Зерттеуші


-пана  Есімдерден зат есім тудыратын жұрнақ  бас-пана



Pdf көрінісі
бет7/20
Дата28.12.2016
өлшемі4,05 Mb.
#596
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20

-пана 
Есімдерден зат есім тудыратын жұрнақ 
бас-пана 
-пыз, -піз 
Жіктік жалғауы І жақ 
келіп-піз 
-пын, -пін 
Жіктік жалғауы І жақ 
жүріп-пін 
-пен, -пенен 
Көмектес септік жалғауы 
үміт-пен 
-пайынша 
Үстеу тудыратын жұрнақ 
айт-пайынша 
-пейінше 
Үстеу тудыратын жұрнақ 
кет-пейінше 
-Р- 
-р1 
Есімшенің жұрнағы 
оқы-р 
-р2 
Есімдерден етістік 
қысқа-р 
-р3 
Өзгелік етіс жұрнағы 
сөйле-р 
-рақ 
Салыстырмалы шырай 
жақсы-рақ 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
45 
-рек 
Салыстырмалы шырай 
кіші-рек 
-С- 
-с1 
Есімшенің болымсыз түрі 
жүрме-с 
-с2 
Етістіктен зат есім 
төбеле-с 
-с3 
Ортақ етіс  
сөйле-с 
-са, -се 
Шартты райдың жұрнағы 
шық-са 
-сың, -сің 
Жіктік жалғауы ІІ жақ 
бара-сың 
-сыз, -сіз 
Жіктік жалғауы ІІ жақ 
бара-сыз 
-сыңдар 
Жіктік жалғауы ІІ жақ 
бара-сыңдар 
-сіңдер 
Жіктік жалғауы ІІ жақ 
келе-сіңдер 
-сын, -сін 
Жіктік жалғауы  ІІІ ж. 
тұр-сын 
-сын, -сін2 
Үстеу тудыратын жұрнақ 
кешкі-сін 
-сын, -сін3 
Есімдерден етістік 
көп-сін 
-сы, -сі 
Жіктік жалғауы ІІІж. 
жүргі-сі 
-сы, -сі2 
Тәуелдік жалғау ІІІжақ 
ана-сы 
-сымақ 
Зат есімнің рең мәні 
ақын-сымақ 
-сыра, -сіре 
Есімдерден етістік 
күлім-сіре 
-Т- 
-т1 
Өзгелік етіс 
шақыр-т 
-т2 
Етістіктен зат есім 
бөге-т 
-та, -те 
Жатыс септік 
сырт-та 
-та, -те 
Есімдерден етістік 
тіс-те 
-тан, -тен1 
Есімдерден етістік 
тамақ-тан 
-тан, -тен2 
Шығыс септіктің жалғауы 
іш-тен 
-тан, -тен3 
Топтау сан есім 
жетпіс-тен 
-тай, -тей 
Есімдерден сын есім 
сүт-тей 
-тай, -тей1 
Зат есімнің рең мәні 
апа-тай 
-тай, -тей2 
Үстеу жасайтын 
қыс-тай 
-тай, -тей3 
Болжалдық сан есім 
он-он бес-тей 
-тайын, -
тейін 
Үстеу жасайтын 
қыс-тайын 
-таған, -
теген 
Болжалдық сан есім 
қырық-таған 
-тал, -тел 
Есімдерден сын есім 
сезім-тал 
-тас, -тес 
Есімдерден етістік 
дос-тас, өш-тес 
-тас, -тес 
Есімдерден сын есім 
сынып-тас 
-тау, -теу 
Туынды үстеу 
кеш-теу 
-тау, -теу 
Салыстырмалы шырай 
алыс-тау 
-тап, -теп 
Болжалдық сан есім 
бес-бес-теп 
-тар, -тер 
Көптік жалғауы 
жас-тар 
-ты1 
Табыс септік (зат есімге жалғанса) 
шарт-ты 
-ты1 
Жедел өткен шақ (етістікке жалғанса) 
жет-ті 
-ты3 
Есімдерден сын есім 
атақ-ты адам 
-тың, -тің 
Ілік септік жалғауы 
іс-тің 
-тыр, -тір 
Өзгелік етіс 
жап-тыр 
-тық, -тік 
Есімдерден сын есім 
қыс-тық киім 
тық, -тік  
Есімдерден зат есім 
дос-тық 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
46 
-У- 
-у1 
Тұйық етістіктің жұрнағы 
кел-у 
-у2 
Еліктеу сөзден зат есім 
дүмп-у 
-у3 
Етістіктен зат есім 
жама-у, көсе-у 
-улы, -улі 
Етістіктен сын есім 
ас-улы, кер-улі 
-уық, -уік 
Етістіктен сын есім 
жыла-уық 
-уыл, -уіл 
Етістіктен зат есім 
қара-уыл 
-уыш, -уіш 
Етістіктен зат есім 
тіре-уіш 
-Х- 
-хана 
Есімдерден зат есім 
кітап-хана 
-Ш- 
-ш 
Зат есімнің рең мәні 
қалқа-ш 
-ша, -ше 
Зат есімнің рең мәні 
бала-ша 
-шақ, -шек1 
Зат есімнің рең мәні 
іні-шек 
-шақ, -шек2 
Етістіктен сын есім 
мақтан-шақ 
-шаң, -шең 
Есімдерден сын есім 
бой-шаң 
-шама, -
шеме 
Туынды үстеу 
сон-шама 
-шалық 
Туынды үстеу 
сон-шалық 
-шыл, -шіл2 
Сын есімнің шырайы 
ақ-шыл 
-шылтым 
Сын есімнің шырайы 
ақ-шылтым 
-шілтім 
Сын есімнің шырайы 
көк-шілтім 
-шілік 
Есімдерден зат есім 
адамгер-шілік 
-шылық 
Есімдерден зат есім 
шаруа-шылық 
-шық, -шік 
Зат есімнің рең мәні 
үй-шік 
-шы, -ші1 
Есімдерден зат есім 
би-ші 
-шы, -ші2 
Өтіну тілек мәнді білдіретін жұрнақ 
кел-ші 
-шы, -ші3 
Еліктеу сөзден  етістік 
дөңбек-ші 
-Ы- 
-ы  
Есімдерден сын есім 
қазақ-ы 
-ы2 
Есімдерден етістік 
бай-ы 
-ы3 
Тәуелдік жалғауы ІІІ жақ 
аталар-ы 
-ыңыз 
Тәуелдік жалғауы ІІ жақ 
достар-ыңыз 
-ыңыз2 
Жіктік жалғауы ІІ жақ 
бар-ыңыз 
-ыңдар 
Жіктік жалғауы ІІ жақ 
бар-ыңдар 
-ыңқыра 
Етістіктен етістік тудыратын жұрнақ 
айт-ыңқыра 
-ынды 
Етістіктен зат есім 
жу-ынды ішті 
-ыншы 
Реттік сан есім 
он-ыншы 
-ымсы 
Есімдерден етістік 
-ымсы            
-ын1 
Туынды үстеу 
жасыр-ын 
-ын2 
Өздік етіс 
жу-ын 
-ын3 
Етістіктен зат есім 
жау-ын 
-ың1 
Тәуелдік жалғауы ІІ жақ 
аталар-ың 
-ыңқы 
Етістіктен сын есім 
бас-ыңқы 
-ың3 
Еліктеу сөз тудыратын 
жылт-ың 
-ың4 
Еліктеу сөзден зат есім 
ыз-ың 
-ыңыз1 
Тәуелдік жалғауы 
аталар-ыңыз 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
47 
-ыңыз2 
Жіктік жалғауы ІІ жақ 
отыр-ыңыз 
-ымды 
Етістіктен сын есім 
қон-ымды 
-ымыз1 
Тәуелдік жалғауы І жақ 
қыз-ымыз 
-ым1 
Етістіктен зат есім 
қыс-ым 
-ым2 
Тәуелдік жалғауы І жақ 
ауыл-ым 
-ый 
Еліктеу сөзден етістік 
тымп-ый 
-ық1 
Етістіктен сын есім 
тол-ық 
-ық2 
Етістіктен зат есім 
қаз-ық 
-ыл1 
Ырықсыз етіс 
айт-ыл 
-ыл2 
Еліктеу сөзден зат есім 
тарс-ыл 
-ыл3 
Есімдерден зат есім 
шу-ыл 
-ыл4 
Есімдерден етістік 
тар-ыл 
-ыс1 
Ортақ етіс 
жаз-ыс 
-ыс2 
Етістіктен зат есім 
айт-ыс 
-ыр 
Етістіктен зат есім 
шұқ-ыр 
-ыра 
Еліктеу сөзден етістік 
бұрқ-ыра 
-ырай 
Еліктеу сөзден етістік 
баж-ырай 
-ырақ 
Сын есімнің шырайы 
қызыл-ырақ 
-ырқан 
Өздік етіс мәнді жұрнақ 
тұш-ырқан 
-ыт 
Есімдерден етістік 
су-ыт 
-ып 
Көсемшенің жұрнағы 
тұр-ып 
-ыш1 
Етістіктен зат есім 
қуан-ыш 
-ыш2 
Зат есімнің рең мәні 
Нұрым – Нұр-ыш 
-І- 
-і 
Тәуелдік жалғауы ІІІ жақ 
үй-і 
-ім1 
Етістіктен зат есім 
біл-ім 
-ім2, -ің 
Тәуелдік жалғауы І жақ 
үй-ім, үй-ің ІІ жақ 
-імді 
Етістіктен сын есім 
сен-імді 
-імпаз 
Етістіктен сын есім 
біл-імпаз 
-іміз 
Тәуелдік жалғауы ІІІ жақ 
үй-іміз 
-іңіз1, -іңдер 
Тәуелдік жалғауы ІІ жақ 
үй-іңіз  
-іңіз2 
Жіктік жалғауы ІІ жақ 
кел-іңіз  
-іңкі 
Етістіктен сын есім 
көтер-іңкі 
-іңкіре 
Етістіктен етістік тудыратын жұрнақ 
сөйле-іңкіре 
-ің 
Туынды еліктеу 
кілт-ің 
-ін1 
Етістіктен зат есім 
түй-ін 
-ін2 
Өздік етіс 
көр-ін 
-ін3 
Ырықсыз етіс (құрамында «л» дыбысы 
болса) 
біл-ін 
-інді1 
Етістіктен зат есім 
түй-інді жіп 
-інді2 
Етістіктен сын есім 
үй-інді 
-інші 
Реттік сан есім  
бес-інші 
-іс1 
Етістіктен зат есім 
кір-іс  
-іс2 
Ортақ етіс 
көтер-іс 
-ік1 
Етістіктен зат есім 
түкір-ік  
-ік2 
Есімдерден етістік 
бір-ік  
-іл1 
Ырықсыз етіс 
кер-іл  

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
48 
-іл2 
Еліктеу сөзден зат есім 
гүр-іл  
-ілдір  
Сын есімнің шырайы 
көг-ілдір  
-ір1 
Өзгелік етіс жұрнағы 
кет-ір  
-ір2 
Етістіктен сын есім 
бүк-ір  
-іре 
Еліктеу сөзден етістік 
желб-іре 
-ірей 
Еліктеу сөзден етістік 
шік-ірей 
-ірек 
Сын есімнің шырайы 
көг-ірек 
-іркен 
Өздік етіс мәнді жұрнақ 
шім-іркен 
-іп 
Көсемшенің жұрнағы 
кел-іп 
-іт 
Етістіктен зат есім 
ки-іт 
-іш 
Етістіктен зат есім 
сүйен-іш 
-ій 
Еліктеу сөзден  зат есім 
кірт-ій 
-із, -гіз 
Өзгелік етіс 
ем-із, ем-гіз 
 
Әдебиеттер 
1 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы: Мектеп, 1974. 
2 Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы, 2002. 
3 Көшербаев Е. Морфологияны оқытуға арналған таблицалар. – Алматы, 1965. 
4  Қазіргі  қазақ  тілінің  сөзжасам  жүйесі.  –  Алматы:  Қазақ  ССР-інің  «Ғылым» 
баспасы, 1989. 
5 Қазақ тілінің грамматикасы. Редакторлар алқасы: М. Балақаев, Т. Қордабаев, 
А. Хасенов, А. Ысқақов. Қазақ ССР-інің «Ғылым» баспасы, Алматы, 1967. 
 
Резюме 
Грамматический  справочник  является  помощником  при  морфологическом 
разборе. Помогает ученику самому, выполнять разбор без затруднений. При помощи 
этого  справочника  ученик  индивидуально  глубже  изучает  все  пройденные  темы  и 
разделы  казхского  языка.  Постоянное  использование  комплексных  разборов 
прививают навыки мышления, развивает речь, повышает грамотность. 
 
Summary 
The  gramatical  reference  about  morphological  analysis  is  considered  in  this  work. 
Morphological  analysis  and  its  ability  to  use  knowledge  of  roof  words  and  affixes  to 
determihe  the  meanings  of  unfamiliar,  morphologically  complex  words.  The  gool  of  this 
work  was  to  invertigate  how  well  children  could  use  morphological  analysis  to  explain 
words  meaning.It  helps  build  children`s  intevest  and  veview  the  Consepts  They  alveady 
know. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
49 
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ 
ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ҮЗДІК 
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ, ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК 
ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР КОНКУРСЫНА ТҮСКЕН ЖҰМЫСТАР 
 
ЗҰЛПАНОВА Ғалия Абдрашовна, 
Мақтаарал гуманитарлық-экономикалық және агробизнес колледжі 
«Экономика» пәнінің оқытушысы, Атакент кенті, Мақтаарал ауданы, 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІЛІМНІҢ КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУДЕГІ РӨЛІ 
 
Білім – бүгінгі күні жалғыз шынайы капитал. Халықтық 
білім беруді дамыту – капитал құрудың ең маңызды 
құралы, ал білімді адамдардың саны, олардың білімдерінің 
сапасы және осы білімдерін қолдануы – елдің байлық өндіру 
қабілетінің ең маңызды көрсеткіші. 
Питер Друкер 
 
«Қазақстан  –  2030»  бағдарламасында:  «Біздің  балаларымыз  білімі  жоғары 
жұмысшылар  мен  фермерлер,  инженерлер,  банкирлер  және  өнер  қайраткерлері, 
мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен биржалардың иелері болады», «Келешектің 
иесі  –  жастар»,  -  делінген.  Сондықтан,  қоғам  талабына  сай,  қоғамды  көркейтетін, 
дамытатын жастарды тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. 
Осыған  орай  маман  қызметінің  мазмұны  жақсарып,  жаңа  мақсат,  жаңа 
шешімдер  мен  мүмкіншіліктерді  қажет  етеді.  Ондай  мүмкіншіліктері  тек  білім 
арқылы келеді. Жеке тұлға тәрбиелеуде жеке мамандықты меңгерген экономикалық, 
эстетикалық  ойлауы  дамыған  күнделікті  мәселелерді  жылдам  шешуге  дағдылану 
болып жас ұрпақты жарқын болашаққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. 
«Баланы  оқыту  мақсаты  –  оны  мұғалімнің  көмегінсіз  әрі  қарай  дамуына 
қабілетті  ету»,  -  деп    Э.Г.  Хаббард  айтқандай,  қазіргі  әлемде  білім  жүйесінің  даму 
процесі: 
- халықтың жалпы сауаттылық деңгейінің өсуімен; 
-  барлық  азаматтардың  кәсіби  біліктілігі  мен мәдениет  деңгейіне  талаптардың 
көтерілуімен; 
- үздіксіз білім беру жүйесінің қалыптасуымен; 
-  жалпы  орта  білім  беруде  оқу  мерзімінің  ұлғаюымен  (12  жылға  дейін) 
сипатталады. 
ХХІ ғасырдағы әлемдік және қазақстандық білім беру жүйесі дамуының негізгі 
басымдықтары: 
Біріншіден  –  білім  сапасын  арттыру;  мемлекеттік  тіл,  жаратылыстану-
математикалық, техникалық пәндерді, шет тілдерін оқыту сапасын жақсарту; 
Екіншіден  –  білімде  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  тиімді 
қолдану, жаңа технологияларды тиімді қолдану, жаңа  технологияларды жасау және 
тарату, инновацияларды өрістеру және ынталандыру; 
Үшіншіден – оқыту, жұмыс орнын дайындау және жұмыс нарығы арасындағы 
өзара байланысты нығайту; 
Төртіншіден  –  мұғалімдер  мен  оқытушылардың  білім  мен  біліктілігін 
жетілдіру; 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
50 
Бесіншіден  –  қоғамдық  ресурстарды,  сондай-ақ  білімдегі  инвестицияларды 
біріктіретін сектораралық қатынастарды тиімді қолдану және т.б. болып табылады. 
Қазақстан  Республикасындағы  экономика  жаңа  қатынастардың  сапалы 
экономикалық  жүйесінде  болуын  талап  етеді  және  оған  сай  экономикалық, 
нарықтық ой қорларының мол болуын қамтиды. 
Экономика  –  материалдық  игіліктерді  өндіру,  айырбастау,  бөлу  және  тұтыну 
үрдісі  кезінде  адамдар  арасында  пайда  болатын  өндірістік  қатынастар.  Ең 
біріншіден,  экономика  бұл  –  өндіріспен  байланысты  барлық  адамзат 
шаруашылығының  қызметін  анықтайтын  қоғамдық  қатынастар  жиынтығы  ретінде 
қарастырылады.  Екіншіден,  экономика  бұл  –  жеке  аймақтың,  мемлекеттердің, 
мемлекеттік  топтың  және  барлық  дүниежүзінің  шаруашылық  іс-әрекеті  болып 
табылады.  Үшіншіден,  экономика  бұл  –  қоғамдық  өмірдің  шаруашылық  саласын 
қарастыратын,  зерттейтін  ғылыми  пән  деп  айтуға  болады.  Экономиканы  ғылым 
ретінде  зерттеп  тану  кезінде  экономика  жайындағы  кешенді,  жалпы  теориялық 
ғылым – экономика теориясы екендігін есте ұстаған жөн. 
Экономика  –  бұл  адамдардың  материалдық  қажеттілігін  қанағаттандырумен 
байланысты,  олардың  кез-келген  қызметі,  іс-әрекетінің  негізі.  Нақтылай  айтсақ, 
экономикалық  теория,  экономиканы  ұйымдастыру  және  реттеу,  баға  белгілеу  және 
ақша  табыстары,  өндіріс  үрдісіндегі  өндіру,  бөлу,  айырбастау  және  тұтыну  қарым-
қатынастарын реттеу мәселелерін шешумен айналысады. Осы сұрақтардың барлығы, 
яғни  экономикалық  мәселелердің  басты  көрсеткіші  болып  табылатын  өндіріс 
шығындарын  аз  жұмсау  арқылы,  игіліктердің  санын  жеткілікті  өндіру  мәселесінің 
негізі  болып  табылады.  Адамдардың  қажеттілігі  қай  игіліктерге  болсын  шексіз,  ал 
осы игіліктерді жасауға қажетті ресурстар шектеулі. Осыдан шығатын қорытынды – 
материалдық  игіліктер  өндірісіндегі  шектеулі  ресурстарды  тиімді  қолдану  арқылы 
адамдардың  қажеттілігін  толық  қанағаттандыруға  бағытталған  нақты  жолын 
іздестіру болмақ. Бұл экономикалық теория пәнінің негізін құрайды. 
Білімділік  қызмет  арқылы  экономикалық  теорияда,  әр  түрлі  маманды 
адамдардың көбі экономикалық мәдениетпен таныса алады. Қазіргі кездегі адамның 
өмірі  экономикамен  тығыз  байланысты.  Тәжірибелік  қызметі,  ұтымды 
шаруашылықтандырудың  тәсілдерін  және  үрдістерін  қалыптастыруға,  ал  ғылыми 
ұстанымда мемлекеттің тиімді саясат жүргізуіне бағытталған. 
Экономикалық  ғылым  –  білім  жиыны,  қоғамда  үстемдік  ететін  шаруашылық 
идеологиясының  негізгі  құрамы  және  экономикалық  ойлауды  қалыптастырушы. 
Экономикалық  теория  оқу  пәні  ретінде  негізгі  төрт  бөлімді  біріктіреді. 
Микроэкономикада  талдаудың  негізі  ретінде  ең  кіші  шаруашылық  бірлігі  –  үй 
шаруашылығы, жекелеген фирма, бірлестік т.б. қарастырылады. 
Макроэкономикада 
елдің 
экономикасы 
біртұтас 
зерттеледі. 
Макроэкономиканың  нысандары  болып  қоғамның  табысы  мен  байлығы, 
экономикалық  өсудің  қарқыны  мен  факторлары  т.б.  категориялар  қаралады. 
Макроталдау  инфляция  мен  жұмыссыздықты  реттеу,  іскерлік  белсенділікті 
ынталандыру, халық шаруашылық проблемаларын шешуге бағытталған. 
Мезоэкономика  –  ұлттық  экономиканың  белгілі  бір  ішкі  жүйелерінің  немесе 
халық шаруашылығы  салаларының ӘӨК, аймақтық  экономика т.б. жұмыстары  мен 
заңдарын зерттейді. 
Біріншіден,  экономикалық  теория  адамдар  арасындағы  байланысты  және 
өндірістегі тәртіпті, тауар мен қызметті айырбастау кезіндегі, шектеулі ресурстарды 
пайдалану  тәсілін,  материалдық  және  материалдық  емес  өнімдерді  қоғам 
мүшелерінің пайдалануын зерттейді. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
51 
Екіншіден,  саяси  экономияның  зерттейтін  нысаны  –  шектеулі  ресурстар 
жағдайында  материалдық  игілікті  өндіру,  айырбастау,  бөлу  және  тұтыну  кезіндегі 
адамдар арасындағы қарым-қатынасты қарастырады. 
Үшіншіден,  шаруашылықты  басқару,  жүргізу  ережесін  сақтауды,  сонымен 
қатар  саяси  проблемаларды  да  қарастырады.  Мысалы,  мемлекет  жұмыссыздарға 
төлемақы төлей ме, жұмыс істемейтін аналарға көмектесе ме, конверсиялауға дауыс 
бере ме және басқалар. 
Экономика  кәсіпкерлікке  қатысты  сұрақтарға  да  жауап  береді,  неге  биржалар 
көп, ақшаны банкіге салу тиімді ме т.с.с. 
Н.Ә.  Назарбаевтың  «Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан»  атты  жан-жақты 
экономикалық  талдауында  көтерілген  болатын.  Ондағы:  «Білім  реформасының 
басты көрсеткіші – біздің еліміздің белгілі бір бағытта білім алған және біліктілікті 
меңгерген  әрбір  азаматының  әлемнің  кез  келген  елінде  қажет  маман  ретінде 
танылатын денгейге жету»,  - деген талаптарын білім беруді нәтижелерін анықтауға 
тікелей қатысты деп айтуға болады. 
Еліміздің  әлеуметтік-экономикалық  даму  заңдылықтарын  нақты  сипаттайтын 
болғандықтан  және  біз  өмір  сүретін  қоғам  болғандықтан,  біздің  ешқайсымыз  да 
экономиканы  өмірден  бөліп  қарап  немесе  экономикалық  білімсіз  өмір  сүре 
алмаймыз. 
Экономика  мен  қаржылық  сауаттылықты  оқыту  барысында  кәсіптік  бағдар 
беру 
арқылы 
адамның 
жеке 
тұлғасы 
(еңбексүйгіштік, 
жауапкершілік, 
орындаушылық,  үнемшілдік,  белсенділік,  іскерлік,  тәртіптілік)  дамиды.  Сондай-ақ, 
экономикалық  білім  саласында  адам  өмірден  өз  орнын  табуға,  шешім  қабылдауға, 
әл-ауқатын жақсартуға жағдай жасауға бағытталып отырады. 
Кәсіби бағдар мен экономикалық мәдениетті қалыптастыруда адам белгілі бір 
еңбек, іс-әрекетті санасына ендіруге ұмтылу болып табылады. Тәрбиелік міндеттері: 
өз  қабілетін  бағалау  арқылы  түрлі  кәсіби  мамандықтарға  қызығушылықтарын 
қалыптастыру: адам еңбек пен материалдық және рухани құндылықтарды жасайды, 
сонымен  бірге  өзі  де  жетіледі;  көздеген  мақсатқа  жетудегі  тұрақтылық, 
шыдамдылықты  дамыту;  экономикалық  білім  негіздеріне  жетудегі  ұмтылысты 
дамыту, т.б. 
Әрбір адам көп қырлы экономикалық қатынас арқылы басқалармен байланыста 
болады.  Қазіргі  нарық  кезеңінде  колледждерде  экономика  пәні  өте  қажет-ақ.  Шет 
мемлекеттерде  экономика  негіздері  балабақшадан  бастау  алса,  елімізде  бастауыш 
сыныптардан  бастап  дамып  келеді.  Экономика  білім  саласы  қазіргі  таңдағы 
жаңалықтармен,  дүниежүзілік  ақпарат  көздерімен  тығыз  байланыста  болғандықтан 
және де бұл пән өмірде қажетігіне байланысты оқушылардың қызығушылығы, ынта-
жігері көптеп табылуда. Экономикалық пәннің тағы бір ерекшелігі – адамзат дамуы 
үшін, белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін, өзінің ішкі қабілеттерін дамытуға және 
де экономикалық ойлаумен қатар, қоғамға араласуға, табиғи дарындылықпен қатар, 
тез  шешім  қабылдап,  ойлау  қабілетін  дамытуға  және  бизнес  этикасы  мен  табысты 
бизнес қадамдарын жасауға үлес қосады. 
Еліміздегі  экономика  пәнінің  мақсаты  –  жастарды  болашақта  лайықты  өмір 
деңгейіне, кәсіптің биік шыңына көтерілу үшін бизнес пен экономикаға үйрету, жеке 
кәсіпкерлікті бағалауға ынталандыру мен нарықты зерттеу. Оқушылардың лидерлік 
қабілетін  дамытуға,  іскерлікке,  жауапкершілікке,  өз  қаражатын  білуіне  немесе 
қаржылық есепті меңгеру ісінде сауаттылығын дамытуға да пайдасы зор. 
Қазақстан  экономикасын  әртараптандыру  жаңа  капитал  түрін,  жаңа 
құндылықтарды  құру,  экономикалық  білімге  азаматтардың  қатысу  формасын 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
52 
кеңейту  үшін  мүмкіндіктер  туғызады.  Еліміздің  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев: 
«Қазақстанның  болашағы  –  бүгінгі  жастар,  сіздер  оларға  қалай  білім  берсеңіздер, 
Қазақстан сол деңгейде болады», - деген еді. 
Қазіргі  таңдағы  басты  міндеттердің  бірі  –  жастарды  саналы  түрде  бір  кәсіпке 
бағыттап,  мамандықты  дұрыс  таңдауы.  Сондықтан  кәсіптік  бағдар  беру  жұмысын 
үлкен  жауапкершілікпен  жүргізу  –  өмір  талабы.  Осыған  орай  ұжымдағы  әрбір 
оқытушы  оқушының  бойындағы  қабілетті  аша  білуіне  және  дербес  тұлға  болып 
қалыптасуын  қамтамасыз  етуге  жауапты.  Өйткені,  кәсіпті  дұрыс  таңдау  адамның 
адамгершілік  қасиетін  өтеу  емес,  ол  жоғары  еңбек  өнімділігі,  шығарылатын 
өнімдердің жоғары сапалылығы, өз ісіне шын берілуі, істі нарыққа кәсіпке бейімдеу 
және кәсіпке оқыту негізінен технология білім саласы бойынша жүзеге асырылады. 
Экономика  сабақтарында  оқушылар  жан-жақты  дүние  талпынысын  қалыптастыра 
отырып, кәсіпті меңгертуі керек. Экономикалық білім беру барысында оқытушылар 
тәжірибемен ұштастыра отырып үйретуге, қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке белсене 
қатысуға жол ашады. 
Кәсіптік  бағдар  беру  жөнінде  іс-шаралар  жүргізілгеннен  соң,  олардың 
тиімділігін  тексеру  жұмыстары  жүргізіледі.  Қазіргі  кездері  жағдай  өзгеріп,  осы 
уақытта  оқыған  оқушыларды  кәсіптік  оқыту  мен  кәсіптік  бағдар  беруде  бірнеше 
мәселелер пайда болды. 
Сонымен  кәсіптік  бағдар  беру  дегеніміз  –  педагогтардың,  психологтардың, 
дәрігерлердің  және  басқа  да  қызметкерлердің  қоғамның  қажеттілігіне  қарай  әрбір 
оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығушлығы мен 
қабілеттілігін қалыптастыруға, мақсатты атқарылатын жұмыс. 
Еліміздің  экономикалық  жүйесі  шаруашылықты  жүргізудің  жаңа  формалары 
мен  әдістерін  стандартты  емес  экономикалық  формулалар  мен  арақатынастарды 
енгізу,  қолданбалы  экономикалық  ойлаудың  тууы  мен  қалыптасуына  байланысты 
сапалы  өзгерістерді  басынан  кешіруде.  Осыған  байланысты  экономикалық 
реформалардың қоятын басты талабы жоғары кәсіби дамыған тұлғаны тәрбиелеу. 
ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Қазақстан 
Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  атап  көрсеткендей,  «осы  заманғы 
білім  беру  жүйесінсіз  әрі  алысты  барлап,  кең  ауқымды  ойлай  білетін  осы  заманғы 
басқарушыларсыз инновациялық экономиканы құра алмаймыз». 
Бүгінгі  таңдағы  қоғам  кәсіби  білімі  жетік,  құзіретті,  бәсекеге  қабілетті 
мамандарды,  кәсіп  иелерін  талап  етеді.  Сондай  білімді  мамандарды  даярлауда, 
білікті де білімді ұстаз қажет-ақ. Ол үшін экономикалық білімі жоғары, жан-жақты, 
қоғамның,  экономиканың  көтерілуіне  ықпал  ететін  құзіретті,  ақпараттық 
технологияларды  жетік  меңгерген  оқытушы  болуы  тиіс.  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев: 
«Білімді,  сауатты  адамдар  –  бұл  ХХІ  ғасырда  адамзат  дамуының  негізгі  қозғаушы 
күші»,  - деуінің өзі  – үлкен көргендіктің белгісі.  Оқытушы кәсіби біліктілігін жаңа 
бағытта  арттырып,  білім  мазмұнын  жаңартып,  тиісті  әдіс-тәсілдерді  қолданып, 
әдістемелік негіздерді қалыптастыруы керек. Білім берудің дәстүрлі  технологиясын 
қолдану,  алдымен  студенттердің,  мысалы,  экономика  және  онымен  іргелес 
ғылымдар  саласы  бойынша  білімдерді  экстенсивті  жинақтауымен  ғана  байланысты 
болады.  Бірақ  өте  кең  көлемдегі  оқу  және  ғылыми  мәліметтерді  меңгеру  қазіргі 
әлеуметтік-экономикалық  жағдайда  болашақ  мамандардың  кәсіби  және  өмірлік 
қалыптасуы үшін жеткілікті шарт болып есептелмейді. 
Қазақстанның  әлеуметтік-экономикалық  даму  мақсатын  жүзеге  асыруда 
кәсіптік  білім  беретін  оқу  орындарында  бәсекелестікке  қабілеті  бар  болашақ 
мамандарға әртүрлі өндірістік салаларға даярлау деңгейі білім беру жағдайларымен 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
53 
анықталады.  Қазіргі  таңда  жан-жақты  маман  даярлау  олардың  әлеуметтік,  кәсіптік, 
өздік жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді. Себебі, әлеуметтік сала 
экономикасын  дамыту  осы  болашақ  мамандардан  төмендегідей  шарттардың 
орындалуын талап етеді: 
- жүйелі ойлауды; 
- құқықтық ақпараттық мәдениетті; 
- кәсіпкерлік мәдениетті; 
- өзін-өзі тануды; 
- басқаларға ұсынуды; 
- өз қызметін білімді талдауды; 
- жаңа білімді; 
- нано технологияларды меңгеруді; 
- кейбір өндірістік жағдайларда өз бетімен дұрыс шешім қабылдауды; 
- бәсекелестікті және өмір талаптарына сай қызмет етуді
- әр іске жауапкершілікпен қарауды; 
- нәтижеге бағытталған істерді жасауды. 
Білім  ордасында  студенттер  арнайы  пәннің  өздеріне  керек  және  маңызды 
екенін  сезінуі  керек.  Мамандықтар  бойынша  арнайы  пәндер  арқылы  білім  беру 
мемлекеттік 
білім 
стандарттары 
негізінде 
құрылған 
типтік 
жұмыстар 
бағдарламалары,  оның  негізінде  дайындалған  оқу,  жұмыс  бағдарламалары, 
тақырыптық-күнтізбелік  жоспарлар,  оқу-әдістемелік  кешендер,  электрондық 
оқулықтар,  жаңа  ақпараттық-технологиялар,  тірек-сызба,  сын  тұрғысынан  ойлау, 
рефлексия әдістері қолданылып келеді. Мұның барлығы маман моделінің нарықтық 
экономикада қажеттілігін тұрғызуға бағытталуы негізделеді. 
Қорыта  айтқанда,  кәсіби  даярлықта  әрбір  кәсіптік  оқу  пәнінің  білім  мазмұны 
мен әдістемелік жүйесі негізінде жеке тұлғаға қойылатын кәсіби деңгейін, нәтижеге 
бағытталған  сауаттылық  шешімін  табу  керек.  Өйткені  кәсіби  даярлықта  педагогке 
қажетті  кәсіби  құзыреттіліктерді  және  де  экономикалық  білімді  толыққанды 
меңгерген  оқытушы,  студентті  оқытуда,  білім  алу  нәтижесіндегі  құзыреттіліктерді 
сапалы меңгерте алатыны сөзсіз. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет