Зырян қаласының мектеп – лицейі ” кмм қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: А. З. Кикумова Тақырыбы: «Қазақ тілі сабақтарында қолданатын әдіс тәсілдер»



бет4/5
Дата16.03.2023
өлшемі27,96 Kb.
#74726
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
«Қазақ тілі сабақтарында қолданатын әдіс - тәсілдер»

Талқылаудың мақсаты - оқу бойынша қорытынды жүргізу, оқуды біріктіру, келесі деңгеймен байланыстыру және олардың қалай оқитынын белгілеу. Мысалы: «Сыныптан шығуға билет», «Жұмбақ сөздер», «Ыстық орындық», «Өз миыңды суретте», «Бір минут қана» әдістері оқушыларды тек қана жетістікке жетелейді.


Дидактика ілімі бойынша оқытудың интерактивті әдістеріне мыналар жатады:
Пікірсайыс әдісі;
Ми шабуылы;
Эвристикалық немесе «Сократ» әдісі;
«Дөңгелек үстел» әдісі;
Іскерлік рөлдік ойындар;
Драмалау.
Орыс сыныптарында қазақ тілін үйретуде іскерлік, рөлдік ойын түрлерін қолдану, диалог, монолог, сұхбат, сұрақ – жауап, көрініс қою, тақпақ оқу, ән айту, мәнерлеп оқу, жұмбақ , сөзжұмбақ шешу, пікір айту, пікірсайыс, тірек схемасын пайдаланып, жүйелі түрде әңгімелеу, Эвристикалық немесе «Сократ», «Дөңгелек үстел», «Ми шабуылы» т.б. әдіс-тәсілдерді сабақта пайдалану, оқушының басқа тілді үйрене алмаймын деген сенімсіздігін сейілтіп, тілді үйренуге ынтасын арттыратынын өз іс–тәжірибемнен күнделікті жұмыс барысында байқаймын.
Шығармашылықты дамытуда ерекше орын алатын жұмыстың бірі- әңгіме құрастыру. Бұл жұмыс түрі алдымен ауызша жүргізіледі,кейін оқушылар өз ойын, қиялын қағаз бетіне түсіруге жаттығады. Әңгіменің мазмұны күнделікті өмірдегі қоршаған құбылыстардан бастала отырып, оқушылардың қиялын, арманын суреттейтін тақырыптарға дейін қамти алады. Мұғалімнің негізгі мақсаты - оқушыға әңгіменің тақырыбын таңдауға бағыт беру, оқушы қиялын дамытуға мүмкіндік жасау.
Алайда мұғалім өзінің тек бағыт беруші екенін естен шығармауы тиіс. Шығармашылықпен іздене білген мұғалім болашақта өзіндік көзқарасы толық қалыптасқан, дүниетанымы кең, білім, білік, дағдысы жоғары,бәсекеге қабілетті жас жеткіншекті тәрбиелей алады.
Топтық жұмыста күтілетін нәтиже: 
1.Инновациялық әдіс-тәсілдердің тиімділігін түсінеді; 
2. Инновациялық әдіс-тәсілдердің жұмысты жақсартуға ықпалы тиетінін біледі; 
3.Инновациялық әдіс-тәсілдердің нәтижеге бағытталғандығын түсінеді; 
4.Өз жұмыстарына рефлекция жасай алады; 
5.Топпен жұмыс жасай отырып ынтымақтастық ортасы құрылады, болашақта бірлесіп жұмыс жасауға ынталы болады 
Орыс сыныптарында қазақ тілін үйретуде іскерлік, рөлдік ойын түрлерін қолдану, диалог, монолог, сұхбат, сұрақ – жауап, көрініс қою, тақпақ оқу, ән айту, мәнерлеп оқу, жұмбақ , сөзжұмбақ шешу, пікір айту, пікірсайыс, тірек схемасын пайдаланып, жүйелі түрде әңгімелеу, т.б. әдіс-тәсілдерді сабақта пайдалану, оқушының басқа тілді үйрене алмаймын деген сенімсіздігін сейілтіп, тілді үйренуге ынтасын арттыратынын өз іс–тәжірибемнен күнделікті жұмыс барысында байқаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет