Үзік сөз сөз алладан шықҚан бу (Шаһкәрім)



бет6/69
Дата01.11.2023
өлшемі1,55 Mb.
#121245
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Байланысты:
Абай поэтика

Буынсыз тілің,
Буулы сөзің,
Әсерлі адам ұғлына.
Кісінің сөзін
Ұққыш-ақ өзің,
Қисығын түзеп туғрыға.
Сезімпаз көңіл
Жылы жүрек.
Таппадым деп түңілмес.
Бір тәуір дос
Тым-ақ керек,
Ойы мен тілі бөлінбес.
Мәтінді үзбей, толық береміз. Бұл біз үшін принципті мәселе деп пайымдаңыз. Мәтіндегі «буулы сөз», «сезімпаз көңіл», «жылы жүрек» тіркестеріндегі буулы, сезімпаз (әсемпазбен салыстыруға болады), жылы сөздерінің мағыналары халықтық жалпы қолданыстағы мағына арқылы уәжделе жұмсалып, жаңа семантикалық мән алады. Авторлық таным мен прагматика сөздердің осы қолданысы арқылы жаңа мағына ұсынып, оның таңбалық сипатын атау сөздердің ауыс мағыналары арқылы бейнелеуді қалайды. «Буынсыз тіл» қолданысы тілімізде бар. Халық қолданысында «тілде буын жоқ» деген мәтел бар. Ал «буулы сөз» Абай тілінде бірінші рет жұмсалып, жеке сема арқалап, сөз мағынасы жаңаша түрленеді. Сөздің әуелгі мағынасына жаңа когнитивтік мән жамалды, яки белгілі бір объективті заттың (жіптің, арқанның) буылуы бар да, «сөздің буылуы» бар болатындай, абстрактілі мән себіліп, сөз мағынасы метафоралық сипатқа ие болып, екіге жіктелді. Тыңдаушы немесе оқушы жадында бұрыннан сақталған канондық код бұл референтті белгілі нысанға қатысты таниды да, сол арқылы екінші мағынасын уәждеп, семантикалық код арқылы «буулы сөз» мағынасын нақты да толық анықтап түсіне алады.
«Сезім» атауы арқылы уәжделген «сезімпаз» сөзінің де мағынасын осылайша әдіптеуге болады. Қазіргі тілдік қолданысқа «сезімтал» ретінде енген тұлғаның бір дублетті қалпы ретінде парадигмалық қатар құрап, авторлық қолданыста тұр.
Абай қолданысындағы сөздердің мағыналық дамуы тілдік тұлғаның ішкі таным дүниесіндегі нақты ойдың көрінісі ретінде анықталады. Сөз мағынасындағы өзгеріс тілдік тұлғаның сол сәттегі эмоциялық көңіл-күйімен де тікелей байланысты болып, прагматикалық параметрлердің жүзеге асуына мүмкіндік туғызады. Осы реттен де, сөз мағынасының өзгеруі мен жаңаруында прагматика когнициямен іштей қабысып жатады. Сөз мағынасының айқын түсінікті болуы контекстке байланысты.
Буынсыз тілің,
Буулы сөзің,
Әсерлі адам ұғлына.
Бұл шумақтағы «буулы сөз» тіркесінің мағынасы «түйінді сөз» мағынасында жұмсалған, оны осы тіркестен кейін келетін «әсерлі адам ұғлына» пропозициясын айқындай түсіп, лебіз мәнін аша түседі. Прагматикалық зерттеулерде көп айтылатын контекстің құдіреті де, қасиеті де осында жатыр. Ол әр сөздің қай мағынада қолданып тұрғанын нақтылап, бір сөз екінші сөзді сәулелендіріп, оның мағынасына жарық түсіріп тұрады. Оқырманға әсер ететін «буулы сөзің» яғни түйіндеп, тұжырымдап айтылған сөзің мен буынсыз тілің.
Прагматизм тұжырымдамасының негізін американдық философ Чарльз Пирс (1839—1914) қалаған-ды. Өзі математик, өзі астроном, өзі химик ретінде есімін тарихқа жазған ұлы ғалымның көзі тірісінде жарияланбаған символикалық логикаға, философияға қатысты зерттеулері кейін белгілі болып, батыстық ғылымда жақсы бағаланды да, прагматизмнің негізін қалаушы ретінде танылды. Ч. Пирс прагматизм бағытының бағдарламасын жасап, осы терімсөзді өзі ұсынып, жүйеге салған. Пирстің тануынша, прагматизм «лаборатория рухы» болуы керек те, кез келген ғалым өзі жасаған ғылыми ізденісін шындық өмірмен байланыстыруы қажет. Өзі жасаған ғылымын өмірмен байланыстырған ғалымдар ретінде Кантты, Берклиді, Спинозаны атайды [Пирс,Ч.С. Избранные философские произведения. -М.: «Логос», 2000. -448 с.].
Чарльз Пирстің логикалық зерттеулерінде семиотика ілімінің де негізі қаланған. Семиотика тарихын зерттеуші ғалымдар Ч.С. Пирс, Ф. де Соссюр и Ч. Морристі осы саланың алғашқы негізін салушылар ретінде санайды. Ол иконалардағы символдардың мәнін шындық болмыспен байланыстыра зерттеген де, ұғымның терең мазмұнына үңілген. Сөйлем құрылымын талдау барысында өзіміз жиі қолданатын «субъект», «предикат», «байланыстырушы тұлғалар» терімсөздерін алғаш қолданған да, байланыстырушы тұлғалар арқылы берілетін қарама-қарсылық мәнді анықтаған да осы ғалым. Қалай болғанда да, жазған-сызған дүниеңнің қағаз бетінде шимай болып қалмай, елдің бір кәдесіне жарағанына не жетсін. Абайдың ғылыми бағытымен, жолымен алға жылжысақ, ой анық, сөз нақты болғаны жөн. Анықтық пен нақтылық Абай өлеңдеріне толықтық, бүтіндік береді. Ал бүтіндік ішкі гармонияны құрап, ұлылыққа жеткізеді.
Ой анықтығы мен ойлаудың туралығы өзіміздің күнделікті ісімізден, тәжірибемізден де көрінісін тауып жатуы басты қажеттілік. Сонда ғана шығармашылық ізденіс тереңдеп, гармонияға ұласады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет