Зерттеуші



Pdf көрінісі
бет18/20
Дата06.03.2017
өлшемі5,03 Mb.
#8002
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Болжам.Егер біз тіс пен ауыз қуысының ауруына әсерін тигізетін факторларды 
оқып,  зерттесек,  онда  халық  арасындағы  аурулардың  санын  тӛмендетуге  әкелетін 
ағартушылық жұмысты жүргізе аламыз. 
Денсаулықты  жақсарту  мақсатында  жыл  сайын  18  жасқа  дейінгі  балалар 
профилактикалық  медициналық  байқаудан  ӛткізіледі.  Медициналық  байқаудан  ӛту 
кезінде балалар сонымен қатар тіс дәрігерінің кабинетінде де тексеріледі. 
Мемлекет  те  стоматология  саласына  кӛмек  кӛрсетіп  отырады.  Тіс  дәрігерінің 
медициналық  тексерісінен  ӛту  кезінде  18  жасқа  дейінгі  оқушыда  тісжегі  (кариес) 
анықталса,  оны  тегін  емдейді,  ӛйткені  мемлекет  тісжегісі  бар  балалардың  тегін 
емделуі үшін жыл сайын ақша қаражатын бӛліп отырады. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
149 
Мен ӛз мектебімнің бастауыш сыныптары арасында 2013 жылдан 2014 жылға 
дейінгі  тексеріс  кезінде  тісжегісі  анықталған  оқушылардың  пайыз  санын 
салыстырдым.  Нәтижесі  мынадай  болды:  жылдан  жылға  тісжегісімен  ауыратын 
балалар саны артып отырған. Оның себебі гигиенаны сақтамау, дұрыс тамақтанбау. 
Тісжегі  ауруының себептері  дұрыс тамақтанбау  болып табылады. Қантты кӛп 
мӛлшерде  қолдану,  ұннан  жасалған  тәтті  тағамдарды  кӛп  пайдалану,  тамақ 
құрамында  шикі  жемістер  мен  кӛкӛністердің  болмауы,  оларды  шайнау  кезінде 
тістердің ӛзіндік тазалануы жүреді. 
Негізгі  бӛлім.  Тіс  аурулары:  тісжегі  (кариес),  ұлпа  қабынуы  (пульпит), 
периодонтит, тіс тасы (пародонтит), цементома. 
Тіс  пен  ауыз  қуысын  күту  гигиенасын  білмеу  және  оны  сақтамау  тісжегінің 
дамуының келесі себебі болып табылады. Ауыз қуысының жеке гигиенасының негізі 
– тістерді дұрыс және үнемі тазалап отыру. 
Адамның ауыз қуысында үнемі бактериялар жүреді. Алғаш рет бактерияларды 
дәл сол тіс қағында голланд ғалымы А. Левенгук (1683) анықтады. Бактериялардың 
тіршілік  әрекетінің  ӛнімі  қышқылдар  болып  табылады,  олардың  бӛлінуі  тістің 
бұзылу  процесінің  басталуына  жәрдемдесуі  мүмкін.  Профилактикалық  байқаудан 
ӛту  үшін  жарты  жылда  бір  рет  дәрігерге  кӛріну  әдетінің  жоқтығы  –  тістеріңізді 
жоғалтып алуда тәуекел етуіңіздің кейбір себептері ғана. 
Енді тісіміз туралы айтатын болсақ, тіс – біздің денеміздегі ең қатты зат. Тістің 
негізгі қызметі – тамақты шайнау. Тіс жақ сүйектен ӛседі. Адам дүниеге келгеннен 
кейін,  алты  ай  болғанда  бастап  шығады  –  ол  «сүт  тіс»  деп  аталады.  Алты  жасқа 
толғанда  сүт  тістер  түсе  бастайды,  түскен  тістің  орнына  «негізгі  тістер»  шығады. 
Олардың кӛлемі үлкендеу, барлық тістер сыйып тұруы үшін сонымен бірге адамның 
жақтары да ӛседі. Он екі жасқа толғанда барлық тіс жаңарып болады. Адамдардың 
кӛпшілігі 20 жасқа толғанда 32 тісі толық шығып болады. 
Тіс қабығын  «эмаль» жауып тұрады. Тамақты шайнаған кезде ауыз қуысынан 
қышқыл бӛлінеді, бұл эмальді бұзады. Сондықтан тісті тамақтан соң тазалап, жуып 
тұру керек. 
Тіс щеткасы осыдан мың жылдай уақыт бұрын араб еліндегі мұсылмандардан 
тараған.  «Арак»  ағашынан  дайындалған  тіс  щеткасы  «мисуәк»  деп  аталған.  Бертін 
келе,  тіс  щеткасын  Қытайда  жасаған.  Кӛп  ұзамай,  оны  саудагерлер  Еуропаға 
апарған.  Уақыт  ӛте  келе,  бұл  щеткалардың  бірі  қатты,  ал  екіншісі  тым  жұмсақ 
болғандықтан,  нейлон  талшығынан  жасалған  тіс  щеткасы  шығарылды.  АҚШ-та 
электрлі  тіс  щеткасы  қолданысқа  енді.  Қазіргі  біз  пайдаланып  жүрген  тіс 
щеткасының қысқаша тарихы осындай. 
Тіс  щеткасын  таңдау.  Балаларға  арналған  тіс  щеткасы  сабы  қалың  болса, 
балаға  ұстауға  ыңғайлы.  Талшықтары  жиі  және  дӛңгелек  щеткалар  тіс  еттерінің 
қанамауын қамтамасыз етеді және жұмсақ болады. 
Тісті қалай жуу керек? Тісті күніне екі рет жуып тұрған абзал. Таңертеңгісін, 
кешке  астан  соң,  ұйқы  алдында.  Себебі  астан  кейінгі  қалдықтар  тіс  қуыстарында 
қалып қойған, тістің шіруіне алып келеді. Дұрыс жуылған тіске құрт түспейді. Тісті 
кем  дегенде,  үш  минут  жуу  қажет.  Ӛйткені  тіс  пастасы  тісті  қажетті  заттармен 
қамтамасыз  етеді.  Тіс  жуғанда,  щетканы  күрек  тістен  азу  тістерге  дейін  жеңіл 
қозғалыспен  айналдыра  ысып  шығасыз.  Одан  соң,  күрек  тістер  арқылы  екінші  жақ 
бӛлігін, ысып шығасыз. Үстіңгі және астыңғы тістерді де кезек-кезек ысқылайсыз. 
Тіс гигиенасы. Тісті күніне 2 рет жұмсақтығы орташа тіс щеткасымен тазалау; 
тіс щеткасын үш айда бір рет ауыстырып тұру; тамақтан соң әр уақытта тісті шайып 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
150 
тұру; жылына 2 рет тіс дәрігеріне кӛріну; тамаққа қатты ӛнімдерді пайдаланбау; тіс 
щеткасы  қатаң  түрде  әр  адамда  жеке  болуы;  қант,  конфет,  тәтті  тоқаш  тағамдарын 
азырақ пайдаланған жӛн. 
Бүгінгі  таңда,  ӛкінішке  қарай,  тістері  сау  адамды  анда-санда  кездестіруге 
болады.  Тіпті  болмағанда  ауыз  қуысын  дұрыс  күту;  тісті  күніне  екі  рет  –  таңертең 
және ұйықтар алдында ысып, тазалау; тісті дұрыс тазалау техникасын сақтау; күніне 
жоқ дегенде бір рет тістің арасын тіске арналған жіппен тазалап отыру; ауыз қуысын 
шаятын  арнайы  сұйықтықтарды  пайдалану;  тіс  тазалағыштарын  пайдалану;  дұрыс 
тамақтану;  тіс  щеткасын  әр  3  ай  сайын  ауыстырып  отыру  қажет.  Егер  адам  осы 
қарапайым ережелерді сақтап отырмаса, онда тісжегі пайда болуы мүмкін. 
Ауыз қуысының гигиенасы қанқұрттың пайда болуының алдын алуда маңызды 
болып  табылады.  Гигиенаны  сақтамау  пародонтоз,  ауыздың  қуысынан  жағымсыз 
иiсте  болуы,  гингивитке  әкеледі.  Тіс  күн  сайынғы  тазалауды  қажет  ететіндігі  де 
сондықтан. Сонымен қатар кәсіби деңгейде де тазалау жұмыстарын жүргізіп отырған 
орынды.  Бұл  процедуралар  тіс  қуыстарындағы  тасты  тазарту  үшін  қажет.  Бӛпенiң 
алғаш шыққан тiстерiн күту үшiн арнайы денталь майлықтарын қолдану ұсынылады. 
9 ақпан – Халықаралық тіс дәрігері кҥні. Бұл мереке жылдан жылға кеңінен 
танылып  келеді.  Бұл  дәстүр  249  жылы  дәл  9  ақпан  күні  қайтыс  болған  Аполлония 
есімді  қыздың  құрметіне  аталып  ӛте  бастапты.  Аполлония  –  александриялық 
шенеуніктің  қызы,  сол  кездегі  кӛпқұдайлылықтан  бас  тартып,  христиандыққа  бет 
бұрған. Сол үшін билік оны ауыр азапқа салып, ӛлтірмек болады. Ал ол кісендерін 
шешкізудің айласын тауып, ӛзі отқа секіріп ӛледі. Кейінгі ұрпақ Аполлонияның бұл 
қадамын христиандық ерлік деп бағалап, оны қасиетті адам деп таныды. Және оның 
есімін атаса, тіс ауруы басылатынына сенген. 
Тіс  иегінің  саулығы  үшін  ауыз  қуысын  тамақ  қалдықтарынан  келесі 
құралдардың  кӛмегімен  тазартып  тұру  қажет:  тіс  щеткасы,  тіс  пастасы,  тіс  жібі 
(флосс), ауызды шайқауға арналған сұйықтық. 
Тіс  щеткасын  қалай  пайдалану  керек?  Тісіңізді  кем  дегенде  күніне  екі  рет 
тазалау қажет:  таңғы астан кейін таңертең, түнде ұйықтар алдында, соңғы тамақты 
қабылдаған соң. 
Тазалау  барысы.  Тіс  тазаларда  міндетті  түрде  щетканы  жуып  алыңыз. 
Щеткаға  аздап  тіс  пастасын  жағасыз.  Щетканың  басын  қызыл  иек  сызығына  45 
градус  бұрыш  етіп  ұстаңыз.  Иектен  тістің  ӛткір  жағына  қарай  кішкентай  дӛңгелек 
қозғалыстармен  барлық  тістеріңізді мұқият  тазалаңыз.  Әр  тістің  іш  жағын  да 
дӛңгелек  қозғалыстармен  тазалау  керек.  Щетка  тістің  ӛткір  ұшына  перпендикуляр 
етіп қойылады. 
Тістің  сыртқы  жағын  щетканы  айналдыра  отырып  тазалаңыз.  Астыңғы  және 
үстіңгі азу тістердің шайнайтын бетін ысқылаңыз. Тазалауды қызыл иекті уқалаумен 
аяқтаңыз.  Аузыңызды  жауып  тұрып,  щеткамен  тісіңіз  бен  иегіңізді  дӛңгелек 
қозғалыстармен уқалаңыз. Тілді де тазалау қажет. Ол үшін арнайы құрал қолданған 
дұрыс.  Тілдің  арт  жағынан  бастап,  алдыңғы  ұшына  дейін  абайлап  «қырыңыз». 
Щетканы жуып, бас жағын жоғары қаратып, стақанға қойыңыз. 
Тіс  щеткасын  қаншалықты  жиі  ауыстырып  тҧру  керек?  Қолдану 
барысында щетка ескіреді. Оның қызмет ету мерзімі адамның тіс тазалау жиілігіне, 
тазалау  ұзақтығына,  щеткамен  уқалау  күшіне  және  тіс  пастасына  да  байланысты. 
Дұрысында тісті күніне екі  рет, үш минуттан, 50-70 г күшпен  уқалау қажет. Сонда 
щетканы шамамен үш айда бір рет ауыстырып тұрса жеткілікті. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
151 
Щетканы  ауыстыру  қажеттігін  оның  түрінің  ӛзгеруінен  де  байқауға  болады. 
Тұмау,  тамақ,  тағы  басқа  жұқпалы  аурулармен  ауырып,  жазылғасын  да  щетканы 
ауыстырған жӛн. 
Тіс  жібін  қалай  қолдану  керек?  Тіс  жібі  тіс  арасында  тұрып  қалған  тамақ 
қалдықтары  мен  тіс  дақтарын  тазалауға  арналған.  Щетка  оны  толық  тазалай 
алмағандықтан, тіс жібі міндетті қосымша құрал болып есептеледі. Сондықтан тамақ 
ішкеннен кейін, тісті щеткамен уқалап, кейін тіс жібімен тазалау қажет. 
Тазалау барысы. Тәжірибе №1.  Кассетадан 30-40 см жіп тартып шығарасыз. 
Жіптің кӛп бӛлігін сол қолыңыздың ортаңғы саусағына орайсыз. Қалған бӛлігін оң 
қолыңыздың  ортаңғы  саусағына  ораңыз.  Сонда  саусақтар  арасында  10  см  жіп  қалу 
керек.  Жіпті  сұқ  саусақ  пен  бас  бармақтың  кӛмегімен  тартып,  тіс  арасына  абайлап 
ӛткізіңіз.  Жіпті  тістің  ӛткір  жағына  қарай  қозғалта  отырып,  тазалаңыз.  Яғни, 
астыңғы  жақ  үшін  тӛменнен  жоғары  қарай,  үстіңгі  жақ  тістерін  жоғарыдан  тӛмен 
қарай тазалайсыз. 
Одан  кейін  жіп  қызыл  иектен  шығарылады,  бірақ  тіс  арасынан  алмаңыз.  Дәл 
осылай  қасындағы  келесі  тіс  тазаланады.  Енді  барып,  жіпті  тіс  арасынан  шығаруға 
болады.  Жіптің  қолданылған  бӛлігі  оң  қолдың  ортаңғы  саусағына  оралады.  Ал  сол 
қолдың  ортаңғы  саусағынан  жіптің  жаңа  бӛлігі  тарқатылады.  Осындай  тәртіппен 
барлық  тіс  тазаланады.  Есіңізде  сақтаңыз:  екі  тістің  бір  аралығын  тазалаған  жіп 
бӛлігін екінші рет қолданбаңыз. 40 см барлық тісіңізге жетеді. 
Тәжірибе №2. Тісті дҧрыс тазалау. Оңға-солға қарай мақта қалдықтары қалып 
қалды. Оңға-солға қарай дӛңгелектете ысқылағанда мақта қалдықтары шықты. 
Тіс  тазалаудың  тиімді  жолы.  Тіс  иегінің  саулығы  үшін  ауыз  қуысын  тамақ 
қалдықтарынан келесі құралдардың кӛмегімен тазартып тұру қажет: тіс щеткасы, тіс 
пастасы, тіс жібі (флосс), ауызды шайқауға арналған сұйықтық. 
Тіс  туралы  қызықты  деректер.  Ұлуда  шамамен  25  мың  тіс  бар.  Адамның 
тісіне алғаш боп ат берген Гиппократ. Ол баланың тісі сүттен шығады деп есептеген 
соң «сүт тіс» деп атаған. Адам атаның аузында 30 тіс болыпты деседі. Сондықтан да, 
айда  отыз  күн  бар.  Құрамындағы  шоколад,  яғни,  какао-ұнтақ  кариестің  дамуына 
бӛгет болады. 
Исаак Ньютонның тісі әлемдегі ең қымбат тіс болып табылады. Ол 1816 жылы 
қазіргі  бағамен  3,300  долларға  сатылған.  Оны  Аристократ  сатып  алып,  жүзігіне 
тағып  қойған  екен.  Жапондардың  айтуынша,  тісті  күніне  3  мәрте  тазалау  артық 
салмақтан арылтуға септігін тигізеді-міс. Тіс үшін ең қауіпті спорт – хоккей. Кәсіби 
хоккейшілердің 68 пайызы алаңда бір-бірден болса да, тістерін жоғалтқан. Ағзадағы 
кальцидің 99 пайызы тісте. 
Ӛткен  ғасырдың  60-жылдарындағы  зерттеу  бойынша,  тіс  щеткасының  3000 
түрлі  моделі  ойлап  табылған.  Вермонт  штатының  (АҚШ)  заңы  бойынша,  әйел 
күйеуінің  жазбаша  рұқсатынсыз  тіс  протезін  тағып  жүре  алмайды.  Қытайда  «Ӛз 
тісіме деген махаббат күні» атты ұлттық мейрам бар екен. Ол мерекені қытайлықтар 
20  қыркүйекте  тойлайтын  кӛрінеді.  Род-Айленд  (АҚШ)  заңы  дүкендерінде  тіс 
щеткаларын сенбі күні сатуға тыйым салады. 
Қорытынды. Тісіміздің саулығын қалай сақтауымыз қажет? Ол үшін тісімізді 
әр  тамақтан  кейін  ысуымыз  қажет.  Бактерияға  қарсы  қорғанысты  ұзақ  уақыт  бойы 
қамтамасыз  ететін  фтордан  тұратын  тіс  пастасын  пайдаланып,  тіске  арналған 
жіптерді,  тісті  шаятын  арнайы  сұйықтықтарды  қолдануымыз  қажет.  Ең  бастысы 
жылына екі реттен кем емес тіс дәрігеріне кӛрініп тұруымыз қажет. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
152 
Сау  тістермен  күлімсіреу  –  бұл  саулықтың,  әдеміліктің,  сәнділіктің  және 
мәртебеліліктің  кӛрінісі!  Тісіміз  сау  болу  үшін  мына  ережені  тағы  да  бір  естеріңе 
салайын: 
- Тісті күніне 2 рет тазалау; 
- Тамақтан соң ауызды шаю; 
- Ыстық тамақтан соң суық су ішпеу; 
- Қатты заттарды тіспен шақпау; 
- Тәттіні кӛп жемеу; 
- Тіс дәрігеріне жиі кӛріну; 
- Әркім ӛзінің жеке тіс щеткасын пайдалану. 
 
Әдебиеттер 
1  Баль  Л.В.,  Ветрова  В.В.  Денсаулық  әліппесі.  Для  школьников  и  младших 
школьников. – М.: ТЦ «Сфера», 2000. 
2  Зайцев  Г.К.,  Зайцев  А.Г.  Твое  здоровье:  Укрепление  организма.  –  СПб.: 
Акцидент, 1997. 
3 Білім құмарларға арналған энциклопедия. Қайдан және неге? – М.: Махаон, 
2012. 
4 Лаврова С. Занимательная медицина. – М., 2012. 
5 Интернет кӛзі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
153 
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ 
ҦЙЫМДАСТЫРҒАН «ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІ – ОҚУШЫ КӚЗІМЕН» АТТЫ 
ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНА ТҤСКЕН ЖҦМЫСТАР 
 
АҚЫЛБАЙ Диас Нҧрланҧлы, 
№ 17 орта мектебінің 3 «В» сынып оқушысы, Кӛкшетау қаласы, 
Ақмола облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: БАЛПАНОВА Гульмира Оразалиновна, 
№ 17 орта мектебінің бастауыш сынып мҧғалімі, Кӛкшетау қаласы, 
Ақмола облысы, Қазақстан Республикасы 
 
МҦСА АСАЙЫНОВТЫҢ ӚМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ 
 
 
 
Кіріспе.  Зерттеудің  ӛзектілігі.  Кӛкшетау  –  бүкіл  қазақ  даласына  танымал 
әйгілі  салдар  мен  серілер  мекені.  Біржан  сал,  Ақан  сері,  Үкілі  Ыбырай,  Балуан 
Шолақтар негізінен ХІХ ғасырдың ортасы, ХХ ғасырдың басында ӛмір сүріп, асқақ 
әндері мен тамаша ӛлең-жырларын қалдырды. 
Балабақша,  мектептегі  тәрбие  сағаттарында,  ән-күй,  ана  тілі,  қазақ  әдебиеті 
пәндерін  ӛту  барысында  біз  олар  туралы  кӛптеген  мәліметтер  игердік.  Сонымен 
қатар  Кӛкшетау  қаласындағы  әдебиет  және  ӛнер  музейіне  экскурсия  жасаған  кезде 
біз  кӛкшелік  сал-серілердің  ӛмірі  мен  шығармашылығы  туралы  дәріс  тыңдап, 
экспонаттарды тамашаладық. 
Телехабарларды  кӛру,  газет-журналдарды  оқу,  Ақан  сері  мен  Біржан  сал 
туралы  кӛркем  фильмдерді  тамашалау  барысында  мені  «Кӛкшетаудың  атақты  сал-
серілерінің ӛнегелі жолын ХХ ғасырда жалғастырып, дамытқан қандай әнші ақындар 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
154 
болды екен?» деген сұрақ қызықтырды. Осы бағытта ізденіс жасауды мақсат еттім. 
Себебі,  ӛткен  ғасырда  Қазақстанның  солтүстік  ӛңірінде,  соның  ішінде  Кӛкшетауда 
қазақ  халқының  сандық  үлесі  азайып,  қазақ  мектептері  жабылып,  тіліміз  бен 
мәдениетіміздің сақталуына үлкен қатер тӛнгенін білеміз. 
Осындай  күрделі  кезде  қазақтың  әнін,  айтыс  ӛнерін,  поэзиясын  халыққа 
насихаттауға  ғұмырын  арнаған  тұлғаларды  құрметтеу  керек  деп  білемін.  Және 
осындай  құрметке,  еске  алып,  насихаттауға  лайық  ӛнер  адамының  бірі  –  ақын, 
сазгер,  айтыскер  Мұса  Асайынов  екеніне  кӛз  жеткіздім.  Мұса  Асайыновтың  ӛмірі 
мен  шығармашылығына  ғылыми  шолу  жасау  –  жұмысымның  ӛзектілігі  де  осы 
болып табылады. 
Зерттеу жҧмысының мақсаты – қазіргі күні арнайы зерттеушілерге болмаса, 
есімін  біз  қатарлы  жас  буын  біле  бермейтін  талантты  ӛнерпаз,  ақын,  сазгер  Мұса 
Асайыновтың ӛмірі мен шығармашылығын зерттеу және ӛз қатарластарыма, жалпы 
кӛпшілікке мүмкіндігінше таныстыру. 
Зерттеу  жҧмысының  міндеттері.  Зерттеу  жұмысының  мақсатын  іске  асыру 
үшін мынадай міндеттерді жүзеге асыру кӛзделді: 
-  Мұса  Асайыновтың  ӛмірі  мен  шығармашылығы  туралы  мәліметтерді 
қарастыру; 
-  Мұса  Асайыновтың  жазып  қалдырған  еңбектерінің  зерттелуі,  олардың 
тақырыбы мен мазмұны туралы мәліметтерге тоқталу; 
-  Мұса  Асайынов  шығармашылығын  қарастыра  отырып,  ондағы  кӛркемдік 
ерекшеліктерді ашып кӛрсету; 
-  Жинақталған  мәліметтер  менжасалаған  жұмыстар  нәтижесін  қорытындылау, 
жұмысты аяқтау. 
Зерттеу  нысаны.  Ақын,  әнші,  сазгер  Мұса  Асайыновтың  ӛмірі  мен 
шығармашылығы ғылыми жұмыстың зерттеу нысаны ретінде алынды. 
Зерттеудің  әдістері.  Ғылыми  жобаны  тақырыбы  бойыншазерттеу  барысында 
жинақтау,  салыстыру,  саралау,  сипаттау,  талдау,  даралау,  қорыту  т.б.  ғылыми 
әдістер қолданылды. 
Зерттеу жҧмысының ғылыми жаңалығы. Арқа салдары мен серілерінің ХХ 
ғасырдағы мұрагері Мұса Асайыновтың ӛмірі мен шығармашылығына осыған дейін 
жинақталған  мәліметтерге  сүйене  отырып  зерттеу  жасауымыз,  ӛзімізше  ой 
қорытуымыз – ғылыми жұмысымыздың жаңалығы болып табылады. 
Зерттеу  жҧмысының  тәжірибелік  маңыздылығы.  Зерттеу  жұмысы 
нәтижесінде жинақталған мәліметтерді жергілікті ӛлкені танып білу, мұражай қорын 
байыту  үшін,  сонымен  бірге  қазақ  әдебиеті,  тарих  т.б.  пәндерді  ӛту  барысында 
қосымша материал ретінде қолдануға болады. 
Зерттеу  жҧмысының  қҧрылымы.  Зерттеу  жұмысы  кіріспе,  негізгі  бӛлім, 
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. 
Зерттеу  болжамы.  Зерттеу  жұмысы  бойынша  жинақталған  мәліметтер  әлі  де 
кеңірек  зерттеуді  қажет  етеді.  Мұса  Асайынов  шығармашылығы  болашақта  толық 
зерттеліп, жинақталып, бірнеше том болып жарық кӛреді, Кӛкшетау қаласындағы бір 
кӛшеге ақын, сазгердің есімі берілетін болады. 
Негізгі  бӛлім.  Мҧса  Асайыновтың  ӛмірі  мен  шығармашылығы.  Мҧса 
Асайынов шығармашылығының зерттелуі. Мұса Асайынов – біз кіріспе бӛлімде 
атап  ӛткен  әйгілі  сал-серілердің  ӛнерін  ХХ  ғасырда  жалғастырушылардың  бірі.  Ол 
Ақан  сері,  Үкілі  Ыбырай,  Балуан  Шолақтардың  әндерін  ӛткен  ғасырға  жеткізуші 
Молдахмет  Тырбиевтің  шәкірті.  Мұса  Асайынов  бар  ғұмырын  қазақтың  ән  ӛнерін, 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
155 
айтысын  насихаттап,  дамытуға  арнаған  адам  екендігіне  оның  шығармашылығымен 
танысу арқылы кӛз жеткіздік. 
Мұса  Асайынов  –  тамаша  әнші,  сазгер,  лирик  ақын.  Сонымен  бірге  суырып 
салма  айтыс  ақыны.  Осындай  сан  қырлы  талантты  тұлғаның  қалдырған  әдеби, 
музыкалық  мұралары  кӛп  болған.  Ақынның  «Аңшының  аңызы»  (1978  ж.), 
«Жүрегімнің жұлдызы» (1999 ж.) атты жинақтары шыққан екен. Кейін осы екі кітап 
пен кейін табылған ӛлеңдері мен айтыстары «Ынтық жүрек лүпілі» (2009 ж.) деген 
атпен жарық кӛреді. Алғашқы кітабы ақын Еркеш Ибраһимнің жинақтауымен жарық 
кӛреді.  Ал  екінші,  үшінші  кітабы  әйгілі  ақын  Кәкімбек  Салықовтың  толықтырып, 
басшылық жасауымен шыққан екен. 
Мұса  Асайынов  шығармаларының  жинақталуы  жӛнінде  Қазақстанның  Халық 
жазушысы, ақынның туған бӛлесі Кәкімбек Салықов былай деп атап кӛрсетеді: «Бұл 
ұсынылып  отырған  жаңа  жинаққа  үш  үйіндегі  мұрағаттарынан  алып  және  асыл 
достардың,  бауырларымыздың  тапсырған  ӛлеңдерін  қостық.  Әлі  де  толық  жинағы 
деп  айта  алмаймыз,  ол  –  болашақтың  ісі»  [1,  13].  Яғни,  Мұса  Асайыновтың 
жарияланбаған  әдеби  еңбектері  Кӛкшетау  ӛңіріндегі  тұрғындардың  жеке 
мұрағатында  әлі  де  кӛп  деген  сӛз.  Бұған  зерттеу  жүргізу  барысында  кӛз  жеткіздік, 
ақын ӛлеңдерінің түпнұсқа қолжазбаларын  сақтап отырған адамдар расында да бар 
екен. 
Мұса  Асайыновтың  шығармашылығы  жайлы  әр  жылдары  облыстық, 
республикалық  газеттерде  кӛптеген  мақалалар  мен  естеліктер  жарық  кӛрген  екен. 
Яғни,  ӛткен  ғасырдың  соңына  дейін  Мұса  Асайынов  есімі,  шығармашылығы 
Кӛкшетау  аймағына  кеңінен  таныс  болғандығы  байқалады.  Алайда  біздің 
ғасырымызда  ақын-әншінің  есімін  Кӛкшетау  ӛңірінің  аса  біле  бермейтіндігіне  біз 
сауалнама жүргізу арқылы кӛз жеткіздік. 
Бұған  қандай  себеп  барына  сұрау  салу  барысында  мынадай  жағдайлар 
айқындалды: 
-  кезінде  Кӛкшетау  қаласының  әдебиеті  мен  мәдениеті  дамуына  зор  үлес 
қосқан Мұса Асайынов есімін ӛзіміз қатарлы жас буынға таныту жұмыстарының жас 
буын арасында лайықты деңгейде жүргізілмеуі; 
-  ақын  туып-ӛскен  және  сонда  жерленген  бұрынғы  Кӛкшетау  облысының 
Володар (қазіргі  Айыртау)  ауданы бүгінде Солтүстік Қазақстан облысы құрамында 
болғандығы да біршама әсерін тигізуі мүмкін; 
- Мұса Асайынов және басқа да кӛкшелік белгілі ақындар мен жазушылардың 
есімін  елді  мекендер,  кӛшелер,  саябақтар,  гүлзарлар,  ӛнер  мектептері  мен 
ұжымдарына  беру,  тұрған  үйіне  ескерткіш  тақта  орнату  т.б.  арқылы  есте  мәңгі 
қалдырудың толық жүзеге аспауы сияқты жағдайларды атай аламыз. 
Мұса  Асайыновтың  ӛмірі  мен  шығармашылығын  зерттеу  барысында  біз 
ұрпақтарымен  кездесіп,  туған  ауылы  Ӛскенге  (Үкілі  Ыбырай)  барып,  кӛзін  кӛрген 
жерлестерімен жүздесіп, ақынның қабірі басында болып зиярат еттік. 
Мұса  Асайыновтың  шығармашылығы  туралы  ӛткен  ғасырда  Кәкімбек 
Салықов,  Еркеш  Ибраһим,  Кӛкен  Шәкеев,  Тӛлеген  Қажыбай  т.б.  ақындар  мен 
жазушылар  ӛз  пікірлерін  қалдырған.  Мектепте  бірге  оқыған  досы,  сазгер,  ақын 
Кәрім  Ілиясов  Мұса  ақын  туралы  «Ақтангер  ақын  еді,  талмас  талант»  атты  естелік 
мақала жазумен бірге оған арнап ән де шығарған екен. 
Мұса Асайыновтың талантына бас иіп, оған ӛлең, ән арнаған ақындардың бірі – 
Иран  Тасқараұлы.  Мұса  Асайынов  мұраларының  халық  туған  бӛлесі,  әйгілі  ақын 
Кәкімбек  Салықовпен  қатар  бір  сыныпта  оқыған  досы,  белгілі  қоғам  қайраткері 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
156 
Еркін  Нұржанұлы  Әуелбековтің  де  ықпалы  болған  екен.  Газет-журналдардағы 
бірнеше  мақалалар  мен  мектеп  оқушыларының  шағын  кӛлемді  ғылыми 
жобаларынан  ӛзге,  Мұса  Асайыновтың  ӛмірі  мен  шығармашылығы  туралы  толық 
ғылыми жұмыс әлі күнге дейін жүргізілмеген деп айта аламыз. 
 
Кӛкшетаулық  ӛнер  адамдары  туралы  еңбектерде  ақынның  шығармашылығы 
жайлы  айтып  ӛтетінін  кӛреміз.  Мысалы,  әдебиеттанушы  ғалым  Ғарифолла 
Әбілқасовтың  «Есіл-Кӛкше ӛңіріндегі ақындық дәстүрдің қалыптасып дамуы» атты 
монографиясында  Мұса  Асайыновтың  Әміре,  Шәкен,  Қалия,  Молдахмет 
ақындардың  шәкірті  ретінде  қарастырады.  Ақынның  қызы  Зылиха  Винклер-
Асаинованың «Жизнь в еѐ ипостасях» атты кітабында да Мұса Асайыновтың ӛміріне 
қатысты кӛптеген деректер бар. 
Мұса Асайыновтың ӛмірі мен шығармашылығының зерттелуі туралы қысқаша 
кеңінен  тоқталғанда  осылай.  Біз  келесі  тараушада  ақын,  әншінің  ӛмірі  мен 
шығармашылығы туралы кеңірек тоқталатын боламыз. 
Мҧса  Асайыновтыңӛмірі  мен  шығармашылық  жолы.  Лирик  әрі  айтыс 
ақыны,  әнші,  композитор  Мұса  Мырзағұлұлы  Асайынов  1929  жылы  Кӛкшетау 
облысы,  Володар  ауданы,  Ӛскен  аулында  (қазіргі  Солтүстік  Қазақстан  облысы, 
Айыртау ауданы, Үкілі Ыбырай ауылы) Мырзағұл мен Бағидың отбасында дүниеге 
келеді.  Қазақтың  Орта  жүзіндегі  Арғынның  Қарауыл  руынан  тарайтын  Мұса 
ақынның арғы аталары да белгілі адамдар болыпты. Бабасы Сәбден Абылай ханның 
батыры әрі палуаны атаныпты. Сонымен бірге Сәбден батыр зергер ұсталығымен де 
аты шығыпты. 
Сәбденнің  Деріпсал  деген  баласынан  Әбіле,  Маңдай,  Сандыбай  туады. 
Маңдайдан  Асайын  одан  Мырзағұл,  Мырзағұлдан  Мұса  туады.  Ал  Сандыбайдан 
әйгілі  Үкілі  Ыбырай  туған.  Яғни,  Мұса  Асайыновтың  әнші,  әрі  ақын  болуы  барша 
қазақ халқына танымал Үкілі Ыбырай атасына тартқандығы болса керек. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
157 
Мұсаның  әкесі  Мырзағұл  домбырашы  адам  болыпты.  Алайда  Мұсаның 
кішкентай  кезінде  әкесі  ӛмірден  ӛтіп,  анасы  Бағидың  тәрбиесінде  ӛседі.  Мұса 
жастайынан ән мен күйге, сӛз ӛнеріне жуық ӛсіп, нағашысы Молдахмет Тырбиевке 
шәкірт болады. Молдахмет Тырбиев – халық ақыны, Үкілі Ыбырайдың тӛл шәкірті, 
әншілігімен,  ақындығымен  ӛз  заманында  барша  Қазақстанға  танымал  болыпты.  Ол 
шәкірті  Мұсаға  Шӛже,  Арыстанбай,  Орынбай  сияқты  ақындардың  айтыстарын, 
Біржан сал, Ақан сері,  Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырайлардың әндерін, ӛлеңдерін бар 
мәнерімен  үйретеді.  Осылайша  Мұса  ақын  бала  жасынан  «әнші  Мұса»  деп  атала 
бастайды. 
Кӛрші  ауыл  Сырымбеттегі  мектепте  ұстазы,  белгілі  қоғам  қайраткері  Бәйкен 
Әшімовтен  сабақ  алып,  Еркін  Әуелбеков,  Кәрім  Ілиясовтармен  бірге  оқиды. 
Мұсаның балалық, оқушылық ӛмір Ұлы Отан соғысының ауыр кезеңіне тап келеді. 
Майданға  аттанған  ересектердің  орнын  басып,  егін  салып,  мал  бағуға  тура  келеді. 
Бірге  оқыған  досы  Кәрім  Есмағұлов  ӛз  естелігінде  былай  деп  жазады:  «...Жұмыс 
соңында жетекшіміз Бәйкен Әшімовтің басшылығымен Жартӛбенің астында, шама-
шарқымызша  концерт  қойып,  қажыған  колхозшылардың  кӛңілін  кӛтердік.  Сабақ 
арасындағы  үлкен  үзілісте  де  Асайыновтың  ән  айтып,  домбыра  тартқанын 
қалайтынбыз» [1, 127]. 
Осылайша  талантымен  елге  танылған  Мұса  Асайынов  орта  мектепте  оқып 
жүріп,  1946  жылы  Қызылжар  қаласындағы  филармонияға  әншілікке  қабылданады. 
Жастайынан  ӛкпе  сырқатына  ұшыраған  талантты  ӛнерпаздың  үлкен  қалаларға 
барып,  арнайы  білім  алуына  мүмкіндігі  болмайды.  Қызылжарда  ӛзінің  талантымен 
танылған Мұса Асайынов бір топ ӛнерпаз жолдастарымен бірге Кӛкшетау қаласына 
кӛшіп  келіп  ӛнерпаздар  тобын  құрады.  Кейіннен  Кӛкшетау  қаласында  Ленин 
атындағы  мәдениет  сарайы  (қазіргі  «Кӛкшетау»  мәдениет  сарайы)  салынғанда  бұл 
топты ансамбльге айналдырып, ӛзі кӛркемдік жетекшісі болады. 
Ӛткен ғасырдың 60-70-жылдары бұл ансамбль кӛптеген шетелдерде гастрольге 
шығып,  танымал  болумен  қатар,  сол  кездегі  Кеңес  Одағының  астанасы  Мәскеудің 
Кремль  сарайында  13  рет  концерт  береді.  Осы  ансамбльде  қызмет  еткен  кӛптеген 
адамдар  Қазақстанның  белгілі  ӛнер  жұлдыздарына  айналады.  Мысалы,  Мұса 
Асайыновтың шәкірті Қапаш Құлышева Қазақстанның еңбек сіңірген артисі атанса, 
ақын Кӛкен Шәкеев Қазақстанның халық  ақыны, Қазақстан айтыскерлер одағының 
президенті  болды.  Ал  сазгер,  әнші  Кәрім  Ілиясов  Қазақстан  ӛнеріне  еңбек  сіңірген 
қайраткері  атанған.  Қызы  Зылиха  апайдың  жазуынша,  сол  кездегі  ел  астанасы 
Алматыдағы «Гүлдер» ансамбліне жетекшілік жасауға екі рет шақырғанымен, Мұса 
Мырзағұлұлы, біріншіден, денсаулығы кӛтермейтіндіктен, екіншіден, туған ӛлкесін 
қимағандықтан, бас тартады [2, 129]. 
Ансамбльдің  кӛркемдік  жетекшісі,  композиторлығы,  жазба  және  айтыс 
ақындығына қоса, Мұса Асайынов музыка зерттеушісі, актер әрі сценарист болыпты. 
Кӛкшетау  сахнасында  қойылған  түрлі  концерттер  мен  кештердің  сценарийлерін 
жазып, Ғ. Мүсірепов, С. Жүнісов т.б. драмаларында басты рӛлдерді ойнайды. 
Кӛкшетау,  Солтүстік  Қазақстан  ӛлкесінде  ертеректе  ӛмір  сүрген  кӛптеген 
әншілердің ұмыт бола бастаған әндері мен күйлерін таспаға түсіріп орындауға да зор 
үлес  қосады.  Бұл  жӛнінде  әйгілі  композитор,  академик  Ахмет  Жұбанов  ӛзінің 
«Замана бұлбұлдары» атты еңбегінде атап кӛрсетеді [3, 125]. 
Мұса Асайыновтың қазақ ӛнері мен мәдениетін дамытуға қосқан зор үлесі үшін 
оған  1960  жылы  Қазақстанның  еңбек  сіңірген  мәдениет  қайраткері  атағы  беріледі. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
158 
Қазақстанның  халық  артисі  атағына  ұсынылғанымен,  ӛмірден  ӛтуіне  байланысты 
алып үлгермейді. 
Мұса Мырзағұлұлының Ақжүніс, Фатима, Зылиха атты қыздары, Еркін, Еркеш 
атты  ұлдарынан  тараған  немерелері  мен  шӛберелері  Қазақстан  мен  ӛзге  елдерде 
тұрып  жатыр.  Мұса  ақынның  қолжазбалары  мен  әр  кезеңде  түскен  фотосуреттері 
кӛптеп  сақталған.  Мұса  ақынның  портреті  мен  мінезін  туған  бӛлесі  Кәкімбек 
Салықов былайша сӛзбен суреттейді: «Мұса – орта бойлы, қараторы, кең маңдайлы, 
ақжарқын,  қапсағай  келген  қыр  мұрынды,  керімсал  келбетімен  алыстан  кӛз 
тартатын.  Жарасымды  киініп, бойын таза  ұстап  ӛтті.  Жаны  елгезек,  қолындағысын 
айналасына  таратпай  тынбайтын,  кӛпшіл  де  сепшіл,  сенгіш  те  нанғыш,  жаны  таза, 
бауырмал-тын» [1, 4]. 
Ал  ӛнердегі  серігі,  сан  реткі  айтыстағы  қарсыласы  болған  Кӛкен  Шәкеев 
ақынның бейнесін ӛлеңмен былай деп береді: 
Қарасұр, мұрындылау, ӛткір кӛзді, 
Жасынан ұнататын жарқын сӛзді... 
...Жатпайтын сол жақ шашы – қайырса да, 
Қайтпайтын тӛбесінен жай ұрса да. 
Мінезі, кескін-кейпі кӛз алдымда, 
Мезгілсіз бізді тағдыр айырса да. 
...Бірдей еді ауылға, қалаға да, 
Ән айтты, театрда, далада да. 
Ақкӛңіл, ақжолтайдың ӛзі еді ғой, 
Сенетін «солай» десең, балаға да [4, 76]. 
Жоғарыда  келтірген  үзінділерден  және  туған  аулындағы  үлкен  қариялармен 
әңгімелесу  барысында  біз  ақынның  ақкӛңіл  де  мейірбан  жан  болғандығын  айқын 
таныдық.  Мұса  Асайынов  кезінде  «Кӛкшетау  правдасы»  газетінде  жұмыс  істеп, 
журналистика  саласында  да  еңбектенген  екен.  Бұл  да  болса  талантты  тұлғаның 
ерекше бір қыры болса керек. 
Әнші,  айтыскер,  жазба  ақын,  композитор,  журналист,  ӛнертанушы  Мұса 
Асайынов талантының толысқан шағында 1976 жылы 8 қаңтар күні ұзаққа созылған 
науқастан ӛмірден ӛтеді. Ӛзінің ӛсиеті бойынша туған ауылы Ӛскенге (қазіргі Үкілі 
Ыбырай) жерленеді. 
Мұса  Асайыновтың  ӛмірінде  шығармашылық  тұрғыда  әріптестік  байланыс 
жасап,  онымен  достық  қарым-қатынаста  болған  адамдардың  ішінде  Кәкімбек 
Салықов,  Кӛкен  Шәкеев,  Еркеш  Ибраһим,  Кәрім  Ілиясовтарды  ерекше  атауға 
болады.  Кәкімбек  Салықовтың  ӛнердегі  туыстығынан  ӛзге,  туған  бӛлелер  екен. 
Яғни,  Мұсаның  анасы  Бағи  мен  Кәкімбек  ақынның  анасы  Ақық  –  апалы-сіңілілі 
адамдар. 
Мұса  Асайыновтың  ӛмір  жолы  туралы  деректерді  қысқаша  баяндағанда 
осындай.  Біз  келесі  тараушаларда  ӛнерпаз  тұлғаның  әдебиет  саласындағы 
еңбектеріне тоқталамыз. 
Мҧса  Асайынов  –  лирик  ақын.  Мұса  Асайынов  –  кӛптеген  лирикалық 
ӛлеңдер  мен  поэмалар  жазған  дарынды  ақын.  Ақын  ӛлеңдерінің  тақырыбы  –  туған 
жердің кӛркем табиғаты, кӛңілдің алуан түрлі күйлері, арнаулар т.б. болып келетінін 
кӛреміз. 
Ақын болу – кӛп ӛлең жолында ма? 
Бұрқыраған жылма-жыл томында ма? 
Жоқ, батырым, тап-таза ӛлең керек, 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
159 
Жеңіл жолға бұрылма, мойындама [1, 43], - деп жырлаған Мұса ақын ӛлеңді аз 
да  болса,  сапалы  жазу  керектігін  ескертеді.  Мұны  ақынның  ӛлеңдерінен  байқауға 
болады.  Ақынның  қазірге  дейін  табылған  ӛлеңдерінің  бірсыпырасы  Кӛкшетау 
ӛңірінің  табиғатын  жырлауға  арналған.  Ақын  бұл  ӛлеңдерінде  адам  тағдыры  мен 
табиғатты қатар алып отырады. Мысалы: 
Аршындасын, жыр сұңқары самғасын
Асыл арман, ақ қанаты талмасын. 
Жалғызтаудың жалғыз ӛскен ұлы едім, 
Жүрегімнің  лүпілі  үміт  жалғасын  [1,  47],  -  деп  толғанады.  Ақынның  бастан 
кешкен  тағдыры  –  оның  ӛлеңдерінен  айқын  кӛрінеді.  Жалғыз  апасы  Ермектен  де 
ерте айрылып, бір отбасында жалғыз ӛскен ол ӛзін жапандағы Жалғызтауға теңейді. 
 
Жасынан  ауыр  сырқатқа  шалдыққан  ақынның  кӛп  ӛлеңдерінде  осы  жағдай 
аңғарылады: 
Ауыр сырқат адамды оңдыра ма? 
Құс кӛңілді бір жерге қондыра ма? 
Ақ қағазға айта алмай кей сырымды, 
Байлап қойдым перне ғып, домбырама [1, 29]. 
Мұса  ақын  Кӛкшетаудың  кӛркем  ӛңірлері  Бурабай,  Айыртау,  Сырымбет, 
Жалғызтаулардың әсем суреттерін ӛлеңмен бейнелейді. Әсіресе, Айыртауға арнаған 
ӛлеңдері біршама: 
Атыңнан айналайын, Айыртауым, 
Аз емес, саған жастай таңырқауым. 
Қиядан кӛзім түссе басылатын, 
Үкілі бабамды ойлап жабырқауым. 
Егіз шың – қол ұстасып, жер тескендей, 
Тату дос, тау басында тел ӛскендей... 
Құлашын кӛк теңіздей жайған керім, 
Тұлғаңа қарап жатыр Саумалкӛлім... [1, 30]. 
Бұл ӛлең жолдарынан Мұса ақынның туған жерге деген балалық махаббатын, 
ӛткен ӛмірге деген сағынышын сезінеріміз анық. Ақынның арнау ӛлеңдерінен де сол 
ӛзі ӛлең арнаған жандардың ӛзіндік ерекшелігін, ақын сезінген игі мінезін танимыз. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
160 
«Дәрігер  Қоңыратбек  Құнанбаевқа»  атты  ӛлеңінде  ақын  ӛзінің  денсаулығы  үшін 
алаң  болып,  бар  қолынан  келгенін  аямай  жүрген  дәрігер  інісінің  ақ  пейілін  анық 
аңғартады: 
Болар ма еді, кейде бір кӛнуге де, 
Ажал келсе біздерді бӛлуге де. 
Менен артық қиналған жан ұшқының, 
Ұялтады тым жеңіл ӛлуге де [4, 21]. 
Сәбит  Мұқанов,  Ғабит  Мүсірепов  сияқты  қазақ  әдебиетінің  белгілі 
тұлғаларымен жақсы қарым-қатынаста болған Мұса Асайыновтың әдебиеттен білімі 
де жоғары болғанын кӛзін кӛргендер айтады. 
Ақын  кӛптеген  шағын  ӛлеңдермен  қатар  бірнеше  поэмалар  мен  толғаулар  да 
жазған. Олардың тақырыбы  – табиғат пен адам, ӛз заманында болып жатқан үлкен 
оқиғалар туралы болып келеді. 
«Аңшы  аңызы»  атты  лирикалық  поэмасында  ақын  Қонақбай  атты  атақты 
мергеннің құс ату үшін кӛлге келгенде басынан кешкен оқиғасын баяндайды. Аңшы 
кӛлдегі қазды атпақ болады. Алайда ол қаздың қамыстың ар жағында жеті балапаны 
бар екен: 
Үлпектер, алтын жібек түбіттері, 
Келеді жеті нүкте жүзіп бері. 
Қала ма, жеті сәби жетім болып
Маржандай қирап қалған жүзіктегі [1, 67]. 
Тізілген жеті балапанды кӛргенде сасқалақтап қалған аңшының осы сәттегі іс-
әрекетін ақын былай деп кӛрсетеді: 
Сол кезде сертшіл мерген сасып қалды, 
Аяныш жеңді, ӛр мінез жасып қалды. 
Бірақ та қол жүрекке бағынбады, 
Дағдылы іс... шүріппені басып қалды [1, 68]. 
Осылайша,  аңшының  мылтығы  атылып  кетеді  де,  одан  ары  қарайғы  оқиғаны 
ақын былай деп суреттейді: 
Сарт етті... от жарқ етті... су дір етті, 
Зор дүркін сай-саланы күңірентті. 
Болды іс – ойламаған, болжамаған, 
Шалқайды, шаңқай түсті іңір етті [1, 68]. 
Ақыры  оқиға  аңшының  жүгіріп  жүргенде  байқамай  мылтығының  аузына  құм 
толып  қалғандықтан,  оқ  қазға  тимей,  аңшының  ӛзі  жаралануымен  аяқталады. 
Ақынның  ізгі  жүрегі  әлемде  ешбір  жан  иесі  жетім  қалмауы  тиіс  дегенді  ӛз 
шығармасы арқылы айтқан деп білеміз. 
Мұса Асайынов толғауларының бірі – «Батырларға мың алғыс» – Кӛкшетаудан 
Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  туып  шыққан  Янко,  Мәлік  Ғабдуллин,  Рамазан 
Елебаев сияқты қаһармандардың ерлігін дәріптеуге арналған патриоттық шығарма. 
Оқжетпестей ӛр тұлға, 
Батыр Мәлік кӛкшелік. 
Қаптаған жауды еңсеріп, 
Қайратын кекке жаныған. 
Ардагер батыр ерлігі, 
Қан майданда танылған. 
Сазайын тартқан талай жау, 
Ажал қуып сабылған [1, 77]. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
161 
Кеңес  Одағының  батыры,  даңқты  жерлесіміз  Мәлік  Ғабдуллиннің  майданда 
кӛрсеткен  ерен  ерлігін  Мұса  ақын  осылай  жырлаған  екен.  Мұса  Асайыновтың 
ӛлеңдері  мен  поэма,  толғауларының  тақырыбы  сан  алуан  болумен  қатар,  олардың 
құрылысы да әр түрлі екендігін кӛреміз. Мысалы, кӛптеген ӛлеңдері он бір буынды 
болса, жоғарыдағы толғауы 7-8 буынды ӛлең түрінде жазылған. 
Мұса Асайыновтың лирикалық жырларында кейіптеу, эпитет, теңеу, метафора 
сияқты  кӛркем  айшықтаулардың  алуан  түрі  қолданылған  деуге  болады.  Мұның  ӛзі 
жеке зерттеу тақырыбы болғандықтан, біз арнайы тоқталмауды жӛн кӛрдік. 
Мҧса  Асайынов  –  танымал  әнші,  композитор.  Қазақта  «сегіз  қырлы,  бір 
сырлы»  дейтін  ұғым  бар  екенін  білеміз.  Осы  атау  Мұса  Асайыновқа  арналғандай 
десек,  артық  болмаған  болар  еді.  Әнші,  ақын,  айтыскер,  домбырашы,  композитор, 
журналист,  ӛнертанушы,  шебер  ұйымдастырушы,  актер  және  басқа  да  ӛнер  бір 
басына сыйғандығын атауға болады. 
«Қаздарына  дейін  ән  салады»  деп  атағы  алысқа  кеткен  Айыртаудың  Ӛскен 
ауылында  туып-ӛскен  Мұса  Асайынов  –  15-16  жасынан  бастап,  ӛмірінің  соңына 
дейін  әншілік  ӛнерімен  шұғылданып,  Арқа  сал-серілерінің  әндерін  бүгінгі  күнге 
жеткізуге  зор  үлес  қосқан  ӛнерпаз  екендігін  оның  ӛмір  жолына  қарап  аңғаруға 
болады.  Мұса  Асайыновтың  әншілігі  туралы  ақын  Кәкімбек  Салықов  былай  деп 
жазады:  «Мұсаның  дауысы  ӛте  биік  тенор.  Ал  дыбыс  кӛлемінің  аумағы,  музыка 
тілінде,  диапазоны  орасан  кең,  ӛзге  адамда  кездеспес  айрықша  жоғары-тын. 
Мұсаның  әнінен  бесіктегі  бала  тәтті  ұйқысынан  оянып  шыр  етсе,  тыңдап  отырған 
қауым да ілкім сәтте селк ете қалып, шошып оянғандай, еріксіз күліп жіберетін» [1, 
5]. 
Мұса  Асайынов  Үкілі  Ыбырайдың  кӛптеген  әндерін  орындап,  халыққа 
таратушы.  Ол  бұл  әндерді  ӛзінің  ұстазы  Молдахмет  Тырбиевтен  үйренеді. 
Қазақстанның  белгілі  әншілері  Қайрат  Байбосынов  пен  Қапаш  Құлышевалардың 
орындауындағы  Үкілі  Ыбырай  және  басқа  да  Кӛкше  әншілерінің  әндерін  орындау 
мәнерінде  Мұса  Асайыновтың  да  еңбегі  барын  ақын  Кәкімбек  Салықов  орынды 
ескертіп ӛтеді. 
Ақын  Кәкімбек  Салықов  сонымен  қатар,  Мұса  Асайынов  Біржан  сал,  Ақан 
серінің,  әсіресе  Үкілі  Ыбырай  мен  Балуан  Шолақ  әндерінің  қазіргі  қалпында 
мәңгілік  сақталуына  аса  зор  үлес  қосқандығын  ерекше  атай  отырып,  Үкілі 
Ыбырайдың  «Гәкку»,  «Кӛкше»,  «Дүние»  әндерін  ӛз  даусымен  Қазақстан 
Республикасы  Ұлттық  музыка  қорына  жаздырғанын  «таптырмас  байлық»  деп 
бағалайды. 
«Мың  бұрауға  кӛнетін  үзімтал  да  сезімтал  асыл  дауыс  анасының  ақ  сүтімен 
келсе,  сал-серілердің  әншілік  шеберлігін  жас  ӛнерпаз  Молдекеңнен үйренді.  Құдай 
бергенде,  Молдекең  ӛте  жақсы  әнші,  үздік  домбырашылығымен  Біржан  салдың, 
Ақанның,  Ыбырайдың,  Балуан  Шолақтың  әндерін  орындағанда  әрқайсысының  ӛз 
ырғағын,  ӛз  сарынын,  ӛз  музыкалық  һәм  орындаушылық  ерекшеліктерін,  тума 
мақамын  айнытпай  түсіретін»  [1,  6],  -  деп  Мұса  Асайыновтың  тәлім  алған  ұстазы 
туралы ақын Кәкімбек Салықов ерекше тоқталып ӛтеді. 
Молдахмет  Тырбиевтен  тәлім  алған  Мұса  Асайыновтың  ӛзі  де  жанынан  ән 
шығарған композитор болғандығын Кәрім Ілиясов, Кәкімбек Салықов және басқа да 
ӛнер  адамдары  атап  ӛтеді.  «Тың  сұлуы»,  «Алматым»,  «Қанша  қыз»,  «Шабытым» 
қатарлы лирикалық әндері кезінде халық арасында кең тараған екен. 
Әндетемін, Үкілі Ыбырай бабамша, 
Қуанар ем, ұзаққа даусым бара алса. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
162 
Мен әйтеуір, талай әнін жеткіздім, 
Кейінгі ұрпақ қағып алып, жаңарса [1, 59]. 
Бүгінгі  күні  Мұса  Асайынов  жеткізіп  кеткен  Үкілі  Ыбырай  әндерін  ӛзі 
айтқандай «кейінгі ұрпақ қағып алып, жаңарып жатқаны» анық. 
Мҧса Асайыновтың айтыскерлік ӛнері. Бір басына сан түрлі ӛнер тоғысқан 
Мұса Асайыновтың ерекше қырларының бірі – суырыпсалма ақындығы деп білеміз. 
Ұлы  атасы  Үкілі  Ыбырай,  ұстаз  нағашысы  Молдахмет  Тырбиевтер  сияқты,  Мұса 
ақын да бала кезінен ӛз жанынан табан аузында ӛлең шығаруға машықтанып ӛседі. 
Досы  Кәрім  Ілиясовтың  естелігінде  Ұлы  Отан  соғысының  алғашқы  жылы  егін 
жинауда  жүрген  он  бір  жасар  Мұса  астындағы  ӛгізі  жүрмей  қойғанда,  айырды 
домбыра қылып былай деп ӛлеңдеткен екен: 
Ала ӛгіз енді қитарланып тұрмайды, 
Әкеліңдер, талғажау етсін қурайды. 
Жан тапсырса әлдеқалай бұл неме, 
Болсаңдаршы, құнын бізден сұрайды! [4, 80]. 
Осылайша  жасынан  ойдан  құрап  айтуға  шеберлігін танытқан Мұса  Асайынов 
1958 жылдан бастап Айыртау ауданының намысын қорғап айтысқа шыға бастайды. 
Бұдан  кейін  Кӛкшетау  облысының  үздік  ақыны  ретінде  республикалық  деңгейдегі 
айтыстарға қатысады. 
 
Жамбылдың  125  жылдығына  орай  Алматыда  ӛткен  айтыста  бірінші  орынды 
иеленеді. Осы айтыста ақын ӛзін былай деп таныстырады: 
Мен келдім кербез Кӛкше бауырынан, 
Сал-сері, ақындардың ауылынан. 
Шабытым найзағайды жұлып алар, 
Кӛктемнің от-жасынды жауынынан. 
Әнім бар, сілкіндірер Алатауды, 
Үнім бар тебірентер Қаратауды. 
Балқиды қарт жүректер кӛне кӛзді, 
Жамбылды кӛріп қалған шал атаулы [1, 36]. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
163 
Осылайша, Мұса ақын ӛзінің ақындығы мен әншілігін Алматы халқына айқын 
танытады. 
Мұса  ақынмен  бірге  талай  айтыстарға  қатысқан  белгілі  айтыс  ақыны  Кӛкен 
Шәкеев  былай  деген  екен:  «Мұсамен  айтысып,  тең  түсіп  те,  кем  түсіп  те  жүрген 
күндерім  болды.  Бірақ  ол  жеңдім  деп  тӛс  қақпайтын.  Қандай  айтыс  ақыны  қарсы 
шықса  да,  Үкілі  Ыбырайдың  немересі  дегенде  бір  шошынатын.  Айтыс  аламанын 
бастап,  тасқындата  шырқай  жӛнеліп,  шапқан  аттай  құйындатқанда,  айтысып 
отырғанымды ұмытып, сӛз тыңдап ұйып қалушы едім» [1, 12]. 
Мұса  ақынның  кӛп  айтыстарының  мәтіні  немесе  таспасы  сақталмаған.  Бізге 
жеткені  Нұрмияш  Кӛбеновпен,  Тұяқ  Мақитовпен,  Қабиден  Жаудановпен,  Совет 
Баймағамбетовпен айтыстары. 
Ӛткен  ғасырдың  60-70-жылдары  сахнада  суырып  салып  айта  алмайтын 
ақындар  да  айтысқа  шығады  екен.  Олар  қағазға  жазып  келіп,  соны  жайып  қойып 
оқып  немесе  жаттап  айтатын  болған.  Сондай  бір  қарсыласының  айтысына  кӛңілі 
толмаған Мұса ақын былай деп намысын қайрайды: 
Ақыным, айтысалық сыр жасырмай, 
Іс бітпес айқай менен шу басылмай. 
Сӛзіме бӛгелместен жауап қайтар, 
Жырыңмен жазып алған мырзасынбай [1, 100]. 
Ал  Щучье  ауданының  ақыны  Нұрмияш  Кӛбеновпен  болған  айтыста  да 
айыртаулық Мұса ақын қарсыласына ӛзінің деңгейі жоғары ақын екендігін айтады: 
Жиылып кӛпшіліктің отыр бәрі, 
Қалайша тебіренбесін ақын жаны. 
Сен түгіл Павлодар мен Қостанайдың
Келмеген деңгейіме ақындары [1, 111]. 
Ақын  әрбір  айтысына  мұқият  дайындалып,  кӛрші  аудан  немесе  облыстың 
шаруашылығындағы  кемшіліктерді  сахнада  қарсыласын  жеңу  үшін  орынды  дәл 
кӛрсете отырып ӛткір сынайды: 
Біткендей бар жұмысың құйындадың, 
Сылбырлық әдеттен бір тыйылмадың. 
Қыс бойы чарльстон биін билеп, 
Азынап шыққан жоқ па сиырларың [1, 100]. 
Мұса  ақын  ХХ  ғасырдың  екінші  жартысындағы  ең  үздік  ақындардың  бірі 
болғандығына белгілі айтыскер ақын Кӛкен Шәкеевтің мына жыр жолдары куә: 
Артында сӛзі қалса, ӛлгені жоқ, 
Айтыста ешбір ақын жеңгені жоқ. 
Атақты сан ақынмен айтыссам да, 
Ақынды дәл Мұсадай кӛргенім жоқ [4, 76]. 
Мұса  Асайыновтың  сан  қырлы  ӛнерінің  бірі  –  айтыскерлігі  туралы  осыны 
айтуға  болады.  Ӛзі  ӛмір  сүрген  кезеңдегі  газеттер  мен  журналдарда, 
аудиотаспаларда ақынның айтыстары сақталуы мүмкін дегенді жасы үлкен адамдар 
айтады. Бұл да болашақ зерттеуді қажет ететін бағыт болмақ деп білеміз. 
Қорытынды.  Біз  сан  қырлы  талантты  тұлға  Мұса  Асайыновтың  ӛмірі  мен 
шығармашылық  жолын  ғылыми-зерттеу  жұмысымыздың  ӛзегі  ретінде  ала  отырып, 
аталған  тақырыпта  жұмыс  жасадық.  Зерттеу  барысында  қол  жеткізіп,  жинақтаған 
материалдар  мен  мағлұматтар  аталған  ғылыми  жобаның  кӛрсетілген  кӛлеміне 
сыймайтындығын атап ӛткен жӛн. 
Зерттеу барысында мынадай қорытындылар жасалды: 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
164 
-  Мұса  Асайынов  –  ӛткен  ғасырлардағы  сал-серілердің  ХХ  ғасырдағы  заңды 
жалғасы. Оған ӛнерпаз тұлғаның сан қырлы таланты мен еңбегі айқын куә болады; 
- Мұса Асайынов – тамаша лирик ақын. Шығармалары аз да болса, тақырыбы 
мәнді, идеясы айқын, кӛркемдігі биік; 
- Мұса Асайынов – Арқадағы ән ӛнерін ХХ ғасырда лайықты сақтап, келешек 
ұрпаққа табыстап кеткен ӛнерпаз тұлға; 
-  Мұса  Асайынов  –  қазақтың  айтыс  ӛнері  тоқыраған  кезеңде  ӛмір  сүріп,  оны 
шынайы түрде таныта білген айтыскер ақын. 
Ізденіс  жұмыстарының  қорытынды  нәтижесінде  және  қазіргі  кезең  жағдайын 
байланысты мынадай ұсыныстар туындады: 
-  Мұса  Асайыновтың  шығармашылығы  әлі  де  зерттеп,  толықтыруды  қажет 
етеді. Жеке тұлғалардың қолындағы ақын қолжазбалары немесе олардың кӛшірмесі 
жинақталса; 
 
 
Көкен Шәкеев пен Мұса Асайынов 
 
-  Мұса  Асайыновтың  туған  халқы,  елі  мен  жері  үшін  жасаған  еңбегін, 
шығармашылығын қазіргі кезеңде, болашақта ұмыттырмай насихаттау үшін мәдени 
мекеме немесе ӛнер ұжымына, кӛшеге есімін беру бастамасы кӛтерілсе; 
-  Кӛкшетау  қаласындағы  ӛнер  мектептерінде  Мұса  Асайынов  атындағы 
стипендия тағайындалса. 
Бұлардың барлығы да маңызды. 
 
Әдебиеттер 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
165 
1 Асайынов М. Ынтық жүрек лүпілі. – Астана: Фолиант, 2009. – 136 б. 
2  Винклер-Асаинова  З.  Жизнь  в  еѐ  ипостасях.  –  Нюрнберг:  Books  Demand 
Gmbh, 2010. – 136 б. 
3 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – Алматы: Ӛнер, 1975. – 287 б. 
4 Асайынов М. Жүрегімнің жұлдызы. – Алматы: Жібек жолы, 1999. – 86 б. 
 
 
 
 
 
 
 
СЕРІКБАЙ Гҥлнҧр, 
ученица 7 «Б» класса специализированной школы «Мурагер» 
со специализированными классами для одаренных детей с обучением на трех 
языках», город Кызылорда, Кызылординская область, Республика Казахстан 
 
Руководитель: ОНАЛБАЕВА Айнур Серикбаевна, 
учитель русского языка и литературы специализированной школы «Мурагер» 
со специализированными классами для одаренных детей с обучением на трех 
языках», город Кызылорда, Кызылординская область, Республика Казахстан 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет