалсаңыз  қамшылар  жақ  қолыңызбен  ауық-ауық  аттың  сауырын 
сыйпалап  қалатыныңыз  анық.  Әрине,  егер  үнемі  атқа  мініп  жүрген  жан  болсаңыз. 
Сонымен,  қамшы,  біріншіден,  аттың  жылдамдығын  арттыру  үшін  қажетті  құрал 
болса, екіншіден, қару ретінде де пайдаланылған. Басына қорғасын құйылып ӛрілген 
бұзаубас қамшылармен дәлдеп ұрғанда қасқырдың тұмсығын қақ бӛлуге де болады. 
Қамшы алты ӛрім, сегіз ӛрім, тоғыз ӛрім болып кете береді. 
Осы  жұмысты  жазудағы  бірден-бір  мақсатымыз:  еліміз  егеменділігін  алып, 
еңсесін түзеп келе жатқанда, біз де ӛз ұлттық болмысымызды ұмытпауымыз керек. 
Жылқы қазақтың жаны мен қанына сіңіп кеткендігінің дәлелі «қанатты жылқының» 
мүсіні  Алтын  адамның  киімінен  табылған.  Елтаңбамызда  бейнеленген  «Қанатты 
жылқы»  да  соның  дәлелі  емес  пе?  Сондықтан,  достар,  ата-дәстүрімізді  ұлықтауды 
ұмытпайық. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет